𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.38K subscribers
911 photos
90 videos
8 files
1.97K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
‼️ СубханаЛлаһ! Имам Ахмад, 'Абдуллаһ ибн ул-Мубәрак н/е әл-Бухари тағы басқа да аһл ус-сунна ғалымдарының (رحمهم الله جميعا) Аллаһқа ﷻ Оның сифаттарының бірін дәлелсіз бекітуі ж/е Аллаһтың ﷻ дінін Оның ﷻ алдында осындай жолмен ұстануы мүмкін бе? Құран мен сүннетке ж/е ізгілердің жолына қызғаныштары басымырақ болған имамдардың өз ұстанымдарында дәлелі жоқ деп ойлау қаншалықты ақылға қонымды? Бұл өзі ақылдың негізінде қорытылып пайда болған ойдың нәтижесі ме? СубханаЛлаһ! Раббыңмен ﷻ шыншыл бол, бауырым! Хиляф бар жерде хиляф бар де! "Дұрыс ұстаным ешқандай хиляф жоқ ұстаным" дегенді ұстанасың ба? Өзіңдікін бекіту үшін басқаларды өз тарапыңа бұрмалап жығудың қажеті жоқ. Әркімнің өзіне тиесілі болған сөзін (ұстанымын) өзіне бер! Өзіңдікін өз дәлеліңмен қорға! Раббыңмен ﷻ шыншыл бол! Ақиқат бетпақтық пен көкбеттікке мұқтаж емес. Бұл ісіңмен ұлы имамдарымыздың жолын ұлықтамайсың, керісінше ақиқатқа күмән тудыртасың! Имамдарымыздың сөзін ғана жеткізбе! Ісін де көрсет! Олар өз жолын өзіндегімен бекемдей алды. Аллаһқа ﷻ мадақ болсын!

Canal: https://t.me/taammul

#aqıda
‼️"Толған айды көргендеріңдей көресіңдер.." деген хадистің негізінде Аллаһты ﷻ жаратылыспен салыстырып, Оған ﷻ тарап бекіту деген не зат? Егер сен хадистен басқа түсінік ала алмасаң, оның басқа түсінігі жоқ деген сөз бе? Бұл жерде айдың Аллаһқа ﷻ ұқсастығы баян қылынбайды. Оны ﷻ қандайда бір тараптан қамтуға болады дегендей.. Аллаһ ﷻ бізді панасына алсын! Айды немен көрсең, Аллаһты ﷻ да сонымен көресің деген түсінік бермейді ме? Толған айға қараушының жүрегінде қандайда бір күмән болады ма? "Айды көрдім бе, көрмедім бе?" деген. Жоқ. Тура солай Раббымызды ﷻ еш күмәнсіз көреміз. Аллаһым ﷻ бізге Өзінің ұлық Дидарымен қауышуды нәсіп етсін! Әрі сол сәтте (жоғарыдағы хадистің негізінде) Раббымызды қандайда бір тараппен шектелген деп сенгендердің сенімін қайтарғанымызға мақтанышта болуды!

Canal: https://t.me/taammul

#aqıda
🎙️ Әһл ус-сунна уәл-жамаға ғалымдарының (رحمهم الله) ұстанымы ж/е амалдарын барынша Құранға сәйкес қылудағы махаббаттары жайлы.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
📌Әбу Бəкірге (رضي الله عنه) байланысты оқиғадан ойластырылған жиіркенішті бидғаттар.

Әбу Бəкірге (رضي الله عنه) байланысты хадисті Əбу Дауд пен Тирмизидің риуаятында айтып кеткен болатынбыз. Сол хадисте баяндалғандай бар малын берген Əбу Бакірге (رضي الله عنه) Пайғамбар (ﷺ): "Жанұяңа не қалдырдың?"-дейді. Əбу Бəкір (رضي الله عنه): "Аллаһ пен Пайғамбарды қалдырдым",-деп жауап береді. Міне, осы хадиске кейбір адамдар өздерінің жиіркенішті бидғаттарын дұрыс қылып дəлелдеу үшін тағы да сөздер қосқан. Яғни, Пайғамбарымыз (ﷺ): "Əбу Бəкір! Аллаһ саған разы болды, сен оған разысыңба?"-дейді мыс. Ол қуанғаннан Пайғамбардың ﷺ алдында билеген екен. Содан кейін: "Қалайша мен Аллаһқа разы болмаймын",-депті мыс. Міне, осы ойдан құрастырылған оқиғаға сүйеніп, Мəулəуилік жəне басқа да тамаууф жамағаттары зікір билерін ұйымдастыруда.

Дəлел қылып көрсеткен хадистің соңына қосылған оқиға Пайғамбарымызға ﷺ, Əбу Бəкірге (رضي الله عنه) жасалған барып тұрған жала. Бұл оқиға тіпті мəузу хадистердің арасында жоқ. Егер зайф хадистің арасында болғанда ғой. Ол да жоқ. Мəселенің өзіне келетін болсақ бұған рұқсат емес, керісінше тиым салынған. Бұған ашық дəлелдер бар. Өйткені ғұламалар дауылпаздың (барабан) ырғағымен билеуді харам деп санаған. Мұнда иджма бар. Ал дауылпазсыз билеуді макруһ деген.

Осыдан кейін Аллаһ зікірін алып биге салу қандай жағдайда болмасын үлкен жазаға лайықты. Адамдар ешбір дəлелсіз Аллаһ Тағалаға жақындатады деп бір ғибадат шығарған. Сонымен бірге осы əрекеттерімен харам, мəкруһ əрекеттерді дұрыс көрсетуде.

Енді Аллаһтың бұйрығына лайықты Пайғамбардың (ﷺ) жəне оның асхабының орындаған зікірін мыналардың зікірімен салыстыр. Бұлардың əрекеттерінде қандай ғибадат болуы мүмкін? Əлбетте біз мынаны жақсы білеміз. Аллаһтың кітабында баяндалғандай, Пайғамбардың өмірінде көрсетілгендей ғибадат қылуға міндеттіміз. Оған бір нəрсені қосуға немесе азайтуға ешқандай ақымыз жоқ. Əлбетте осы айтқандарымыз əр ғасырда өткен Ислам шариғат ғалымдарының иджмасымен баяндалған негіздер екенін ақылымыздан шығармайық. Бірақ кейбір бидғатшылар мұны теріс көрсетуге тырысқан. Əркімнің білгеніндей Аллаһтың рұқсат бермеген бидғаттарды орындап, соңында халық көптеген харамдарды халал деп санау сияқты пəлекеттерге ұрынды.

Қр. Рамадан әл-Бути (رحمه الله)
Фиқһ ус-Сира - б. 443-444


Canal: https://t.me/taammul

#aqıda
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!

Құрметтілерім менің! Аллаһ ﷻ біздің Раббымыз! Аллаһтан ﷻ басқа затты талқылап отырғандай Ол ﷻ жайлы екінің бірімен мәселе қылып сөз қылудан қорқыңыздар! Оның ﷻ ұлықтылығы жайлы көбірек сөз қылыңыздар! Бәлкім сонда жүректеріңізге қорқыныш келіп, Раббыларыңыз турасында әдеп сақтайтын боларсыздар...


Canal: https://t.me/taammul

#aqıda
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
🔸وَمَاۤ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ إِلَّا رِجَالࣰا نُّوحِیۤ إِلَیۡهِم مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡقُرَىٰۤۗ

🔸Көпшілік ғұламаларымыз/جمهور العلماء Юсуф сүресіндегі 109-шы аяттың негізінде Пайғамбарымызға ﷺ дейінгі уахи етіліп жіберілген елшілер тек қана еркектер/رجال екенін айтты. Тәпсір ғұламалары да елші ретінде әйел, періште және жын жіберілген емес деп тұжырымдайды.

Кейбір ғалымдар Ибраһим пайғамбардың жары Сара анамызды, Мұса пайғамбардың анасын және Иса пайғамбардың анасы Мәриям анамызды (عليهم السلام) елшілерден деп ойлады. Себебі періштелер Сара анамызды Исхақпен, оның артынша Яғқубпен сүйіншіленген еді. Ал, Мұса пайғамбардың анасына "баласын емізуді және оны сандыққа салып суға ағызуды" көкейіне салды. Мәриям анамызға келер болсақ, оны Иса пайғамбармен сүйіншілеген еді. Бұл сүйіншілеулер оларға қатысты мүмкін нәрсе еді. Әрі оларды құрметті қылу себепті жүзеге асты. Мәселе "пайғамбар атануы үшін тек қана уахи келуі жеткілікті ме" деген жерде.

Имам Әбул-Хасан әл-Әшғари (رحمه الله) әһл ус-сунна уәл-жамаға имамдарының көзқарасы бойынша "Әйелдер пайғамбар емес, олар тек шыншылдар/صديقات" екенін жеткізеді. Аллаһу Тағала Мәида сүресінің 75-ші аятында Мәриям анамыздың құрметтілігін баян қылған сәтте оны шыншылдық қасиетімен сипаттайды. Егер пайғамбар болғанында (пайғамбарлық шыншылдықтан мәртебелі болғаны себепті) сөзсіз оны пайғамбарлығымен сипаттар еді.
الله أعلم بالصواب!

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
‼️Нәпсі қалауын (һәуа) Аллаһтың ﷻ нұсқауына (һудә) ерушілікте бағындыра алмаған адамнан асқан адасушы жоқ. Аллаһтың ﷻ нұсқауын басшылыққа алмай нәпсі қалауына еру бидғат иесінің болмысынан. Аллаһтың ﷻ нұсқауы ол Құран.

📔әл-И'тисам.


Canal:
https://t.me/taammul

#fıqh #aqıda
🔹Ибраһим عليه السلام пайғамбардың әкесі Әзарға айтқан сөзіне қараңыз:

🔸یَـٰۤأَبَتِ لِمَ تَعۡبُدُ مَا لَا یَسۡمَعُ وَلَا یُبۡصِرُ وَلَا یُغۡنِی عَنكَ شَیۡـࣰٔا

🔸"Уа, Әкетайым! Неліктен мүлдем естімейтін, көрмейтін әрі өзіңе титтей де пайдасы тимейтін меңіреу пұттарға табынудасың?"


🔹Енді Әлемдердің Раббысы Мұса мен інісі Харунға عليهما السلام дем беріп айтқанына қараңыз:

🔸لَا تَخَافَاۤۖ إِنَّنِی مَعَكُمَاۤ أَسۡمَعُ وَأَرَىٰ

🔸"Қорықпаңдар! Өйткені мен әрдайым сендермен біргемін. Бәрін де естіп, көріп тұрамын".


🔹Ал, енді кім кімге құл болып, уақытын кімге және қалай арнап жүргеніне қарасын!

🔸إن الله سميع بصير.

🔸Шүбәсіз, Аллаһ - Самиғ (бәрін анық естуші), Басир (бәрін анық көруші).


Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
📔Ұлы имам Әбу Ханифаның (رحمه الله) ақида бойынша жазылған "әл-Фиқһ ул-әкбар" мәтініне жазған шархында әл-Мулла 'Әли ибн Султан Мухаммад әл-Қари (رحمه الله) кәләм ілімінің негізінде адасушылыққа ұшыраудың себептерін тізбектеп, соның ішінде былай дейді:

🔹Фиқһ пен шариғатта ой және құр ақылмен сөйлеу - бидғат және адасушылық. Бұл істің таухид ілімі мен сипаттарда бидғат және адасушылық болуы тіптен орынды.

🔸Фахр ул-Ислам 'Әли әл-Бәздәуи (رحمه الله) "Усул ул-фиқһ" кітабында былай деді:

🔹Шариғатымызда ақылдың мужиб¹/مُوْجِب екені меңзелмеген. Сондықтан ақылдың шариғатсыз мужиб және 'илләт²/عِلَّة болуы рұқсат емес. 'Илләттардың шариғат тақырыбынан (негізінен) болуына байланысты пендеге ақылды шариғи дәлелсіз мужиб қылу рұқсат емес. Себебі бұл Аллаһпен ﷻ серіктестікке ұмтылу. Кімде-кім шариғи дәлелсіз ақылды мужиб қылса, онда ол құлдың құл болу деңгейінен шығып, шариғат шеңберін қыңырлықпен қарсыласып аттап өтті. والعياذ بالله

1] Мужиб/مُوْجِب - бір нәрсені міндеттеуші. Мысалы:

Мүфти - мужиб. Муфтидің амалы - ифтә. Қорытынды үкім - фәтуа деген сияқты.

2] 'Илләт/عِلَّة - қиястың төртінші рүкіні. Тіпті қиястың негізі десе де болады және оның 'илләт болуы үшін бес шарты бар. 'Илләт - заттың негізінде бар болған сипат. Сол сипат басқа да заттардың бойынан табылса, соны негізге ала отырып үкім шығару. Мысалы:

Мас қылу хамрдың (шарап) 'илләті болып табылады. Солайша басқа да мас қылатын заттар харам үкіміне ие болады дегендей.


Canal: https://t.me/taammul

#aqıda #taģrııf
🖋️Мен (яғни Мәулана Әнуар Шах Кашмири (رحمه الله)) айтамын:

"әл-Истиуа - Аллаһ Тағаланың оған (аршыға) отыруы" деген мағынаға келер болсақ, бұл сөз жалған (батыл). Ол пікірге ой өрісі тар (санасыз) немесе алжасқан адам ғана барады.

📔Файд ул-Бәри 'әлә Сахих әл-Бухари.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
🖋️Имам әс-Саймарий (رحمه الله):

🔹ليس كمثله شيء.

Аяттың мағынасы "Оның ешбір ұқсасы жоқ" болады. Себебі, Аллаһтың ﷻ мысалы жоқ. Сондықтанда бұл аятта "Оның ﷻ мысалының ұқсасының жоқтығы теріске шығарылды" деу рұқсат емес.

📔Мәсәил ул-хиләф фи усул ил-фиқһ:
"Аллаһтың Кәламінде мәджәәздің (астарлы мағына) бар екенін бекіту" мәселесі.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
Мужассималардың жиіркенішті ақидаға түсуге себепкер болған болымсыз қағидалары:

ما لا يكون محسوسا لا يكون موجودا

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
📌Исбәтқа қарсы келмеген тәнзиһ қана орынды тәнзиһ болып табылады.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
🖋️Ғұлама Сағд уд-дин әт-Тәфтәзанидің (رحمه الله) "Шарх ул-'Ақаид ин-Нәсафияһ"-қа жазылған "'Иқд әл-фәуәид 'әлә шарх ил-'Ақаид" атты Мәуләнә Мухаммад 'Әлидің (رحمه الله) хашиясы.

🔹Мәтін былай басталады:

الْحَمْدُ لِلّٰهِ الْمُتَوَحِّدِ
әл-Хамду лиЛлаһ ил-Мутауаххиди


🔸Осы жердегі "әл-Мутауаххид/المُتوحِّد" сөзіне түсініктеме:

🔹әл-Мутауаххид/المُتَوَحِّد : бұл сөз - "бір" сөзіне қарағанда "жалғыздық" мағынасын жеткізудегі мақсатты айқынырақ айшықтайды. Бұл айтылғанның толық түсініктемесін төменде толықтыратын боламыз.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
Жоғарыда айтылғанның толық түсініктемесі:

🔹Араб (тілі) ғалымдары тәфәғғул/تَفَعُّل бабында бірнеше мағыналар бар екенін айтқан¹. Бұл жерде сол мағыналардың үшеуі сәйкес келеді:

1️⃣ Истифғал/اسْتِفْعَال бабындағыдай талап мағынасы. Тағаззама/َتَعَظَّم - құрмет талап ету деген сияқты.

2️⃣ Тәкәллуф/تَكَلُّف (бір (жақсы) сипатпен сипатталуда жауапты болу) мағынасы. Тәхәлләмә/تَحَلَّمَ - ашуын басты деген сияқты.

3️⃣Сайрураһ/صَيْرُورَة (істеушінің ісінсіз (өздігінен) басқа хәлге ауысу(айналу)) мағынасы. Тәхәжжәро әт-тыйну/تَحَجَّرَ الطِّيْنُ - ешкімнің балшықты отқа қақтамай-ақ оның (балшықтың) өздігінен тасқа айналуы деген сияқты.


🔸Осы мағыналарда келетіні баяндалғаннан кейін, біл! Хашия жазушы ғалымдарымыз тәуил/تَأوِيْل тұрғысынан осы үш мағынаны да рұқсат қылды.

📌әл-Мутауаххид/ الْمُتَوَحٍّدُ сөзінің мағынасы:

1️⃣Талап жағынан қарастырсақ, Аллаһтың Заты бір (жалғыз) болуды талап етеді.

2️⃣Тәкәллуф болса, мәжәз (ауыспалы мағына) жағынан, Аллаһтың бірлігінің (жалғыздығы) кәміл болуы тұрғысында.

3️⃣Сайрураһ жағынан алғанда, сөздің мағынасы былай болады:

💠Ешкімнің ешбір әрекетінсіз Затында бірлікпен (жалғыздықпен) сипатталғанға барша мақтау мен мадақтар болсын!

1) Медреседе болғанымызда 'Айт (عيد) ұстазымыздан (Аллаһ ол кісіге есендік берсін) Шейх, мүфти 'Инәят Ахмад әл-Кәкоридің (رحمه الله) "Тә'риб 'илм ус-сиғаһ" кітабын оқығанбыз. Ол кітапта тәфәғғул/تَفَعُّل бабының 11 мағынасы бар екендігі айтылып, жеке жеке түсініктемесі берілген. Толығырақ білу үшін сонда жүгінсеңіздер болады.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
🖋️Мүфти Әбу Әли әл-Аш'аридің ақидаға қатысты дәрістерінен кейін адамдардың көпшілігі "сонда уаһһабисттерден айырмашылығымыз қандай, "йад" сөзін "қол" деп аударма жасағанда санамызға бірден мүше елестейді, демек олай аударма жасауға болмайды емес пе" деген сияқты сауалдардың айналасында шырмалып қалып жатыр. Сол турасында бірер түсініктеме сөздері:


🔹Ең бірінші мұсылман баласы "Матурудидке, Аш'аритке н/е Уаһһабиге ұқсап қалмайын деп емес, өз ақидасында Пайғамбарымыздың ﷺ және соңынан ерген ізгілердің сеніміне қаншалықты сәйкестік н/е қарама-қайшылық бар" деп қарастыру керек болар.

🔸Ақиқаттың байыбына жеткен уақытыңызда ақидасында бұзықтығы бар топтар өздігінен ажыратылып қалады. Ізгілердің жолы қауіпсіздікке апаратыны себепті солардың жолын меңгеруге ұмтылыңыз. Ұмтылысыңыздың нәтижесіне қол жеткізгеннен кейін барлық кемшілік атаулысынан пәк болған Раббымызға ﷻ дене мүшесінің бекуіне саңылау қалдырған адасушылардың сүрінген тұсын Аллаһ ﷻ пен Елшісінің ﷺ хабарында келген сипаттарды жоққа шығармастан, кейіп берместен, бұрмаламастан бекітудің айырмасын ажырату айқын болмақ.

🔹Одан кейін осы уақытқа дейін өзін Аш'аримін деп санап келген адам сол мектептің имамының ақидасына өз ақидасы қаншалықты сәйкес келіп жатқандығына және Имам Аш'аридің (رحمه الله) келтіріп жатқан дәлелдеріне зер салсын.

🔸Келесі бір ескеретін нәрсе, тіпті араб тілді адамның өзі хабарда келген "йад" сөзін естіп, санасына қандайда бір кейіптегі дене мүшесі елестесе (естушінің басындағы проблемаға бола), айтушының да меңзегені сол (яғни "Сен Аллаһты ﷻжаратылысқа ұқсаттың") деп расталмайды. Себебі айтушы Раббысының ﷻ ұқсасы жоқ екендігінің негізінде қандай да бір кейіптегі дене болуынан пәктеп, тек хабарда келген сипатты бекітуді мақсат қылған болуы мүмкін. Ал енді айтушы "Аллаһ Тағала дене ме, жоқ па деген нақты насс болмағандықтан дене емес айта алмаймын" деген ұстанымның негізінде сөйлесе, ол мүлдем басқа. Аллаһ Тағала бізді панасына алсын!

🔹Естуші тарапқа Раббысына ﷻ қатысты хабарларды жаратылысқа қиястап салыстырудан сақтану керек. Себебі Раббымыздың ﷻ ұқсасы да, мысалы да жоқ. Аллаһ Тағаланы ақылмен қамтуды мүмкін деп санау орынсыз, шектен шыққан тұжырым.

🔸Сипатты өзге тілге аударғанда санаңызға келгенді "келмеуі мүмкін емес" деп жоққа шығармаймыз. Бірақ аударманың үш мәртебесі барын біліңіз! Олар:

- тек ләфзіні аудару (йад-қол)

- ләфзідегі мағынаға тасауур қылу (қол болса, мынадай кейіпте болар деп елестету)

- ләфзідегі мағынаға тәмсил қылу (қол болса, мынаның мысалындай болар деп)

Осы үш этаптың алғашқысында тоқталыңыз. Себебі Аллаһ Тағала дене емес. Келесі сатыдағы әрекеттер жаратылыстарға қатысты. Раббымыз ﷻ ол нәрседен пәк. Санаңызды Аллаһ Тағалаға қатысты ондай ластықтан таза сақтаңыз!


📌Бұл жазғанымды осы тақырыптың маманы ретінде емес, сол сұрақтар бауырлардың тарапынан біршама уақыттан бері (өзіме) қойылып келе жатқандығы және нәзік тұстарды аңғаруда албырттық танытылып жатуы себепті мәселеге өзі тұрған жерден сәл артқа шегініп, ауқымды зер салып, барлық тарапын ескере отырып қайтадан бас сұғуларыларына бауырлық кеңес ретінде деп қабылдаңыз.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda
▪️ليس خلق الشرّ شرّ، بل كسب الشرّ شرّ.

#aqıda
▪️Шейх Задаһ есімімен танылған 'Абд ур-Рахман ибн 'Али өзінің "Назм ул-Фәроид уә жам' ул-Фәуәид фи баян ил-мәсәил ил-ләтий уақо'а фиһ әл-ихтиляфу бәйн әл-Матуридияһ уәл-Аш'арияһ фил-'Ақоид" кітабында талас бар 40 мәселені дәлелдерімен бірге зікір қылады.

📔әл-'Асидат ус-сәмәуияһ.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda