Бір ақылгөйден: “Рас болса да айтуға болмайтын сөз қайсы?”, — деп сұрапты. Сонда ол: “Адамның өзін-өзі мақтауы”, — депті.
Күшіңе сеніп адамдарға зұлымдық қылмақ болсаң, Алланың күш-құдіретін қаперіңе ал!
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз
Мал мен бала — бұ дүниенің сәні!
“Кәһф” сүресі, 46-аят
“Кәһф” сүресі, 46-аят
Әнәс ибн Мәлик деген бала күнінен Пайғамбардың ﷺ тәрбиесінде болған сахаба айтады: “Пайғамбар ﷺ бізді еркелетіп, ойнататын және бізді аяғына отырғызатын”. Тағы бір сөзінде: “Пайғамбар ﷺ бізге көркеммінезділікті, ғибадаттарды үйрететін. Уағыз айтып, бағыт-бағдар беретін”, — дейді.
Әбу Һұрайра деген Пайғамбардың ﷺ қасынан бір елі қалмаған сахаба айтады: “Пайғамбар ﷺ балалардың бетінен сүйетін, оларға өзі сәлем беретін”.
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Әбу Һұрайра деген Пайғамбардың ﷺ қасынан бір елі қалмаған сахаба айтады: “Пайғамбар ﷺ балалардың бетінен сүйетін, оларға өзі сәлем беретін”.
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Тағы бір сөзінде Әнәс ибн Мәлик айтады, Пайғамбар (ﷺ): “Балаларың жеті жасқа толса, оларға намаз оқуды бұйырыңдар. Ал он жасқа толғанда, оқымағаны үшін нұқып қойыңдар және төсектерін бөлек салыңдар”, — деп айтты. (Әбу Дәуіт, Тирмизи)
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Айша анамыз айтады, Пайғамбар (ﷺ): “Балаларыңа теңдей қараңдар! Балаларыңа теңдей қараңдар! Балаларыңа теңдей қараңдар!”, — деп бұйырды. (Әбу Дәуіт)
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Абдулла ибн Амр деген сахаба айтады, Пайғамбар (ﷺ): “Алла Тағалаға ең қатты ұнайтын істердің бірі — адамның өз баласына дұға жасауы”, — деп қызықтырды. (Тирмизи)
Баяғы салихалылар “Тәрбие — ата-анадан, ізгілік — Алла Тағаладан” деп айтады екен.
Балаға тәрбие берумен қатар Құдайдан оның ізгі жан болып өсуін сұрау керек.
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Баяғы салихалылар “Тәрбие — ата-анадан, ізгілік — Алла Тағаладан” деп айтады екен.
Балаға тәрбие берумен қатар Құдайдан оның ізгі жан болып өсуін сұрау керек.
#пайғамбар_және_бала_тәрбиесі
Әркімнің Исламға көзқарасы әрқандай... Себебі оған әркім әртүрлі “көзбен” қарайды. Заманында біреулер Мұхаммед Пайғамбарға ﷺ кәдімгі адами көзбен қарады. Сөйтіп одан туралық пен шындықтың, әсіресе пайғамбарлықтың белгілерін көрді де иман келтіріп, ізіне ерді. Енді біреулер оған нәпсі көзімен тәкаппарлық терезесінен қарады да, одан Әбу Тәліптің жетімін, Әбу Кабшаның сүт баласын, кедейліктің мысалын көрді. Сөйтіп оған сенбеді, жолымен жүрмеді.
📚 Рамадан әл-Бутыйдың “Ислам — барлық адамзат қоғамының панасы. Неге және қалай?” кітабынан қысқартып алынды
📚 Рамадан әл-Бутыйдың “Ислам — барлық адамзат қоғамының панасы. Неге және қалай?” кітабынан қысқартып алынды
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Кімде-кім бауырының бір шаруасын бітіріп беретін болса, он жыл иғтикаф қылғанның сауабынан да көп сауап алады. Ал бір күн Алла разылығы үшін иғтикаф қылғанның сауабы: Алла Тағала ол адамды үш хандақ қашықтығындай тозақтан алыстатады. Ал бір хандақтың қашықтығы Батыс пен Шығыстың арасынан да асады”. (Табарани, Хаким)
*Иғтикаф — ғибадат ниетімен мешітте біраз отыру.
*Иғтикаф — ғибадат ниетімен мешітте біраз отыру.
Өтірікшіде айла жоқ, қызғаншақта тыныштық жоқ, сараңда адамгершілік жоқ, еріншекте уәде жоқ. Ал мінезі жаман басшы бола алмайды.
Табиғин ғұлама Ахнаф ибн Қайс (Алла рахымына алсын)
Табиғин ғұлама Ахнаф ибн Қайс (Алла рахымына алсын)
Қоғамдағы күнә-қылмыстың барлығы дерлігі дүние үшін болады. Сол үшін адамдар бір-біріне мейірімсіз, әділетсіз. Сол үшін жемқор. Сол үшін ағайындарымен араз. Сол үшін... “Зілзала” сүресінің 2-аятында Қиямет орнағанда Жер қатты сілкініп, астындағының барлығы бетіне шығатыны айтылады. Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: “Жер ішіндегі алтын, күмістің барлығын құсып тастайды. Сол кезде адам өлтіргендер келіп “осы үшін өлтірдім” дейді. Ағайынымен араздасқандар келіп “осы үшін араздастым” дейді. Ұрлық жасағандар келіп “осы үшін жасадым” дейді. Бірақ соңында ешкім ештеңе алмайды. Бәрі де жайында қалады”.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Егер іс емес сөз бағаланатын заманда өмір сүріп жатсаң, онда ең жаман адамдардың ортасында, ең жаман кезде өмір сүріп жатқаның.
Табиғин ғұлама Сәләмә ибн Динар (Алла рахымына алсын)
Табиғин ғұлама Сәләмә ибн Динар (Алла рахымына алсын)
Түнімен намаз оқып, күні бойы ораза ұстасаң да, егер тіліңе еге болмасаң қияметте сауапсыз қаласың.
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)
“Бесінші әділетті халифа” Омар ибн Абдул-Азиз (Алла рахымына алсын)
Аузы берік адамның кедей болуы шарт емес. Бірақ мұқтаж жанның аузын аштырған абзал. Себебі ол ауыз аштырумен қоса мұқтаж жанға садақа берген болып саналады.
Сондай-ақ аузы берік адамды тамақтандырып тойдырған адам да, құрма немесе су беріп ауызды аштырған адам да сауапқа кенеледі. Алайда тойдырған адамның сауабы мол болады.
“Рамазан оразасына қатысты пәтуалар” кітабынан.

Имам Ахмадтың баласы Абдулла айтады (Алла рахымына алсын):
“Әкем намаздан кейін “Я, Алла, Өзіңнен басқаға сәжде етуден сақтағаныңдай, Өзіңнен басқаға қол жаюдан да сақта” деп дұға жасайтын еді”.
📚 Әл-Қари. Мирқат, 1/70
“Әкем намаздан кейін “Я, Алла, Өзіңнен басқаға сәжде етуден сақтағаныңдай, Өзіңнен басқаға қол жаюдан да сақта” деп дұға жасайтын еді”.
📚 Әл-Қари. Мирқат, 1/70
Баяғы салихалылардан қалған сөз бар: “Дүниедегі ең қымбат зат — адал бауыр”.
📚 Ибн Әбуд-Дуния
📚 Ибн Әбуд-Дуния
Өлімді жиі ойлайтын адамның көреалмаушылығы мен зұлымдығы азаяды.
Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Әбу Дарда (Алла разы болсын)
Білімнің көркі — тақуалык пен жұмсақтық.
Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)
Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)
Бір мұсылман тал ексе, не егін ексе, сосын одан құс, адам, жануар жесе соның барлығы оған садақа болып жазылады.
📚 Хадис. Бұхари
📚 Хадис. Бұхари