Экономика министрлігі 🇰🇿
2.61K subscribers
4.72K photos
187 videos
18 files
3.3K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊ҚР Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қорытындылары туралы хабарлайды

Ұлттық статистика бюросының жедел деректері бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсуі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдағы 3,2%-пен салыстырғанда жеделдеуді көрсетіп, 3,3%-ті құрады. Динамиканың жақсаруы тауарлар өндірісінде де (3,5%-тен 3,6%-ке дейін), сондай-ақ қызмет көрсету секторында да (3,1%-тен 3,3%-ке дейін) байқалады.

🛣Өткен жылмен салыстырғанда экономиканың өсу қарқынының баяулауы экономиканың едәуір секторларының дамуына, оның ішінде сауда, көлік, логистика және т.б. шектеуші әсер еткен 10 өңірдегі су тасқыны салдарының әсерімен, сондай-ақ мұнай өндірудің 1,6%-ке қысқаруымен байланысты.

📈ЖІӨ құрылымында экономика өсуінің басты факторларының бірі өнеркәсіптік өндіріс болып табылады, оның көлемі 2,8%-ке ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсу (5,1%-ке) сақталуда, ол тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі (0,3%-ке) өсуден едәуір озық қарқынмен өсіп келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары арасында машина жасау өндірісінің 9,4%-ке, металлургияның 8,3%-ке, химия өнеркәсібінің
5,3%-ке, фармацевтикалық өнімнің 14,8%-ке және жиһаз өндірісінің 28,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

🏗Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,7 трлн теңгені құрады және бес айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 проценттік тармаққа жеделдеп, 8,6%-ке өсті.

🏙Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 4,6 млн шаршы метр көппәтерлі үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,9%-ке жоғары.

t.me/presseconomy
📊Министерство национальной экономики РК информирует об итогах экономического развития Республики Казахстан за первое полугодие текущего года

По оперативным данным Бюро национальной статистики реальный рост валового внутреннего продукта (ВВП) составил 3,3%, ускорившись с 3,2% январе-мае т.г. Улучшение динамики наблюдается как в производстве товаров (с 3,5% до 3,6%), так и в секторе услуг (с 3,1% до 3,3%).

🛣Замедление темпов экономического роста по сравнению с прошлым годом связано с влиянием последствий паводков, оказавших ограничивающее воздействие на развитие большинства секторов экономики, в том числе торговлю, транспорт, логистику и др., в 10 регионах страны, а также сокращением добычи нефти на 1,6%.

📈В структуре ВВП одним из главных факторов роста экономики является промышленное производство, объем которого увеличился на 2,8%.

Сохраняется устойчивый рост в обрабатывающей промышленности (на 5,1%), который в значительной степени опережает рост в горнодобывающей промышленности (на 0,3%).

Среди отраслей обрабатывающей промышленности обеспечен рост производства в машиностроении на 9,4%, металлургии на 8,3%, химической промышленности на 5,3%, фармацевтической продукции на 14,8% и мебели на 28,3%.

🏗Объем строительных работ составил 2,7 трлн тенге и увеличился на 8,6%, ускорившись на 0,5 процентных пунктов по сравнению с показателем за пять месяцев.

🏙В январе-июне т.г. введено 4,6 млн кв. м. многоквартирных домов, что на 5,9% выше аналогичного периода прошлого года.

t.me/presseconomy
🚜Ауыл шаруашылығы маусымдық өсудің белсенді кезеңіне кірді. Ауыл шаруашылығында өнім өндіру 3,4%-ке өсті, бұл ағымдағы жылғы қаңтар-мамырдың көрсеткішінен 1,8 проценттік тармаққа жоғары

➤ Көлік саласы мен ақпарат және байланыс секторын дамыту экономика өсуінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала беруде. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында көлік және қоймалау қызметтері 7,3%-ке, ақпарат және байланыс қызметтері 8,7%-ке өсті.

➤ Нақты сектордағы өсу сауда көлемінің өсуімен қатар жүруде. Ішкі сауда көлемі 3,9%-ке ұлғайды және а.ж. қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,8 проценттік тармаққа жеделдеді.

💰Экономиканың шикізат емес салаларында инвестициялық белсенділік өсуде. Өңдеу өнеркәсібінде (9,4%-ке), ақпарат және байланыста (2,4 есе), ғылыми және техникалық қызметте (58%-ке), көлікте (33,7%-ке), білім беруде (24,1%-ке), қаржылық қызметте (22,1%-ке) және жылжымайтын мүлікпен операцияларда (4,5%-ке) негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалады.

✔️Бесінші ай қатарынан іскерлік белсенділік индексінің өсуі байқалуда, ол маусым айының қорытындысы бойынша 51,4-ті құрады.

t.me/presseconomy
🚜В активную фазу сезонного роста входит сельское хозяйство. Производство продукции в сельском хозяйстве увеличилось на 3,4%, что выше показателя января-мая т.г. на 1,8 процентных пунктов

➤ Развитие транспортной отрасли и сектора информации и связи остаются важным компонентом роста экономики. В январе-июне т.г. услуги транспорта и складирования выросли на 7,3%, услуги информации и связи – на 8,7%.

➤ Рост в реальном секторе сопровождается ростом объемов торговли. Объем внутренней торговли увеличился на 3,9% и ускорился на 0,8 процентных пунктов по сравнению с январем-маем т.г.

💰Растет инвестиционная активность в несырьевых отраслях экономики. Отмечается рост инвестиций в основной капитал в обрабатывающей промышленности (на 9,4%), информации и связи (в 2,4 раза), научной и технической деятельности (на 58%), транспорте (на 33,7%), образовании (на 24,1%), финансовой деятельности (на 22,1%) и операциях с недвижимым имуществом (на 4,5%).

✔️Пятый месяц подряд наблюдается рост индекса деловой активности, который по итогам июня составил 51,4.

t.me/presseconomy
📌Ағымдағы жылы инфляциялық процестердің баяулауының тұрақты үрдісі байқалуда. Ағымдағы жылғы маусымда жылдық инфляция өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 8,4%-ке дейін төмендеді (а.ж. қаңтарда 9,5%)

🛒Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 5,4%-ке, азық-түлік емес тауарларға 7,4%-ке дейін баяулады. Ақылы қызметтер бағасының өсуі 13,8%-ті құрады.

🔹Бұл ретте ағымдағы жылғы маусымда инфляция деңгейі өткен айға қарағанда 0,4%-ке дейін баяулады, бұл 2021 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш болып табылады.

Инфляцияны тежеуге инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыру оң әсер етуде.

🚚Өткен жылмен салыстырғанда сауда балансы жақсаруда

▪️Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында алдын ала деректер бойынша сыртқы сауда айналымы 55,3 млрд АҚШ долларын құрады.

▪️Оның құрылымында тауарлар экспорты 1,8%-ке өсіп, 32,5 млрд долларды құрады, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 0,8%-ке, 10,5 млрд АҚШ долларына дейін артты.

▪️Импорт 7,2%-ке қысқарып, 22,9 млрд АҚШ долларын құрады.

▪️Оң сауда балансы 9,6 млрд долларын құрады және 2,3 млрд долларға немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ке нығайды.

📈Елдің халықаралық резервтері өсуде

➡️ Жыл басынан бері жалпы халықаралық резервтер 5,4 млрд долларға өсті және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 101,3 млрд АҚШ долларынан асты.

➡️ Оның ішінде Ұлттық қордың валюталық активтері 1,4 млрд доллларға, 61,4 млрд долларға дейін, ал Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері 4 млрд долларға, 39,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

t.me/presseconomy
📌В текущем году отмечается устойчивая тенденция замедления инфляционных процессов. В июне т.г. годовая инфляция снизилась до 8,4% к июню прошлого года (9,5% в январе т.г.)

🛒Рост цен на продовольственные товары замедлился до 5,4%, непродовольственные товары – до 7,4%. Рост цен на платные услуги составил 13,8%.

🔹При этом уровень инфляции в июне т.г. к предыдущему месяцу замедлился до 0,4%, что является наименьшим показателем с 2021 года.

Положительное влияние на сдерживание инфляции оказывает реализация комплекса мер по контролю и снижению инфляции.

🚚 В сравнении с прошлым годом улучшается торговый баланс

▪️В январе-мае т.г. по предварительным данным внешнеторговый оборот составил 55,3 млрд долл. США.

▪️В его структуре экспорт товаров вырос на 1,8% и составил 32,5 млрд долл., в том числе экспорт обработанных товаров увеличился на 0,8% до 10,5 млрд долл. США.

▪️Импорт составил 22,9 млрд долл. США, сократившись на 7,2%.

▪️Положительный торговый баланс составил 9,6 млрд долл. и укрепился на 2,3 млрд долл. или на 32,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

📈 Международные резервы страны продолжают расти

➡️ С начала года международные резервы в целом увеличились на 5,4 млрд долл. и на 1 июля т.г. превысили 101,3 млрд долл. США.

➡️ В том числе валютные активы Национального фонда выросли на 1,4 млрд долл. до 61,4 млрд долл., а золотовалютные резервы Национального Банка увеличились на 4 млрд долл. до 39,9 млрд долл. США.

t.me/presseconomy
📌Шешенстанда Кавказ инвестициялық форумы өтті

📍2024 жылдың 15-17 шілде аралығында Грозный қаласында, Шешен Республикасы Басшысының Резиденциясы мен «Стройкар» Павильоны» (ЭКСПО) көрме орталығының аумағында Кавказ инвестициялық форумы (КИФ) өтуде. Форумға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысуда.

💬 КИФ іскерлік бағдарламасының орталық іс-шарасының – пленарлық отырысының тақырыбы – «Үлкен Кавказ – теңізден теңізге дейін». Форумның басты назары өңірлік экономиканың негізгі салаларына: инфрақұрылым мен агроөнеркәсіптік кешенге, туризм мен логистикаға аударылды. Іс-шаралар аясында билік пен бизнес өкілдері аймақаралық өзара әрекеттестікті және оның Солтүстік Кавказдың экономикалық өсуіне әсерін талқылады.Форум аясында салалық тақырыптық сессиялар өткізу жоспарлануда.

💼ҚР Ұлттық экономика вице-министрі «Барлығы өзінен: АӨК саласындағы егемендікке қол жеткізу стратегиялары» сессиясына, және «Инвесторлар үшін ерекше экономикалық аймақтар: өткен жол немесе жаңа мүмкіндіктер» сессиясына қатысты.

🤝Шара аясында Б.Құдайбергенов РФ Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвачпен кездесті. Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ инфрақұрылым және сауда саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жолдары талқыланды. Көлік логистикасын дамыту және екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық әріптестікті жалғастыруды, сонымен қатар өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасауда бірлесе жұмыс істеуге ниетті екендіктерін растады.

🤝Бұған қоса ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Шешен Республикасы Экономикалық, аумақтық даму және сауда министрінің орынбасары Асламбек Межидовпен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда қатынасында өзара іс-қимылды дамыту, оның ішінде екі өңір арасындағы тауар айналымын кеңейту, экономикалық жоспарлау саласында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

t.me/presseconomy
📌Кавказский инвестиционный форум состоялся в Чечне

📍С 15 по 17 июля 2024 года в городе Грозный на территории Резиденции Главы Чеченской Республики и выставочного центра «Павильон «Стройкар» (ЭКСПО) проходит Кавказский инвестиционный форум (КИФ). В форуме принимает участие Вице-Министр национальной экономики Республики Казахстан Бауыржан Кудайбергенов.

💬 Тема центрального события деловой программы КИФ – «Большой Кавказ – от моря до моря». Основное внимание Форума сосредоточено на ключевых отраслях региональной экономики: инфраструктуре и агропромышленном комплексе, туризме и логистике. В рамках мероприятий представители власти и бизнеса обсудили межрегиональное взаимодействие и его влияние на экономический рост Северного Кавказа. В рамках форума планируется проведение отраслевых тематических сессий.

💼Вице-Министр национальной экономики принял участие в сессиях «Все свое: стратегии достижения суверенитета в области АПК» и «Особые экономические зоны для инвесторов: пройденный путь или новые возможности».

🤝В рамках мероприятия состоялась встреча Бауыржана Кудайбергенова с заместителем министра экономического развития РФ Дмитрием Вольвачем. В ходе данной встречи обсуждались вопросы укрепления экономического сотрудничества, а также перспективы реализации совместных проектов в области инфраструктуры и торговли. Особое внимание было уделено вопросам развития транспортной логистики и увеличения товарооборота между двумя странами.

По итогам встречи стороны подтвердили намерение продолжать экономическое партнерство между Казахстаном и Россией, а также работать над созданием новых возможностей для взаимовыгодного сотрудничества.

🤝Также проведена встреча с заместителем министра экономического, территориального развития и торговли Чеченской Республики Асламбеком Межидовым. В рамках данной встречи обсуждались вопросы развития взаимодействия в торговле, в том числе расширение товарооборота между двумя регионами, обмена опытом в области экономического планирования и реализации совместных проектов.

t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM