tagylym
978 subscribers
101 photos
48 videos
39 files
74 links
"Раббым ілімімді арттыр"

НМУ студенті

Кері байланыс: @Tagylym_bot

Аудио-подкаст: @podcast_123
Download Telegram
Сендердің ең жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны басқаларға үйреткендерің. Әлбетте, 600-ден астам бетті есте сақтау оңай дүние емес, дегенмен әлемде миллиондаған Құран ғашықтары қариларға қарап, мен де жаттай аламын деген үміт әр адамның бойында болу керек.

Нұриддин қари

#құранжаттау
Құран жаттау үшін БОС болу керек пе?!

📝 Көп адамдар дәл осы жерде👆 ҚАТТЫ ҚАТЕЛЕСЕДІ.

📚 "Құран жаттау үшін уақытым болуы керек, бос болуым керек" деген ЖАЛҒАН ОЙЛАР АДАМДЫ ҚҰРАН ЖАТТАУДАН АЛЫСТАТАДЫ.

❗️ Кейде қызметтегі кісілер Құран жаттап, оқу үшін жұмыстан шығу керек шығар деп жеңілдетілген амалды қиындатып жатады.

❗️ Құранды жаттау - қиын іс секілді болып көрінеді. Бірақ, Алла Тағала әрбір ұмтылған жанға ЖЕҢІЛДЕТІП қойды емес пе?!

❗️ Құран жаттап бастау үшін сағаттап отырудың қажеті жоқ. Күніне 30 минут Құранға арнасаңыз ЖЕТКІЛІКТІ. АЛАЙДА, БҰЛ ПРОЦЕСС КҮНДЕЛІКТІ ЖАСАЛЫНУЫ ТИІС ЕКЕН. Аптасына 1 күн Құранға көңіл бөліп, келесі күні уақыт бөлмесе ОЛ ТИІМСІЗ.

Алла Тағала баршамызға ілім алуымызды және сол жолда сабыр беруін нәсіп етсін

#Құранескерту #құранжаттау

@furqan_qm
- Құран жаттауда тек қана жақсы есте сақтау қабілеті ғана емес, сондай-ақ "көздің" де алар маңызды орны ерекше.
Жалпақ тілмен түсіндіргенде: көз Құран аяттарын,яғни жатталып жатқан бетті "скрин етуші қызметті атқарады."
Мидағы жатталған аяттарды көз алдыңа келтіре білу есте сақтауды нығайта түседі.
Ал харамға назар салумен кірленген көздер Құран парақтарына сағаттап қарап отырса да скрин жасай алмайды.
@abuhadijja

Сондықтан тек бір кітаптан жаттау кеңес етіледі, соткадан емес.

#құранжаттау
Бізді құртатын "ТЕЗ - ТЕЗ"...

📝 "Қалай Құранды тез жаттаса болады?"деген сынды сауалдар көп келеді.
Мынаны ұғайықшы:
📍 ЕҢ АЛДЫМЕН, асығыстық шайтаннан;
📍 Мынадай заңдылық бар❗️
Қалай ТЕЗ-ТЕЗ жаттайсыз, солай ТЕЗ- ТЕЗ ұмытасыз❗️
📍Құранды судыратып тез - тез жаттап не керек, ЕГЕР жүрекке жетіп, сананы оятып, бізді өзгертпесе⁉️ ҚҰРАНДЫ ОҚЫП, ЖАТТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ, ҚҰНДЫЛЫҒЫ ОСЫНДА.

📍 Құран жаттауда, үйренуде жақсы ЕРЕЖЕ бар👇
АЗ - АЗДАН ҮЗДІКСІЗ

👍Құран жаттауда шыдам мен тұрақтылық аса маңызды: КҮНДЕЛІКТІ ҚҰРАН ЖАТТАУ БІР БӨЛЕК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ҚҰРАН ЖАТТАП/ҮЙРЕНУДЕ ШЫДАМДЫЛЫҚ БІР БӨЛЕК.

📍 ҚҰРАН ЖАТТАУДА ҚАНША УАҚЫТТА ЕКЕНІ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС, ҚАНШАЛЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫҢЫЗ - СОЛ МАҢЫЗДЫ

📍 Құранды асығып жаттаған кісілер екінші рет қайтара жаттап жатады. Себебі: АСЫҒЫСТЫҚ.

📍ЖАТТАУДАН БӨЛЕК ҚАЙТАЛАУ ДЕГЕН ҚҰЛШЫЛЫҚ БАР. АЛ БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ.

#Құранескерту #құранжаттау
@furqan_qm
Құран жаттау оңай, қайталау қиын.
Себебі бір жаттаған Құранның бетін өмір бойы қайталап жүруді қажет етеді.

Қалай жаттағанды ұмытпауға болады?

Жаттаған параларды немесе беттерді 7-10 күнге бөліңіз, ол тым ауыр болса мейлі 20 күн, шамаңызға қарай. Солай күніне аз-аздан қайталап отырасыз. Ескеретін нәрсе жатқа қайталау қажет.

Бірінші жатқа, содан соң кітаптан (тексеру үшін) қайталасаңыз тіпті жақсы, себебі тек жатқа оқыған кезде қате кетуі мүмкін. Бірақ, тек кітаптан қайталаудың қатты пайдасы жоқ, себебі ол кезде қай жері әлсіз жатталғанын байқай алмайсыз.

Қай кезде қайталауға болады?

Намазда (қайталаудың төресі),
Ұстазға тапсыру,
Досыңызға оқып беру,
Автобуста отырып қайталау,
Кезек күтіп тұрғанда,
Жолда кетіп бара жатып (ойыңыз бөлінбейтін болса),
Ұйқыға жатарда, төсекте әрі аунап бері аунап ұйқы келмей жатқанда,
Не істерін білмей іш пысып отқанда
т.б. қайталауға болады.

#құранжаттау #құранқайталау #такрор
Құран жаттау - оңай, қайталау - қиын. 1 бетті 1 күнде жаттауыңыз мүмкін, бірақ оны қайталау - өмір бойы болмақ.

Бірақ, қайталауда тұрақтылықты сақтап, құранды пысық қалыпта ұстап жүрсеңіз, сізге қайталауда оңайланады.

#құранжаттау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM