Almaty_akimdigi
5.62K subscribers
13.7K photos
1.68K videos
66 files
5.6K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматыдағы Қарғалы өзенінің жағалауында бірегей саябақ пайда болады

🌿 Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңартылып жатқан Қарғалы өзенінің жағалауындағы жұмыс барысын көріп қайтты. Ұзындығы 7,7 км учаскеде жаяу жүргіншілер аймақтары жабдықталады, жарық жүргізіледі, көпірлер, балалар және спорт алаңдары құрылады.

Реконструкция жағалауды бірегей табиғи саябаққа айналдырады. Мұнда өзен арнасы тазаланып, 3 мың ағаш отырғызылады, 3,8 гектардан астам жер көгалдандырылады.

Балаларға арналған құммен ойнайтын жер мен су аймақтарын, сондай-ақ ата-аналарға арналған үстел-орындығы бар демалыс аймақтарын құру жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы тұрғындардың жайлылығы үшін жаяу жүргіншілер жолдарын салуды, өзен арнасын зерттеуді аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, қызығушылығы мен ерекше қажеттілігі бар балаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарында инклюзивті элементтерді қарастыруды атап өтті.

Барлық жұмыстар биыл жыл соңына дейін аяқталады.

#факт
Жетісу ауданындағы Есентай өзенінің жанында ұзындығы 1200 метр болатын тағы бір жағалау салынып жатыр🌳 #

#Алматы #қалалықсаябақ #қайтақұру