Almaty_akimdigi
5.62K subscribers
13.7K photos
1.68K videos
66 files
5.6K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматы әкімі №9 мектепті күрделі жөндеуді жеделдетуді тапсырды

🏫 Ерболат Досаев 50 жыл бұрын салынған №9 мектептің күрделі жөндеу барысын тексерді. 2023 жылдың ақпанында басталған жұмыстар бір жылдан соң аяқталуы керек еді, бірақ мердігерлер уақытынан кешікті. Бүгінде жұмыстың 85% біткен.

🛠 Осыған байланысты құрылыс басқармасы мердігерден айыппұл өндіріп, оны жауапсыз деп тану туралы сотқа шағым түсірді.

🌳 Қазір аумақты абаттандыру, спорт залы мен асхананы безендіру, сондай-ақ бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі датчиктері орнатылып жатыр.

📚 Әкім жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, кіреберісті кеңейтуге, арық жүйесін құруға және спорт стадионын қайта құруға назар аударды.

#Алматы #КүрделіЖөндеу #Мектеп9 #Білім 

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады

📚 Алматыда кітапхана ісін жаңғырту жалғасып отыр. Тағы бір кітапхана тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Қазір қаланың үш мекемесі 24 сағат бойы оқырмандарды қабылдауға дайын.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы және Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 2023-2024 оқу жылында оқырмандарды алғаш рет тәулік бойы қабылдады. 24/7 режиміндегі үшінші кітапхана Абай даңғылы, 141 мекенжайында ашылды.

Бұл жұмыс форматы мектеп оқушылары, студенттер, сондай-ақ докторанттар арасында кең танылған. Өткен оқу жылында келушілер саны айтарлықтай өсті.

Алматы кітапханаларында техникалық база жаңарып, жайлы оқу залдары пайда болды және кітапханашылар Оңтүстік Кореяда, Германияда және Швейцарияда тағылымдамадан өтті.

Кез келген уақытта кітап оқуға, білім алуға келіңіз!

🌟 📖 #Алматы #кітапхана #білім #МемлекетБасшысыныңтапсырмасы
#пилоттықжоба