Дастан Құрманбаев
24.3K subscribers
71 photos
15 videos
5 files
20 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
Пайғамбарымыз (‎ﷺ): “Қадір түні болғанда Жәбірейіл періште қаптаған періштемен Жерге түседі де, тұрып, отырып Алла Тағаланы зікір еткен әрбір адам үшін Алладан кешірім тілейді”, — деп айтқан. (Байхақи “Шуғаб әл-Иман”)

Бұл жердегі “тұрып зікір ету” дегені — тарауих, тахажуд т.с.с. түнгі намаздарды оқу. Ал “отырып” дегені — Құран оқу, дұға жасау, әртүрлі зікір сөздермен Алла Тағаланы ұлықтау.
Сахаба Әмр ибн Ас (Алла оған разы болсын): «Жүрек – сырды сақтайтын орын. Еріндер – сол орынның кұлпы. Ал тіл – оның кілті. Сондықтан әрбір адам сырдың кілтіне мұқият болсын», – деп өсиет айтқан.

#жұма_уағызынан
Бұл да бір сынақ шығар... Бәлкім жемқорлық салдарынан болып жатқан шығар. Тексеру жүргізілер, кінәлілер анықталар, жазаланар. Оны уақытында көре жатармыз. Бұндай үлкен табиғи апат соңғы 80 жылда болмаған деп жатыр ғой. Шынымен де солай шығар. Өйткені қазір Дүние жүзінде әртүрлі табиғи апаттар болып жатыр. Бүкіл Әлемге оңай болып тұрған жоқ... Ел болып бұны да еңсерерміз! Бірлік, ынтымақ бар жерде береке де болады. Жұдырықтай жұмылайық. Дұға жасайық, қаржылай да, қолмен де көмек көрсетейік. Азаматтығымыз, мұсылманшылығымыз сынға түсіп жатқан уақытта аянып қалмайық, ағайын! Алла жар болсын 🤲🏻
Алла Тағалаға ең қатты ұнайтын істердің бірі — мұсылманға қуаныш сыйлау: қиындықтан құтқару, қарызын қайтаруға көмектесу, қарнын тойдыру.

📚 Хадис. Байхақи
Кімде-кім адал табысынан садақа берсе, Мейірімді Алла оны ризалықпен қабыл етеді. Тіпті ол бір түйір құрма болса да, ол Мейірімді Алланың “алақанында” өсіп-өніп таудан да үлкен болады.

📚 Хадис. Муслим
Сахабалар Айт күні ең жақсы киімдерін киіп шығатын болған.

📚 Ибн Хажар. Фатх әл-Бари
Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұға-тілектерімізді, барлық ізгі амалдарымызды қабыл еткей!
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Жаббар Иеміз: «...Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...», – деп сүйінші хабар жеткізген.
Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні бір-бірімізге сыйлық беріп, қуанышқа бөлеу, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау – сауапты іс.
Көп қойылып жатқан сұрақ: “Ертеңнен бастап қаза оразаларымызды ұстай берсек бола ма?”.

Иә. Болады. Тек бүгін Ораза Айт күні ғана ораза ұстауға болмайды. Ал ертең айт емес. Кәдімгі күн.
Хадисте “Мешіт — әр мүміннің үйі” дейді. Бұл “үйге” рамазан айында келген қонақтар қайтады. Ал тұрғындары қалады…
Үйімізді тастап кетпейік деп жатқаным ғой.
Хадис ғұламасы Имам Науауи айтады:

“Шәууәл айында үйлену — мұстахап*!”

* Сүйкімді іс

📚 Шарх Сахих Муслим

Бойдақтар, қимылдаңдар ))
Бишр әл-Хафи деген әулиеден:

“Біреулер тек рамазан айында ғана ғибадат жасайды да, ай біткен соң тастап кетеді. Бұлар жайында не айтасыз?”, — деп сұрапты. Сонда әулие:

“Алла Тағаланы рамазан айында ғана танитын адамдар — қандай жаман адамдар!”, — депті.
Таң атса кештің батуын күтпе, кеш батса таңның атуын күтпе: ауырмай тұрып сау кезіңді, өлмей тұрып тірі кезіңді пайдалан!

Ибн Омар (Алла разы болсын)
Біздің кейде әркімді бір ұнатпай жататын кездеріміз болады ғой. Біреулерді “жақтырмайм”, “су қаным сүймейді”, “көрсем жыным келеді, қаным қайнайды” деп жатамыз әйтеуір. Бірақ кінәрат олардан емес, бізден болуы мүмкін екен.

Бірде Ахмад ибн Әбул-Хауари деген ғалым Әбу Сүләйман әд-Дарани деген ғұламаға (Алла ол екеуін рахымына алсын): “Пәленше мен түгеншені жақтырмаймын”, — деп айттым дейді. Сонда әд-Дарани оған: “Ол екеуін мен де ұнатпаймын. Бәлкім екеуміздің жүрегімізге бір кесір тиіп, онда дым жақсылық қалмаған шығар?! Сөйтіп салихалыларды сүймейтін болып қалған шығармыз?!”, — деп ойландыратын сөз айтқан екен.
Әбул-Фараж ибн әл-Жаузи айтады (Алла рахымына алсын):

“Дүние — көлік: мінсең көтереді, көтерсең өлтіреді”.

(Дүниені пайдалану керек, бірақ оған құл болмау керек. Біз оны емес, ол бізді арқалау үшін жаратылған)
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз.

Президенттің Ұлттық құрылтайда айтан сөзі
Жүрек — қазан, тіл — ожау. Жүректе не болса, тіл соны алып шығады.

Яхия ибн Муғаз (Алла рахымына алсын)
Дүниеде біреуге жұмсақ болсаң, ақиретте Алла Тағала саған жұмсақ болады.

“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)

📚 Ақылдылар бақшасы
Имам әл-Аузағи айтады (Алла рахымына алсын):

“Ғайбаттамайтын, қызғанбайтын, жек көрмейтін адамдармен көрші болғым келеді”

деп едім, адамдар мені қабір басына алып барды.

📚 Ибн Ражаб. Ілімдер мен хикметтер жинағы
Сен айналаңа, тіпті Әлемге өз көзіңмен қарап, өз ойыңмен баға беретініңді ұмытпа! Бәлкім бәрін кір қылып көрсетіп тұрған — сол өзіңнің көзің, лайлатып жатқан да — сол өзіңнің ойың шығар?!