Экономика министрлігі 🇰🇿
2.64K subscribers
4.93K photos
199 videos
18 files
3.44K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
ХВҚ пандемияға қарсы шараларды жоғары бағалады – Руслан Дәленов
#economy #ҰЭМ #ХВҚ #ШОБ #Экономика #Қазақстан

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/134170?lang=kk

МВФ высоко оценил меры реагирования на пандемию – Руслан Даленов
#economy #МНЭ #МВФ #МСБ #Экономика #Казахстан

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/134170?lang=ru
ҰЭМ басшысы Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді

↪️Іс-шара барысында Қазақстан экономикасының даму перспективалары, сондай-ақ жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларына енгізілген реформалар талқыланды.

#️⃣Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2029 жылға қарай экономиканың 6% өсуі және ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) екі есе артуына бірінші кезекте негізгі капиталға инвестицияларды ынталандыру есебінен қол жеткізіледі. Инвестиция көздерінің бірі жаңа тарифтік саясат болмақ.

↪️Сонымен қатар ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесін арттыру, жоғары табысты салалар үшін КТС (корпоративтік табыс салығы) ставкаларын саралау, ЖТС (жеке табыс салығы) прогрессивті шкаласын енгізу, сән-салтанатты заттарға салық салу, жаңа Бюджет кодексінің жобасында ХВҚ ұсынымдарын имплементациялау, оның ішінде бюджет ережелерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Халықаралық валюта қоры қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді қолдап, бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.

#️⃣ХВҚ миссиясының басшысы Николя Бланше елде жүргізіліп жатқан реформалар бойынша Халықаралық валюта қоры техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

📝ХВҚ миссиясының қорытындысы бойынша арнайы мәлімдеме дайындалады. Миссия 21-ші қарашада аяқталады.

📱http://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM