Дастан Құрманбаев
23.9K subscribers
65 photos
13 videos
4 files
15 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Пайғамбарымыз ﷺ Айша анамызды “Аяш” деп еркелететін еді ❤️

#шәмәйіл
Пенде бәрінен жалығып кетеді. Өмірде мақсатына жеткен кезде жеңісінің баянсыз екенін түсінеді. Құдайға деген махаббат қана мәңгілік.

📚 Уақыттың көз жасы
Мекке 🕋

Меккеде (ұмраға, қажылыққа барғанда) бірнеше күн тұрарсың, бірақ содан кейін Мекке сенің жүрегіңде мәңгі-бақи мекендейді.

Мекке тек қана мекен емес, Мекке — заман! Меккеге барып келгеннен кейін сенің өмірің “Меккеге дейінгі” және “Меккеден кейінгі” болып екіге айырылады.

📚 Хадис-ус Сабах
Жүректегі балансты сақтау иманға, адамның сеніміне байланысты. Мына өмірде ізгілік жасай алмасаң да, адамдарды жақсы көру керек. Адамды бүкіл кемшілігімен сүйіп, кешіру арқылы Құдайға жақындауға болады. Кешірім — ізгіліктің алғашқы баспалдағы. Надан, тоғышар ғана кешіре алмайды. Адамдарды жек көретін пенделерден қатты қорқамын. Олар зұлымдық жасауға қабілетті. Біреуді ұнату, жақсы көру, сүю — ол қылмыс емес. Әлемді ізгілік, мейірімділік, Құдайға деген махаббат құтқарады.

📚 Уақыттың көз жасы
Меккеде Абдулла ибн Мухайриз деген табиғин* өткен. Жай табиғин емес, ірі табиғин. Тақуа. Оның тақуалығын Ража ибн Хайуа деген басқа табиғин былай жеткізеді: “Мәдиналықтар Абдулла ибн Омармен мақтанатын болса, біз, меккеліктер Абдулла ибн Мухайризбен мақтанамыз”.

* Табиғин деп сахабалардың көзін көргендерді айтады

Бір күні Абдулла ибн Мухайриз киім сататын дүкенге кірсе, біреу оны танып, дүкеннің егесіне “Бұл кісі Ибн Мухайриз. Бағасын түсіріп бер” дейді. Оны естіген Ибн Мухайриз ашуланып: “Біз ақшамызбен аламыз, дінімізбен емес”, — деп айтады.

Алла Тағала дүниені ақиреттің егістігі етті. Егініңді ерте орып алып жүрме! Егер бүгін орып алсаң, ертең оратын ештеңе таппай қаласың…

📚 Хадис-ус Сабах
Зүбәйр ибн Әбу Бәкір:

«Әкем Иракта жүргендегі хатында маған былай деп жазды: «Оқы, өйткені ғылым – жоқшылығыңда байлық, байлығыңда сән болар».

#АқназарИшанғали
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ІХ ғасырда өмір сүрген Әл-Асмағи деген араб тілі ғалымы айтады:

“Қағбаны тауап етіп жүрсем, бір бәдәуи араб Қағбаның жабуына жармасып алып:

“Я, Алла! Мені Әбу Харижаны өлтіргеніңдей өлтір”, — деп дұға жасап жатыр.

Мен одан: “Әбу Харижа қалай өліп еді?”, — деп сұрадым.

Сөйтсем: “Тамаққа тойып алып, жүзімнің шырынын сіміріп ішіп, күн шуақта жатып қайтыс болды. Тоқ, шөлі қанған күйде, жылы жерде жатып жан тапсырды”, — дейді. ))

📚 Хадис-ус Сабах

Шынымен, өмірде осыдан басқа арманы жоқ адамдар бар ғой. Құдайдан не сұрау керек екенін білуің — дұғаң қабыл болайын деп тұр деген сөз. Неге десеңіз, хадисте адамның ішінде жатқан арман-тілектердің де дұғаға жататыны айтылады…
Маған түк те керегі жоқ — сенсеңіз,
Жақсы жандар — жалғыз болмай — болса егіз.
Жоқты-барды жинай беріп қайтемін,
Бәрі қалар, бәрі қалар, өлсеңіз.

Қадыр Мырза Әли
Сопылардың мырзасы Жүнейд әл-Бағдади (8??-910): “Шүкір ету деген — Алланың бергенін Аллаға қарсы (яғни, күнәға) жұмсамау”, — деген екен.

Денсаулық, уақыт, ақша, абырой, өмір… бәрі-бәрі Алланың бергені ‼️

#жұма_мүбәрәк_болсын
Адамдармен араласқанды көп ұнатпаймын. Ойсыз көзді, санасыз басты кездестірем бе де қорқам.

📚 “Қарғын” романынан
Немен болса да, әйтеуір танымал болсам болды деп ойлайтындар бұрын да болған дегенім ғой. “Атың шықпаса жер өртенің” мысалы ☝🏻
Пенде мен ризығының арасында бір перде болады. Егер сабыр етсе, ризығы келеді. Егер ашкөздік қылса, пердені жыртады, әрі өз ризығынан артығын ала алмайды.

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын)

📚 Мауғизат-ул Хабиб уа тухфат-ул Хатиб

“Егер сабыр етсе” дегені — адал еңбек етіп, арам жолдарға жоламаса дегені. Өйткені бұл жердегі перде, Алла біледі — адал еңбек пен арам жолдың ортасындағы “қызыл сызық”.

“Пердені жыртады” дегені — шариғат шеңберінен шығып кетеді дегені.

“Әрі өз ризығынан артығын ала алмайды” дегені — бәрібір өзіңе бөлінген ризықты, бірақ арам жолмен аласың, сәл сабыр еткеніңде соны адал еңбеніңмен де алатын едің ғой дегені.
Төрт нәрсе пайғамбарлардың сүннеті (жолы):

“Ұялу, иіссу себіну, тіс тазалау және үйлену”.

📚 Хадис. Тирмизи
Шынайы мұсылман өзінің іс-әрекеттерін шындық таразысына тартады. Шындық таразысы деп отырғанымыз — шариғат таразысы.

Нуруд-Дин Итр (Алла рахымына алсын)

📚 Фи зиләл-ил Хадис
Қарым-қатынастағы қиындықтар мен түсініспеушіліктердің көбісі бір-бірімізді сыртымыздан әңгіме қылмай, бетпе-бет отырып әңгімелессек шешіледі екен ғой.

@452е
Сүйінші ‼️

Ал, құтты болсын, Аты жоқ podcast жамағаты! Бұл да бір жетістік шығар. Сіздердің жетістіктеріңіз!

Сүйіншіге ата(й)тындарыңыз болса, мархабат ))

4400 4302 1325 2171