𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.35K subscribers
917 photos
91 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
Кез келген кәлиманы иғробтағанда мына төрт нәрсе қамтылуы керек:
1) عامل
Кәлимаға علامة алып келуші.
2) معمول
Соңында علامة орын алатын кәлима.
3) موْقع
Кәлиманың мағынасын ажыратушы.
(مثل الفاعليّة، والمفعوليّة، وظرفيّة و غيرها)
4) علامة
Кәлимада موْقع - ты білдіруші белгі (харакат).

#grammatıka

https://t.me/taammul
Есімдіктің "الإسم المقصور" деген түрі мәддке тиым салынғандықтан "мақсур" деп аталған. Себебі өзінен кейін һәмза келмеген алифтің (موسى) дыбысталуы һәмза келгендегі (جاء) дыбысталуынан қысқарақ. Мақсур деп аталуының басқа да себептері бар деген сөздер де айтылған.
Иғроб мысалы:
قتَل الفتى الأفْعى بالعصا

#grammatıka

https://t.me/taammul
Есімдіктің "الإسم المنقوص" деген түрі ләм әрпі тәнуин кезінде өшірілуіне байланысты манқус деп аталды. Себебі оның бойында кейбір иғробтың харакаттарын қабылдауда кемістік бар.
Мысалы: القاضي сөзі ال және الإضافة дан бос болған кезде рофғ, жарр иғробында "ي" әрпі өшіріліп "قاضٍ" деп келеді.

#grammatıka

https://t.me/taammul
Бірде наху ілімінің ғалымы Әбу 'Әлқама (رحمه الله) ағасының баласынан әкесінің хәлін сұрайды.
Сонда ол:
- Ол қайтыс болды /مات деп жауап қатады.
Сонда Шейх:
- Себебі неде?/ ما العلة؟ деп сұрайды.
Ағасының баласы:
- Аяқтарын ісік шалды / ورمت قدميْه дегенде
Шейх:
- Қадамаһу / قدماه деп (рофғ хәлінде фағил қылып) айт дейді.
Ағасының баласы:
- Ісік екі тізесіне дейін жайылды / فارتفعت الورم إلى ركبتاه деп қайталайды.
Шейх болса:
- Рукбатайһи / ركبتيْه деп (жарр хәлінде маджрур қылып) айт деп тағы түзетеді.
Сауатсыздығынан шаршаған інісі:
- Ей, Көке! Маған дұға қылыңыз. Сіздің грамматикаңыз маған әкемнің өлімінен де ауыр соқты,- деген екен.
‼️Құрсын сауатты болайық))

#grammatıka #motıvasııa

https://t.me/taammul
Наху ілімі ғалымдарының көпшілігі اسماء الخمسة (бес есімдік) ішіндегі ذو مال (байлық иегері, бай) сөзін мысал қылғанда ذو علم (ілімді), ذو أدب (әдепті) деген сияқты сөздерді келтіруді кұп көрген.

#grammatıka

https://t.me/taammul
Араб тілінде "كان" сөзі әрдайым, үздіксіз деген мағынаны емес, бәлки көп жағдайда дегенді білдіреді.

#grammatıka

https://t.me/taammul
💎Қасиетті Мекке қаласының мүфтиі Саид Ахмад ибн Зәйни Дәхлән (رحمه الله) жазып қалдырған
"фи и'роби жәә-ә Зәйдун/
"في إعراب "جاء زيد"
яғни "Зәйд келді" сөзінің грамматикалық талдауы және соған байланысты басқа да ілімдерді қамти отырып, сұрақ - жауап ретінде жазылған шағын трактат.

💎Ханафи мәзһабы бойынша фиқһ ілімін сол Мекке қаласында Ханафи мәзһабы және хадис ілімі бойынша дәрістер жүргізген Меккелік ғалым Саид Мухаммад әл-Кутбиден (رحمه الله) алған. Көбінде хадис ілімі бойынша дәрістер жүргізген, тіпті ол кісі турасында "әл-Бухари сияқты болды" деген сөздер айтылған. Өте көптеген еңбектері бар. Қазіргі еліміздегі діни ахуалды ескере отырып "الدرر السنيه في الرد على الوهّابيه" және "فتنة الوهّابيه" кітабын атап айтсақ болады. Медина қаласында 1304 ші һ.ж. дүниеден озды. Аллаһ ол кісіні рақым етсін!❤️
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
#grammatıka #ilim

https://t.me/taammul
💎Мүфти Ахмад ибн Зәйн Дәхлән (رحمه الله) бұл жазбасын оқушы балаларға арнағанын кітап басында ашық айтқанымен, біз бұл еңбекте ілімге терең үңілу бар екенін аңғарамыз. Наху, сарф, тәжуид, бәлағаһ, мантық т.с.с ілімдерді қамтыған.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
‼️Оқып шығуға кеңес беремін.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
#grammatıka

https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Audio
‼️"°•.𝕋𝕪𝕞 𝕥𝕪𝕟` 𝕖𝕞𝕖𝕤.•°" каналынан Имам әл-Әнбәридің (رحمه الله) әл-Инсаф фи мәсәйлил-хиләфи бәйнәл-Басриинә уәл-Куфиинә кітабі бойынша басылған аудио жазбаны қабыл алып, бөлісе отырыңыздар.🔊
🎙️Қозғалған мәселелер:
-🌿Исм/الإسْم сөзі асылында қандай сөзден иштиқақ қылынды?
--🌿Куфалық және Басралық ғалымдардың (رحمه الله جميعا) ұстанымдары қандай?
-🌿Олар өз сөздеріне қандай дәлелдер келтірді?
--🌿Басралық ғалымдар Куфалық ғалымдардың көз қарасына байланысты қандай жауаптар қылды?
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
#grammatıka

https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Audio
‼️"°•.𝕋𝕪𝕞 𝕥𝕪𝕟` 𝕖𝕞𝕖𝕤.•°" каналынан Имам әл-Әнбәридің (رحمه الله) әл-Инсаф фи мәсәйлил-хиләфи бәйнәл-Басриинә уәл-Куфиинә кітабі бойынша басылған аудио жазбаны қабыл алып, бөлісе отырыңыздар.🔊
🎙️Айтылған қағидалар:
-🌿Ләфзи зерттеу болған жерде ләфзді ережеге сай сақтау абзал.
-🌿Хәмзәт ут-та'уид/هَمْزَة التَّعْوِيْض "фә/الفاء" кәлимасынан емес, тек қана "ләм/اللام" кәлимасының орнына алмасып келеді (بَنَو-إبْن).
-🌿Қиясқа (ереже) сай болған жағына қарай жорамалдау қиясқа сай болмаған жағынан жорамалдаудан жақсырақ.
-🌿Жеңіл әріпті ауыр әріпке емес, ауыр әріпті жеңіл әріпке алмастыру абзал (سُمَيْوٌ-سُمَيٌّ).
-🌿"Уау/الواو" әрпі сөзде төртінші болып келсе, онда "йа/الياء" әрпіне алмасады (أَسْمَوْت-أسْمَيْت).
-🌿"Уау/الواو" әрпі сукунді болып, өзінің алдыңғы әрпі кәсрәлі болса, онда "йа/الياء" әрпіне ауыстырылады (مِوْزان-مِيْزان).
-🌿Кез келген сөзді "тасғир/التَّصْغِيْر" жасағанда, ол өзінің түбіріне қайтады (إسْم-سُمَيٌّ, أرْض-أُرَيْضَة).
-🌿"Уау/الواو" әрпі мен "йа/الياء" әрпі қатар келіп, алдыңғысы кәсрәлі болса, онда "Уау/الواو" әрпі "йа/الياء" әрпіне алмасады (مَيْوِت-مَيِّت).
-🌿"Уау/الواو" әрпі шетте келіп, өзінің алдына әлиф зәидәһ/ألِف زَائِدَة келетін болса, онда һәмзәһ/همزة әрпіне алмасады (أسْمَاوٌ-أسْمَاءُ).
-🌿"Уау/الواو" әрпі харакалі болып, өзінің алдындағы әріп фәтхалы болса, онда әлиф/ألِف әрпіне алмастырылады (أسْمَاوٌ-أسْمَاا).
-🌿Екі сукунді әлиф/ألِف әрпі бірге (қатар) жинақталмауына байланысты екінші әлиф/ألِف әрпі һәмзәһ/هَمْزَة әрпіне ауыстырылады (أسْمَاا-أسْمَاءُ).
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
#grammatıka

https://t.me/taammul
‼️Жоғарыдағы аудио осы кітап бойынша жазылды.
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
الإنصاف في مسائل الخلاف بين البصريين و الكوفيين للأنباري (رحمه الله)♥️
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
#ilim #grammatıka

https://t.me/taammul
​​▪️━─────≪▪️🔳▪️≫─────━▪️

‼️Грамматисттің баласының тапқырлығына күле отырыңыздар))

💧Бір адам грамматисттің үйінің есігін қағады. Сыртқа баласы шыққанда, одан сұрайды:

- Ей, бала! Әкең (әбәкә, әбикә әбукә,) осында ма?

- Жоқ (лә, ли, лу).

қр. Раби' ул-әбрар.

​​▪️━─────≪▪️🔳▪️≫─────━▪️

Canal: https://t.me/taammul

#grammatıka
▪️━────≪▪️🔳▪️≫────━▪️

🎙️"Егер менің мына аулама (үйіме) қандай да бір адам кіретін болса, онда әйеліме талақ" н/е бір адамға (мысалы көршісіне) "егер сенің аулаңа қандай да бір адам кірсе, әйеліме талақ" деп айтып, кейін сол меңзелген аулаға ант етушінің өзі кірген болса, әйеліне талақ түседі ме?

📔Китәб ул-фуруқ.

▪️━────≪▪️🔳▪️≫────━▪️

Canal: https://t.me/taammul

#fıqh #grammatıka
📔Имам әл-Әнбәридің (رحمه الله) әл-Инсаф фи мәсәйлил-хиләфи бәйнәл-Басриинә уәл-Куфиинә кітабі (800 дей беттен тұратын) бойынша аудио жазба салған едік.

🔹
https://t.me/taammul/362
🔹
https://t.me/taammul/364

‼️Каналымызда араб тілінің грамматикасын белгілі дәрежеде меңгергендер мен енді меңгеріп жүргендердің саны көп болуына байланысты тағы да дәрістер салатын боламыз ин шәә Аллаһ.


Canal: https://t.me/taammul

#grammatıka
🎙️Араб тілі грамматикасының имамдары әл-Жәрми мен әл-Фәрраның (رحمهما الله) арасында орын алған муназара турасында.

📔әл-Инсаф фи мәсәйлил-хиләфи бәйнәл-Басриинә уәл-Куфиинә.

Canal: https://t.me/taammul

#grammatıka
Audio
🎙️Мубтада мен хабарға амал қылушы ('амил) турасында грамматика ғалымдарының әрқандай көзқараста болулары және әр тараптың өз мәзһабына дәлелі және қарсы тараптың олардың дәлеліне жауабы туралы аудио жазба. Сонымен қатар жазбаның басқы жақтарында ұстаздарымның бірі жайлы айтып, мақтанып алдым).

📔әл-Инсаф фи мәсәйлил-хиләфи бәйнәл-Басриинә уәл-Куфиинә.

Canal: https://t.me/taammul

#grammatıka
🎙️Некенің немесе қандайда бір амалдың шарт қылынуына байланысты талақтың түсу уақыты өзгеретіні жайлы.

📔Китәб ул-фуруқ.

Canal:
https://t.me/taammul

#neke #fıqh #grammatıka
‼️ Араб тілі грамматикасының "Наху мир" мәтіні бойынша сызылған кесте. Қажеттеріңізге жарап қалар.

Canal: https://t.me/taammul

#grammatıka
Грамматисттің баласының тапқырлығына күле отырыңыздар))

🖋️Бір адам грамматисттің үйінің есігін қағады. Сыртқа баласы шыққанда, одан сұрайды:

- Ей, бала! Әкең (әбәкә, әбикә әбукә,) үйде ме?

- Жоқ (лә, ли, лу).

📔Раби' ул-әбрар.

Canal:
https://t.me/taammul

#grammatıka