Almaty_akimdigi
5.62K subscribers
13.7K photos
1.68K videos
66 files
5.6K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматы метросында жол жүру ақысын биометрия бойынша төлеу енгізілді

🚇 Алматы метросында Face Pay инновациялық жүйесі іске қосылды! Енді жолаушылар смартфон немесе төлем картасын пайдаланбай, жол ақысын бет-әлпет арқылы төлей алады.

Ол үшін «Face Pay төлемі» турникетіне барып, камераға қарасаңыз болғаны. Жол ақысы Halyk қосымшасындағы «Төлемдер» бөліміне тіркелген банк картасынан алынады.

Жол ақысын төлеудің бұл ыңғайлы әрі қауіпсіз әдісі жасанды интеллектке негізделген. Екі бекетте сәтті тексерістен өткесін жүйе барлық метро бекетінде іске қосылады.

«Әсіресе, бұл әдіс метрода қарбалас шақта тиімді, уақыт үнемдейді. Бұған қоса, жолаушылар бұрынғы төлем әдістерін де қолдана алады», - деді Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жаңабек.

#қызықтыфакт
Метрода күн сайын 100 мыңға жуық жолаушы қатынайды. Жыл басынан бері 11 млн, ал 2023 жылдың осы кезеңінде 10,3 млн жолаушы метро қызметін пайдаланған екен.
🌟 #Алматы #метро #FacePay

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Крупный строительный объект на проспекте Достык, 170/1, в Алматы подлежит сносу по решению суда

Строительство начато еще в 2005 году, но было заморожено на несколько лет. Позднее новый собственник продолжил работы без согласованного проекта и разрешений, возвел незаконные торговые объекты.

Управлением градостроительного контроля подан иск в Медеуский районный суд, который удовлетворил требования. Алматинским городским судом решение первой инстанции оставлено без изменения.

Также был подан иск на снос незаконных торговых павильонов, и решение суда исполнено, павильоны снесены.

С прошлого года усилиями управления было снесено 36 незаконных объектов, включая бизнес-центры, рестораны, пристройки, автосервисы, а также крупные жилые комплексы. Ранее аким города Ерболат Досаев поручил усилить контроль за незаконным строительством.

#Алматы #ГрадостроительныйКонтроль

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыдағы Қарғалы өзенінің жағалауында бірегей саябақ пайда болады

🌿 Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңартылып жатқан Қарғалы өзенінің жағалауындағы жұмыс барысын көріп қайтты. Ұзындығы 7,7 км учаскеде жаяу жүргіншілер аймақтары жабдықталады, жарық жүргізіледі, көпірлер, балалар және спорт алаңдары құрылады.

Реконструкция жағалауды бірегей табиғи саябаққа айналдырады. Мұнда өзен арнасы тазаланып, 3 мың ағаш отырғызылады, 3,8 гектардан астам жер көгалдандырылады.

Балаларға арналған құммен ойнайтын жер мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған үстел-орындығы бар демалыс аймақтарын құру жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы тұрғындардың жайлылығы үшін жаяу жүргіншілер жолдарын салуды, өзен арнасын зерттеуді аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, қызығушылығы мен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарында инклюзивті элементтерді қарастыруды атап өтті.

Барлық жұмыстар биыл жыл соңына дейін аяқталады.

#факт
Жетісу ауданындағы Есентай өзенінің жанында ұзындығы 1200 метр болатын тағы бір жағалау салынып жатыр🌳 #

#Алматы #қалалықсаябақ #қайтақұру
Almaty_akimdigi
Алматыдағы Қарғалы өзенінің жағалауында бірегей саябақ пайда болады 🌿 Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңартылып жатқан Қарғалы өзенінің жағалауындағы жұмыс барысын көріп қайтты. Ұзындығы 7,7 км учаскеде жаяу жүргіншілер аймақтары жабдықталады, жарық жүргізіледі…
В Алматы появится уникальный парк на набережной реки Каргалы

🌿 Аким Алматы Ерболат Досаев провел проверку реконструкции набережной реки Каргалы. На участке длиной 7,7 км будут обустроены пешеходные зоны, установлено освещение, созданы мостовые переходы, детские и спортивные площадки.

Реконструкция превратит набережную в уникальный природный парк. Здесь проведут очистку русла реки, посадят 3 тыс. деревьев, озелененят более 3,8 га.

Планируется создание песочниц и водных зон для детей, а также зон отдыха для родителей с лавочками и столами.

Глава города поручил построить пешие тропинки для комфорта горожан, завершить обследование русла реки. Также он указал предусмотреть инклюзивные элементы на детских площадках, чтобы обеспечить доступность для детей с разными особенностями и потребностями.

Все работы завершат к концу этого года.

#факт
Еще одну набережную протяженностью 1200 метров строят в Жетысуском районе у реки Есентай.🌳

#Алматы #городскойпарк #реконструкция

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматы әкімі №9 мектепті күрделі жөндеуді жеделдетуді тапсырды

🏫 Ерболат Досаев 50 жыл бұрын салынған №9 мектептің күрделі жөндеу барысын тексерді. 2023 жылдың ақпанында басталған жұмыстар бір жылдан соң аяқталуы керек еді, бірақ мердігерлер уақытынан кешікті. Бүгінде жұмыстың 85% біткен.

🛠 Осыған байланысты құрылыс басқармасы мердігерден айыппұл өндіріп, оны жауапсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді.

🌳 Қазір аумақты абаттандыру, спорт залы мен асхананы безендіру, сондай-ақ бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі датчиктері орнатылып жатыр.

📚 Әкім жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, кіреберісті кеңейтуге, арық жүйесін құруға және спорт стадионын қайта құруға назар аударды.

#Алматы #КүрделіЖөндеу #Мектеп9 #Білім 

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Almaty_akimdigi
Алматы әкімі №9 мектепті күрделі жөндеуді жеделдетуді тапсырды 🏫 Ерболат Досаев 50 жыл бұрын салынған №9 мектептің күрделі жөндеу барысын тексерді. 2023 жылдың ақпанында басталған жұмыстар бір жылдан соң аяқталуы керек еді, бірақ мердігерлер уақытынан кешікті.…
Ускорить капитальный ремонт школы №9 поручил аким Алматы

🏫 Ерболат Досаев проверил ход капремонта школы №9, построенной более 50 лет назад. Начатые в феврале 2023 года работы должны были уже завершиться, однако подрядчики запоздали. На сегодня выполнено 85% работ.

🛠 Из-за этого управление строительства подало иск в суд на подрядчика о признании его недобросовестным с взысканием штрафа.

🌳 Тем временем идет благоустройство территории, отделка спортзала и столовой, а также установка видеонаблюдения и датчиков пожарной безопасности.

📚 Аким поручил ускорить ремонт и завершить его до начала нового учебного года. Он также обратил внимание на расширение входной группы, создание арычной системы и переустройство спортивного стадиона.

#Алматы #Капремонт #Школа9 #Образование 📝

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады

📚 Алматыда кітапхана ісін жаңғырту жалғасып отыр. Тағы бір кітапхана тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Қазір қаланың үш мекемесі 24 сағат бойы оқырмандарды қабылдауға дайын.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы және Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 2023-2024 оқу жылында оқырмандарды алғаш рет тәулік бойы қабылдады. 24/7 режиміндегі үшінші кітапхана Абай даңғылы, 141 мекенжайында ашылды.

Бұл жұмыс форматы мектеп оқушылары, студенттер, сондай-ақ докторанттар арасында кең танылған. Өткен оқу жылында келушілер саны айтарлықтай өсті.

Алматы кітапханаларында техникалық база жаңарып, жайлы оқу залдары пайда болды және кітапханашылар Оңтүстік Кореяда, Германияда және Швейцарияда тағылымдамадан өтті.

Кез келген уақытта кітап оқуға, білім алуға келіңіз!

🌟 📖 #Алматы #кітапхана #білім #МемлекетБасшысыныңтапсырмасы
#пилоттықжоба
Almaty_akimdigi
Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады 📚 Алматыда кітапхана ісін жаңғырту жалғасып отыр. Тағы бір кітапхана тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Қазір қаланың үш мекемесі 24 сағат бойы оқырмандарды қабылдауға дайын. Жамбыл атындағы…
Еще одна библиотека в Алматы начала работать в режиме 24/7

📚 В Алматы продолжается модернизация библиотечного дела. Еще одна библиотека перешла на круглосуточный режим работы. Теперь уже три учреждения города готовы принимать читателей в любое время суток.

Городская юношеская библиотека им. Жамбыла и библиотека Центра Alatau Creative Hub – в течение учебного года (2023-2024) впервые принимали читателей в круглосуточном режиме. Третью библиотеку в режиме 24/7 открыли по пр. Абая, 141.

Этот формат работы пользуется огромной популярностью среди школьников, студентов и даже докторантов. В прошлом учебном году число посетителей значительно увеличилось.

Алматинские библиотеки обновили свою техническую базу, создали комфортные читальные залы и обучили своих библиотекарей в Южной Корее, Германии и Швейцарии.
Приходите читать и учиться в любое время!

🌟📖 #Алматы #библиотека #образование #поручениеГлавыГосударства #пилотныйпроект
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жаңа емханалар салынып жатыр

🏥 Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады. Қала әкімі Ерболат Досаев жаңғырту барысымен танысты.

🏢 Ауданы 1547 шаршы метрлік 4 қабатты ғимаратта ішкі жөндеу және әрлеу жұмыстары аяқталып, жиһаз және құрал-жабдық сатып алынып жатыр.

👨‍⚕️ Емхана ауданның 30 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. «Жұмысшылар кенті» және жақын маңдағы шағын аудандар «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша медициналық қызметпен қамтылады. Бұл Алмалы ауданындағы №5 және №8 емхананың жүктемесін азайтады.

📝 Медициналық лицензия алу ғана қалды, санитарлық талапқа сай болу үшін көлік жуу нысаны орналасқан жерді сатып алу қажет.

🌟 Жергілікті тұрғындар емхананың ашылуын күтіп жүр. Алайда жер иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты мәселе сот арқылы шешіледі. Содан кейін емхана пациентті қабылдауға кіріседі.

🏥 Жетісу ауданында тағы екі жаңа – Омаров және Нүсіпбеков көшелерінде емхана ашу жоспарланған. Ол үшін әкімдік ғимараттарды сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

#Алматы #Денсаулықсақтау #Емхана

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok