Дастан Құрманбаев
21.5K subscribers
55 photos
11 videos
3 files
12 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларынан: “Сендердің ең жақсыларың кім екенін айтайын ба?”, — деп сұрайды. Барлығы: “Әрине, уа, Алланың елшісі”, — дейді бірауыздан. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: “Көрген кезде Алла Тағала еске түсетіндер”, — деп жауап береді. Сосын: “Ал ең жамандарың кім екенін айтайын ба? Олар — өсек таситындар, бір-бірін жақсы көретін адамдардың арасын бұзатындар және жақсы адамдардан жамандық іздеп жүретіндер”, — деп айтты.

📚 Бұхари. Әдәб-ул Муфрад
Кімнің бүкіл ғұмыры рамазан секілді өтсе, соңы айт болады.

©️Ізгілер 🌙
Анаңның жүзіне қарауыңның өзі ғибадат! Ал енді оған жақсылық жасауың не болатынын ойлай бер.

Хасан әл-Басри

📚 Ибн Мубарак. Муснад
Рамазан біткесін күнә істеймін деген пиғылмен ораза ұстап жүрген адамның оразасы қабыл болмайды.

Кағб ибн Мәлик

📚 Ибн Ражаб. Латаиф
Тақуалық — өзіңді ешкімнен артық санамауың!

Ибн Омар

📚 Тафсир әл-Бағауи
Сорлы деген — Алла мені кешірмейді деп ойлайтын адам.

Ибн Ражаб

📚 Латаиф әл-Мағариф
“Бесінші әділетті халифа” Омар Ибн Абдул-Азиз мұсылман елдерінің барлығына рамазан айын садақамен және истиғфармен аяқтауды бұйыратын болған екен. Оның айтуынша, садақа ораза ұстаушыны ораза кезінде айтқан бос, күнә сөздерінен тазартады. Ал истиғфар әлгі сөздердің ізін жояды.

📚 Ибн Ражаб. Латаиф әл-Мағариф
Қиямет жақындағанда “уақыт тез өтеді” деген хадисті Ибн Хажар әл-Асқалани “барлық нәрседен береке кетеді. Тіпті уақыттан да” деп түсіндіреді.

📚 Фатх әл-Бари
Алла Тағала айтады: Әй, құлдарым, сендер түнде де, күндіз де күнә істейсіңдер. Ал Мен барлық күнәні кешіремін. Менен кешірім тілеңдер. Кешіремін!

📚 Құдси Хадис
Пайғамбар ﷺ сәждеде “Суббуухун Қуддуусун роббунаа уа роббуль мәләәикәти уар руух” деп айтатын болған.

📚 Муслим

Мағынасы: Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы.
Қадір түні жайында Пайғамбарымыз (ﷺ): “Сол түнде Жер бетіндегі періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп болады”, — деп айтқан.

📚 Әл-Жәмиғус Сағир
Имам Шафиғи өлім аузында жатқанда қызы қасында отырып жылап отырады. Сонда имам қызына қарап: “Әй, қызым, жылама! Мен бұл үйде Құранды төрт мың рет хатым еткенмін”, — деп айтады.

📚 Тариху Бағдад

* Құранды хатым ету деген — басынан аяғына дейін толық оқып шығу
Айша анамыз айтады: “Пайғамбардың ﷺ рамазанның соңғы он күніндегі ғибадатқа деген құлшынысы басқа күндердегіден қаттырақ болатын”.

📚 Имам Муслимнің “Сахих хадистер” жинағы
Кімде-кім түнде оянып, әйелін де оятып, сөйтіп екеуі бірге екі ракағат намаз оқыса “Алланы көп еске алатын ерлер мен Алланы көп еске алатын әйелдердің” қатарынан болады.

📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир

Аллаға мойынсұнған мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдер; шын жүректен иман келтірген мүмін ерлер мен мүмін әйелдер; (Хақ діннің барлық үкімдеріне) қалтқысыз бағынған ерлер мен қалтқысыз бағынған әйелдер; (сөздері мен іс-әрекеттері) түзу әрі шынайы болған шыншыл ерлер мен шынайы да шыншыл әйелдер; сабырлы да табанды ерлер мен сабырлы да табанды әйелдер; (Алланың алдында) өте ізетті әрі кішіпейіл болған ерлер мен сондай инабатшыл әрі кішіпейіл болған әйелдер; (Алла жолында мұқтаждарға) зекет-садақа беретін ерлер мен зекет-садақа беретін әйелдер; ораза ұстайтын ерлер мен ораза ұстайтын әйелдер; арын сақтап, абиырларын күнәдан тыйған ерлер мен арын сақтап, абиырларын күнәдан тыйған әйелдер; сондай-ақ Алланы көп еске алатын ерлер мен Алланы көп еске алатын әйелдер (бар ғой?!) Міне, Алла осынау ізгі жандарға ерекше кешірім мен үлкен сый-сияпат дайындап қойды.

33:35
“Мүлік” сүресі қабір азабынан қорғайды.

📚 Хадис. Әл-Жәмиғус Сағир
Ибн Абдул-Бар (978-1071) деген хадис ғалымы айтады: “Отбасына қайыры жоқ адамнан жақсылық күтпе”.

📚 Бәһжат әл-Мажалис
ПАЙҒАМБАРЛАР ДАҒУАТЫ немесе БІЗГЕ ҚАНДАЙ УАҒЫЗ КЕРЕК

Құраның 1/3 бөлігі қиссадан құралады. Оның себебін Алла Тағала: «Осы қиссаны әңгімелеп бер, мүмкін олар ойланып пікір жүргізер», – деп түсіндіреді. («Ағраф» сүресі, 176-аят)

Ендеше Құрандағы қиссалардан, соның ішіндегі пайғамбарлар қиссасынан кішігірім ой түйіп көрейік.

Барлық пайғамбар өз қауымын Бір Аллаға құлшылық қылулға және Оған ешкімді серік етпеуге үгіттеген. Мұхаммед пайғамбар: “Пайғамбарлар бір-біріне шешелері бөлек бауырлар іспетті: шешелері бөлек болса да, діндері бір”, — деп осыны меңзеген. (Бұхари, Муслим)

Сондай-ақ Құрандағы пайғамбарлар қиссасынан барлық пайғамбардың Бір Аллаға құлшылық қылудан кейінгі көтерген басты мәселесі сол уақыттағы, сол қауымдағы басты проблемалар екенін байқауға болады.

Мысалы, Нұх пайғамбардың қауымы Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және Наср деген бес пұтқа табынатын еді. Ол мың жыл бойы серік қосумен күресті.

Ад қауымының ауруы тәкаппарлық еді. Тіпті олар «Бізден күшті кім бар?» деп айтатын болған. Сол үшін Худ пайғамбар көбіне тәкаппарлыққа қарсы уағыз-насихат айтты.

Самуд қауымы тау-тасты қашап салған зәулім сарай үйлері, бау-бақшалары т.б. Алла Тағала берген ризық-несібелері мол болғандықтан “ақиретте өмір жоқ” деп дағуалай бастаған. Салих пайғамбар оларға бұл дүниеде мәңгі-бақи қалмайтындарын ескертті. Көп айтатын насихаты да сол болды.

Шуғайб пайғамбардың қауымы таразыдан жеуді адал қылып алған еді… Қысқасы, осылай Құрандағы барлық пайғамбардың дағуатын кезегімен мысалға келтіре беруге болады…

Енді біздің қоғамға келейік. Ең басты проблемамыз не? Менің ойымша, мейірімнің, әділеттің жоқтығы және жем-қор-лық! Барлығы да дүниеқоңыздықтан туатын дерттер.

Сондықтан біздің қоғамда басқасынан көрі адалдықты көбірек насихаттау керек сияқты.

Егер жатпай-тұрмай мейірім, әділет және адалдықты насихаттасақ, он жылда, ары кетсе он бес жылда буын жаңарады. Ең болмаса солар адал болар, солар адам болар деген үміт қой...
Қауіп-қатер қай жағымнан қаптайды деп,
Талапты ер, түн ұйқысын төрт бөледі...
Ұйқыда өне бойы жата берсең —
Үстіңе ұйтқып, лаулап өрт келеді...

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939)