Экономика министрлігі 🇰🇿
2.64K subscribers
4.93K photos
199 videos
18 files
3.44K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл заңды Ұлттық экономика министрлігі әзірледі.
Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды.
Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыратынын Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.
Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі.
Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін.
Еске салсақ, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады.
Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд. теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 290-VI Қазақстан Республикасының заңы арқылы қабылданды.
Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес:
ірі кәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын немесе жылдық орташа кірісі АЕК-тің 3 млн еселенген мөлшерінен асатын кәсіпорын.
микро бизнес – жұмыскерлерінің саны 15 адамға дейін және жылдық табысы 30 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер.
шағын бизнес – жұмыскерлерінің саны 100 адамға дейінгі және жылдық табысы 300 мың АЕК-ке дейінгі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.#economy #ШОБ #Бизнес #КорпоративтікТабыс #Жұмыс
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдана алады #economy #Бизнес #ШОБ Предприниматели смогут обжаловать решения госорганов #economy #Бизнес #МСБ https://www.facebook.com/pressmnerkgmail/posts/724444144997854
ШОБ кредиттерін төлеу мерзімі қосымша ұзартылуы мүмкін
#ШОБ

МСБ могут предоставить дополнительную отсрочку по кредитам
#МСБ
Қазақстанда жылыжай бизнесін дамыту жеңілдей түседі
#economy #Бизнес #ШОБ

В Казахстане станет проще развивать тепличный бизнес
#economy #Бизнес #МСБ

https://kursiv.kz/news/biznes/2020-08/v-kazakhstane-stanet-prosche-razvivat-teplichnyy-biznes
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 7,7%-ке артты
#economy #ШОБ #Статистика

В Нур-Султане количество действующих субъектов МСБ увеличилось на 7,7%
#economy #МСБ #Статистика

https://uchet.kz/news/v-nursultane-kolichestvo-deystvuyushchikh-subektov-msb-uvelichilos-na-77/
Руслан Дәленов кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты
#economy #МСБ #Кәсіпкерлік

О мерах помощи бизнесменам рассказал Руслан Даленов
#economy #ШОБ #Предпринимательство

https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/o-merah-pomoschi-biznesmenam-rasskazal-ministr-412920/
Ұлттық экономика министрлігінде ШОБ-тың ЖІӨ-дегі үлесін 2025 жылға қарай – 35%-ке дейін жеткізу жоспарлануда
#economy #ШОБ #ЖІӨ #Экономика

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/131502?lang=kk

Довести долю МСБ в ВВП к 2025 году – до 35% планируют в Миннацэкономики
#economy #МСБ #ВВП #Экономика

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/131502?lang=ru
100 мыңға жуық ШОБ тексеруі жүргізілмейді – ҚР ҰЭМ
#economy #ҰЭМ #ШОБ

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/131572?lang=kk

Не будет проведено порядка 100 тыс. проверок МСБ – МНЭ РК
#economy #МНЭ #МСБ

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/131572?lang=ru
ХВҚ пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады – Руслан Дәленов
#economy #ҰЭМ #ХВҚ #ШОБ #Экономика #Қазақстан

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/134170?lang=kk

МВФ высоко оценил меры реагирования на пандемию – Руслан Даленов
#economy #МНЭ #МВФ #МСБ #Экономика #Казахстан

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/134170?lang=ru
Руслан Дәленов Ақмола облысы бизнес-қауымдастығымен ШОБ-ты қолдау мен дамытудың бірқатар мәселелерін талқылады
#economy #ҰЭМ #ШОБ #Кәсіпкерлік #Ақмолаоблысы

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/142441?lang=kk

Руслан Даленов обсудил с бизнес-сообществом Акмолинской области ряд вопросов поддержки и развития МСБ
#economy #МНЭ #МСБ #Предпринимательство #Акмолинскаяобласть

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/142441?lang=ru
2021 жылы 47 мың ШОБ жобасы жеңілдікпен қаржыландырылады – Ұлттық экономика министрлігі

Бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пандемия кезіндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады.
#economy #ҰЭМ #ШОБ

Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/196693?lang=kk

⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️

В 2021 году льготным финансированием обеспечат 47 тысяч проектов МСБ – Миннацэкономики

Сегодня на заседании Правительства под председательством Премьер-министра Аскара Мамина министр национальной экономики Асет Иргалиев доложил о мерах поддержки малого и среднего бизнеса в период пандемии.
#economy #МНЭ #МСБ

Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/196693?lang=ru