𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.39K subscribers
908 photos
90 videos
7 files
1.96K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
🖋️Құрметті Ұстазымыз, медресеміздің директоры өте терең түсінікке ие. Ол кісіні есіме алсам н/е ол кісі жайлы айтқым келсе, бірден санама "Ол кісі барлық медресе шәкірттерінің әкесі сияқты" деген тұжырым келеді. Себебі, медресенің ішкі-сыртқы шаруаларынан бастап әрбір шәкірттің жеке бас жағдайларына дейін жасайтын қамқорлығына қарап, басқа ой келмейді. Ол кісінің жанарынан-ақ қаншалықты салмақты жауапкершілікті арқалап жүргенін көріп түсінуге болады. Сондай ұстазға шәкірт болып, алдында отыруыма мүмкіндік берген Раббыма ﷻ сансыз мақтаулар болсын! Ол кісі жайлы көп сөз айтсам салмағын түсіріп алатындай болып, мазасызданып кетемін. Бір дәрісте "тәсмияның дәрет алардың алдында айтылуы керектігін" өтіп жаттық. Сонда мен Ұстазымызға "Ұстаз егер басында айтуды ұмытып кетсек, еске түскен уақытта "бисмиЛлаһи фи әууалиһи уә әәхириһи" деп айтсақ болады ма?"-деп сұрақ қойып, курстастарым мен Ұстазымызды бір күлдірген едім). Түсіме де еніп тұрады ол кісі. Аллаһым ﷻ ол кісіні барлық сәтсіздіктерден сақтап, Өз панасында үлкен жетістіктерге жетуіне жәрдем берсін. Әәәмиин!

Ілім ізденушілерге айтқым келетіні кітап аудара алуды негізгі мақсат қылмаңыз. Негізгі мақсат "қайтсем адам боламын" болуы керек. Өміріңізге толықтай дін келмейінше адамдықтың кәмілдігіне қол жеткізе алмайсыз. Ал енді діннің өміріңізге келуі үшін өмірінде діні бар ортамен аралас болу керек. Ұстазынан асып әсер беретін жақыны бар ма шәкірттің? Сол үшін бойлары мен ойлары сүннетпен көмкерілген ұстаздардың алдында отыруға талпыну керек. Жәй сақалдың өзі қаншалықты рөл атқарады. Сол сақалды қыруға көне алған жүректе басқа дерт жоқ деп айта алмайсың.. Әлбетте бұл біржақты қараушылық емес. "Сақалдының да жүрегінде дерті бар" дегіңіз келетінін түсінемін, тіпті естігендей боламын). Бірақ оның сыртқы амалдарға бекем болуы ішкі олқылықтарымен күресіп жүргендігін көрсетеді. Барлығымыз пендеміз. Бірақ барлығымыз пендешілігімен күресушілерден емеспіз. Сондықтан да, діни ұстанымыңызды қалыптастыратын ұстазды таңдауда селқостық танытпаңыз. Аллаһтың ﷻ қалауын тауып бермеген ілім - қасырет. Оны таба алу үшін, Оның ﷻ разылығына негізделген ілімнен сусындану керек.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvatsııa #ilim
🌙السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!

🖋️Құрметтілерім!
Қасиетті Рамазан айының соңғы күніне қарай Аллаһтың ﷻ тауфиғыменен оффлайн дәрістеріміз жемісті аяқталғанын қуана хабардар етеміз. Өздеріңізге мәлім болғандай бұл аралықта бірнеше ай сапарда болдық. Соған қарамастан Аллаһтың ﷻ берген берекетімен, жеңілдігімен біршама кітаптарды бітере алдық. Ол кітаптармен сілтемеге өту арқылы таныса аласыз. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. Раббымызға ﷻ сансыз, риясыз, толассыз мақтаулар мен мадақтар болсын! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa #ilim
🖋️Мүфти Рашид Ридо (رحمه الله):

Дүниенің бар байлығын иемденіп, бірақ ол кісіні көрместен дүниеден өткен адам арманда кетті..

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvatsııa #ilim
🖋️'Умар ибн әл-Хаттабтың (عليه رضوان الله تعالى) 'АбдуЛлаһ ибн Сәләмнен (رضي الله عنه) "Ілім иелері кімдер?" деп сұрағанын 'УбайдуЛлаһ ибн 'Умар жеткізеді. Сонда 'АбдуЛлаһ ибн Сәләм:

- "Білгеніне амал қылушылар" дейді.

- "Ал адамдардың кеудесінен ілімді кетіретін не нәрсе?" деп қайталап қойған сұрағына,

- "Дүниеқорлық (ашкөздік)" деп жауап қатады.

📔Сунән әд-Дәрими.

📌Бұл дерттің зиянынан Аллаһқа ﷻ сыйынып, пана сұраймыз!

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
🖋️Ибн 'Аббас (رضي الله عنه):

Түннің бір сәтінде болсын бірлескен түрде ілім үйрену - оны (түнді) тірілткеннен (ғибадатпен өткізу) жақсырақ.

📔Сунән әд-Дәрими, Муқаддимаһ.

Canal: https://t.me/taammul

#ilim #motıvatsııa
📌Музәкәраһ қылудың маңыздылығы.


🖋️Ибн 'Аббас (رضي الله عنهما):

Бізден хадис естіген уақыттарыңда, оны өзара музәкәраһ қылыңдар.


🖋️'Абд ур-Рахман ибн Әби Ләйлә "Хадисті тірілту - оны музәкәраһ қылу" деп айтты. Сонда 'АбдуЛлаһ ибн Шәддәд "Кеудемде өліп қалған қаншама хадистің тірілуіне себеп болғаның үшін Аллаһ сені рақым етсін!" деді.

📔Сунан әд-Дәрими, Муқаддимаһ.


Ұстаздарымыз (حفظهم الله) өзара музәкәраһ қылуды жиі ескертетін. Әрі оқыту жүйесіндегі ерекшеліктерінің бірі еді. Оны ескеру арқылы алған пайдамыз өте зор. Сондықтан талапкерлерге бұл амалдың құндылығын түсінулері ләзім.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #motıvatsııa
🖋️'Амир әш-Ша'би (رحمه الله):

Ілімнің әшекейі - ілім иелерінің жұмсақтығы.

📔Сунан әд-Дәрими, Муқаддимаһ.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
🖋️Имам әш-Шәфи'и (رحمه الله):

Кім ілімді жақсы көрмесе, ол адамда жақсылық (қайыр) жоқ. Және онымен сенің араңда таныстық та, достық та орын алуы мүмкін емес.

📔Тәуәли әт-тә-нис (توالي التأنيث).

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Ол жолдағы аштықтың үйдегі тоқтық та сезіндіре алмайтын ләззаты бар.. Сағынасың..

📔Сапар жалғыздың жұбанышы.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #motıvatsııa
📔Ирландияның астанасы Дублин қаласынан тараған қолжазба әл-Қадый Әбу 'АбдуЛлаһ әл-Хусайн ибн 'Әли ас-Саймарий әл-Ханафийге (رحمه الله) тиесілі "Мәсәил ул-хиләф фи усул ил-фиқһ" кітабы.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
🖋️әл-Қадый Әбу 'АбдуЛлаһ әл-Хусайн ибн 'Әли ас-Саймари әл-Ханафи (رحمه الله) һ.ж.с.б. 351-ші жылы дүниеге келіп, Бағдад қаласында өмір сүрген. Көптеген биографтар ол кісіні Басра жақтағы Саймара өзеніне тиесілі қылу арқылы ас-Саймарий деп танылған деседі.

🔹Шейхтарының барлығын болмаса да, кейбірін айта кетейін:

🔸Имам, Хафиз, Мухаддис Әбул-Хасан әд-Дәрақутни әл-Бағдади (رحمه الله).

🔸Хорасандық Ханафи мәзһабының білгір имамы әл-Қадый Әбу Насыр ән-Найсабури (رحمه الله).

🔸әрі Имам ас-Саймари жиі мақтап "Адамдар пәтуа беруде, дәріс алуда одан жақсысына куә болмады" деп баға берген, өз заманындағы Ханафи мәзһабының шейхы болған Әбу Бәкір әл-Хауаризми (رحمه الله).

🔹Биографтар ол кісінің өте көптеген шәкірттерін атап кеткен. Себебі ол кісі заманында Ханафи мәзһабының имамы ғана емес, сондай-ақ мухаддис, хафиз, әрі шыншыл риуаятшылдардан болған еді. Тіпті 'Ирактан тысқары жақтардан да келіп ол кісіден пайда алғандар көп болған. Шәкірттерінің де кейбірін айта кетейін:

🔸Ханафи мәзһабының фақиһы болған Илияс ибн Насир ибн Ибраһим әд-Дәйләми (رحمه الله).

🔸Хафиз әл-Хатыб әл-Бағдади әш-Шафиғи (رحمه الله). Бұл кісі имам ас-Саймарийден жалпы саны 400-ге жуық хабар риуаят еткен.

🔸Фақиһ, Мутәкәллим Әбул-Уәлид әл-Бәджи әл-Мәлики әл-Қуртуби (رحمه الله).

🔸Муфассир Әбул-Хасан ән-Найсабури әл-Ханафи (رحمه الله).

🔹Жалпы имам ас-Саймари (رحمه الله) жазып қалдырған үш кітабы бар. Ең танымалысы "Ахбару Әби Ханифәтә уә асхабиһи" деген кітабы. Сосын "Шарху мухтасар ат-Тахауй" деген кітабы бар. Кейін менің оқуға ұсынғым келіп отырған "Мәсәил ул-хиләф фи усул ил-фиқһ" кітабы. Мусанниф кітабында көбіне Шафиғи мәзһабымен болған хиләфті, арасында Мәлики мәзһабымен болған хиләфті зікір қылады. Бірақ Ханбәли мәзһабымен болған хиләфті астарлап болсын зікір етпейді. Сол уақыттары ол кісінің төңірегінде бұл мәзһабтың таралмауына байланысты болуы да мүмкін.

🔹Кітаптың ерекшеліктерінен:

🔸Ханафи мәзһабының мутақаддимдарынан қалған кітаптарға сүйеніп жазылуы. Мысалы Ахмад ибн 'Әли әр-Разидің (رحمه الله) "Усул ул-Джассас" деп танылған "әл-Фусул фил-Усул" кітабы. Бұл кітапты Усул ул-Джассастың мухтасары ретінде қарастырсақ та болады делінеді.

🔸Тағы бір ерекшелігі біздің көптеген усул кітаптарымыз Мәуаранаһрлық ғалымдарымыздан ал, 'Ирактық ғалымдарымыздан усул бойынша қалған мирасымыз өте аз (сирек).

🔸Кітапта аят, хадис, әсәр және тағлилаттарға сүйену көп орын алады. Жоғары жақта айтып өткеніміздей имам ас-Саймари (رحمه الله) мухаддис болды. Сол себепті де мұндағы келген хадис пен әсәрдің көпшілігі мәшһүр, арі сахих болып табылады.

🔸Усул ул-фиқһтағы ихтиляфтар кеңінен қамтылып жазылған кітап Әбу Исхақ әш-Ширазиге (رحمه الله) тиесілі "әт-Тәбсира" болғанымен, Әбу Исхақ әш-Ширази (رحمه الله) "Усул ул-фиқһта талас болған мәселелер жайлы кітап жазуымды қалағанын көргенімде осы кітаптан хабардар болдым" деп айтқанындай осы жанрдағы алғашқы кітап ас-Саймаридің (رحمه الله) кітабы болып табылады.

🔸Әрі имам оның кітабындағы мәнһәджі мен оны жазудағы мақсатын баян қылатын муқаддима (кіріспе) жазбастан бәсмәлладан кейін әмір мен нәһи бабын бастап кетеді).

🔸Имам Мухаммад ибн әл-Хасанның (رحمه الله) әл-Асыл кітабынан басқа кітаптан ашық нақыл қылмайды. Әрі хиляф қылған сөз иелерінде ашық айтпастан "Шафиғилер, кейбір Шафиғилер, кейбір адамдар, адамдардан айтқандар болды, Мутәкәллимдердің көпшілігі айтты" деген сияқты сөздермен зікір қылады.

📌Қысқасы оқып үлкен пайда алуға болатын керемет кітап.

Canal: https://t.me/taammul

#motıvasııa #fıqh #ilim
🖋️Имам әл-Ғазали (رحمه الله):

Ойлан! Айлап немесе жылдап дүние табу жолында қиыншылық пен қорлықты тапқан таянғаныңның (мысалға жиырма жыл бойына) жемісін көремін деген үмітпен мойныңа жүктеп алғаныңдай, азғантай күндеріңді мәңгілік мекендегі демалысқа үміт етіп, ақырет жолында болған машақатты қалайша көтере алмайсың?

📔Бидәят ул-һидаяһ.


‼️Ақырет үшін еңбек қылу жолындағы машақаттарға сабыр қылу күллі мұсылман қауымын қамтығанымен, ілім талап қылушылар ерекше назар салса деймін.


📌Осы жердегі "ойлан" сөзінің арабшасы тә-әммәл/تأمَّل деген сөз. Оның түбірі тә-әммул/تأمُّل (taammul) және ол қарау, зеріттеу, ойлану, толғану деген мағыналарды береді. Каналымыздан атына сай әсер алудасыздар деген үміттеміз.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
🕌Ілім ізденуге жолға шығушы егер ілім үйренуге және отбасын қамтамасыз етуге шамасы жетсе, онда екеуін бірдей қамту әлбетте абзал. Ал егер, біреуін таңдау керек болса, онда отбасының ақысын жоғары қояды. Ата-анасы үшін қорықса (қараусыз қалады деп) да ілім ізденуге шықпайды.

📔әт-Татарханияһ.


📌Бұл алыс жаққа ілім үшін сапар шегуге байланысты. Қазіргі уақытта сауатты дін қызметкерлерінің көбейіп, жер-жерде дін тарату мақсатында мешіттерде отырғанына байланысты, одан қалды көптеген пайдалы кітаптардың жазылуы мен басқа тілден аударылуы және әлеуметтік желілер арқылы ілім алуды да ескерсек, онда сізде еш ҮЗІР жоқ.

Canal:
https://t.me/taammul

#fıqh #ilim
🖋️'Амир әш-Ша'би (رحمه الله):

Ілімнің әшекейі - ілім иелерінің жұмсақтығы.

📔Сунан әд-Дәрими, Муқаддимаһ.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
🖋️Аяулы да ардақты, Қадірлі де қымбатты ұстаздарым Әбу Румейса мен Умм Руфейдаға! Аманаттай арқалаған парызды, Жақсылықта жөні бөлек, жаны ізгі, Ұлағаттың үлгісіндей ұстаздар Бағыт берер бағдаршамдар тәрізді. Сол жандардың арасында бір бөлек Ұстаздар…
🖋️Ардақты ұстаздарыма (қимастық).


Жаныма жақсылықтың гүлін еккен
Жақсылардың тамаша нұры неткен
Өмір-мынау, қамшының сабындай-ақ
Бірі келсе,тағы да бірі кеткен.

Сан ойлар мазалайды жиі бөтен,
Бұл әлде сағынғанның күйі ме екен?
Жүректе із қалдырған ізгілермен
Қимастықпен қоштасу қиын екен.

Нұрлы ілім жүректердің болған емі
Жанды баурап, көкейге қонған еді
Ақ пейілмен қалды бір асыл жандар
Шығарып сап бір ұзақ жолға мені

Қиялмен аттанғанда қияға мың,
Кезуші ем ілім-нұрдың жиі аралын
Ұлағаттың үлгісі-ұстаздарым,
Қалай ғана сіздерді қия аламын?!

Сағыныштан жаралған болар ма мұң
Бәлкім мен жақсы шәкірт бола алмадым
Ізгіліктің ескегін сіздер берген
Енді мықтап ұстасам- сол арманым!

Ерекше орын алған жүрегімнен
Есімдерің түспейді тілегімнен
Мейлі осылай дәрістер тоқтаса да
Сіздерге шәкірт болып жүремін мен.

Мейлі зырлап өтсе де қыс-жаздарым,
Есімнен шығармаспын ұстаз бағын
Жаратушым жәннәтта жолықтырсын
Ардақты, менің асыл Ұстаздарым!


📌Шәкіртімізден разымыз. Әрі ол кісіден Раббымыздың ﷻ разы болуын тілейміз.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
Ілімсіз қарт кісіге ілімді жас жігітті жүрісінде, отырысында, сөзінде алдыға шығаруының міндеттілігі жоқ.

📔әс-Сиражия.


Ілімді жас жігіт ілімді қарияға, ал ол кісі өз кезегінде жолын Құрайыштық ілімдіге бергені жөн. Имам әз-Зандауйсти (رحمه الله):

"Ілімдінің ілімсізде, ұстаздың шәкіртте ақысы бірдей. Олар:
- сөзді одан бұрын бастамау;
- ол жоқта орнына отырмау;
- сөз қайтармау;
- жүрісінде алдына шықпау",- деген.

📔әл-Фәтауа әл-һиндия.

Canal:
https://t.me/taammul

#fıqh #ilim
Араб тілінде басқа тілдерге қарағанда артықшылық бар. Ол жәннаттықтардың тілі. Кімде - кім оны үйренсе н/е басқаға үйретсе сауапқа ие болады.

📔әс-Сиражияһ.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #fıqh
Екі адам бір ілімді меңгерсе. Мысалы намазға байланысты ахкамдарды т.с.с. Біреуі оны адамдарға үйретуі үшін ал, екіншісі өзі амал қылуы үшін (басқаларға үйретпестен) меңгерсе, онда біріншісі екіншісіне қарағанда абзал болады.

📔Хизанат ул-муфтий-ин.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #fıqh
🖋️Ибн Муқатил (رحمه الله):

Ілімге ізденіс қылу "Ықылас" сүресін бір мәрте 5,000 рет оқығаннан абзалырақ.

📔әт-Татарханияһ.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim
Имам әл-Кәсәни (رحمه الله) жеткізеді:
Бір жігіт Шам өлкесінен шығып Омарға (رضي الله عنه) келеді. Сонда Омар (رضي الله عنه) одан сұрайды:
- Не нәрсе сені алып келген?
- Ташаһһудті үйренейін деп келдім.
Омар (رضي الله عنه) сақалы суланғанша жылап, былай дейді:
- УаЛлаһи! Аллаһтан ﷻ Ол сені еш азаптамайды деп үміт етемін.

Canal:
https://t.me/taammul

#ilim #motıvasııa