Almaty_akimdigi
5.66K subscribers
14K photos
1.71K videos
66 files
5.74K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы тағы бір кітапхана 24/7 режимінде жұмыс істей бастады

📚 Алматыда кітапхана ісін жаңғырту жалғасып отыр. Тағы бір кітапхана тәулік бойы жұмыс істеуге көшті. Қазір қаланың үш мекемесі 24 сағат бойы оқырмандарды қабылдауға дайын.

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы және Alatau Creative Hub орталығының кітапханасы 2023-2024 оқу жылында оқырмандарды алғаш рет тәулік бойы қабылдады. 24/7 режиміндегі үшінші кітапхана Абай даңғылы, 141 мекенжайында ашылды.

Бұл жұмыс форматы мектеп оқушылары, студенттер, сондай-ақ докторанттар арасында кең танылған. Өткен оқу жылында келушілер саны айтарлықтай өсті.

Алматы кітапханаларында техникалық база жаңарып, жайлы оқу залдары пайда болды және кітапханашылар Оңтүстік Кореяда, Германияда және Швейцарияда тағылымдамадан өтті.

Кез келген уақытта кітап оқуға, білім алуға келіңіз!

🌟 📖 #Алматы #кітапхана #білім #МемлекетБасшысыныңтапсырмасы
#пилоттықжоба