Almaty_akimdigi
5.75K subscribers
15.1K photos
1.81K videos
66 files
6.19K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жаңа емханалар салынып жатыр

🏥 Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады. Қала әкімі Ерболат Досаев жаңғырту барысымен танысты.

🏢 Ауданы 1547 шаршы метрлік 4 қабатты ғимаратта ішкі жөндеу және әрлеу жұмыстары аяқталып, жиһаз және құрал-жабдық сатып алынып жатыр.

👨‍⚕️ Емхана ауданның 30 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. «Жұмысшылар кенті» және жақын маңдағы шағын аудандар «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша медициналық қызметпен қамтылады. Бұл Алмалы ауданындағы №5 және №8 емхананың жүктемесін азайтады.

📝 Медициналық лицензия алу ғана қалды, санитарлық талапқа сай болу үшін көлік жуу нысаны орналасқан жерді сатып алу қажет.

🌟 Жергілікті тұрғындар емхананың ашылуын күтіп жүр. Алайда жер иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты мәселе сот арқылы шешіледі. Содан кейін емхана пациентті қабылдауға кіріседі.

🏥 Жетісу ауданында тағы екі жаңа – Омаров және Нүсіпбеков көшелерінде емхана ашу жоспарланған. Ол үшін әкімдік ғимараттарды сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

#Алматы #Денсаулықсақтау #Емхана

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok