𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.31K subscribers
918 photos
92 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
📔әл-И'тисам бис-суннаһ:

Бидғаттың ұсынылу (суреттелу) жолына қараған әрбір ақыл иесі оның айыпталған іс екенін білетіні жасырын емес. Себебі оған еру тура жолдан шығу және соқырлыққа (надандық) бет бұру. Бұның дәлелдері:

🔹Дүние жаратылғаннан бері тәжірибе тұрғысынан ақылдың өздігінен дүние және дін істерінде пайдалылығы мен зияндылығын ажыратуда дәрменсіз екені білінді. Мысалы Адам (عليه السلام) жерге түсірілгенде дүние істерін қалайша істей алды, егер бұл нәрселер оған бұған дейін мәлім болмаған болса? Тек, оның білуі Аллаһтың ﷻ "Адамға барлық нәрсенің атауын үйретті" деген аятының ішіне кіреді деп түсіндіргендердің сөзіне қарасақ, бұл ілім ақылдың негізінде пайда болмаған. Кейін оны ұрпақтары мирас қылып меңгеріп алды.

🔹Аллаһтың ﷻ құлдарына елшілерді жіберу мейірімі (нығметі) болмағанда, олардың өмірі туралықта болмаған болар еді.

🔹Шариғат толықтай (кәміл) болып келді. Ол ешқандай қосу мен кемітуді қамтымайды. Мәидә сүресі 3 ші аятта айтылғандай.

🔹Пайғамбарымыз ﷺ дүние және дін істерін толық баян (түсіндіру) қылмайынша дүниеден өткен емес. Бұл тұжырымға аһл ус-сунна ғалымдарынан еш қарсылық жоқ.

🔹 Осылай болған болса, бидғат иесінің сөзі мен ісінен мынаны түсінеміз: "Шариғат кәміл болмады. Қосылуы міндетті н/е мустахаб болған жерлері қалды". Себебі, егерде ол шариғаттың барлық жағынан кәміл, толық екеніне сенімді болғанда, өз бидғаттарын шариғатқа қоспаған болар еді. Осыны айтушы (яғни, шариғат кәміл емес деп) тура жолдан адасушы.

🔹Ибн әл-Мажишун (رحمه الله): Имам Малик (رحمه الله) айтты: "Кімде-кім Исламда қандайда бидғат шығарып және оны жақсы деп таныса, онда ол Мухаммад ﷻ елшілігіне (дін жеткізуде) қиянат (опасыздық) жасады" деп ойлады. Себебі Аллаһ ﷻ айтты: "Бүгін сендерге діндеріңді кемеліне жеткіздім" деп. Сондықтан сол күні дін болмаған барлық нәрсе бұл күні де дін бола алмайды.

‼️жалғасы бар..

Canal: https://t.me/taammul

#aqıda #fıqh
‼️Мен түсінбейтін және одан Раббымнан пана тілейтін бір ұстаным бар..

Барша жаратылыстың жалғыз жаратушысы Аллаһқа ﷻ риясыз мадақтар болсын! Қазіргі таңда әлеуметтік желілер арқылы жан жақты, әр елдің ахуалынан хабардар болып отырамыз. Сол бақылауымызда қазір төменде баян ететін жайтқа да куәміз. Әр елде, әр жерде бар нәрсе.. Сонымен әңгіме былай..
Ел асып, жер басып шариғат ілімін үйреніп жүрген, еліне оралған, тіпті кейбірі турасында дін саласының маманы деген де сөздер айтылып жүрген ілім жолындағы азаматтар көп-ақ. Ілімдері артып, қадамдары бекіп, нұрға бөленіп, дәрежесі көтеріліп енді жамағатқа (үммет) көшбасшы болады-ау деген үміт болады. Себебі қай заманда болмасын жамағатты ілім иелері жетелеген. Қарапайым халық өз жолдарын солардың бағытына қарай бұрған. Бірақ қазір сондай өкінішті жайт бар. Біреулер қорсылдамасын, біреулер қыңсыламасын, солардың көңілі тоқ болсыншы деп, қарапайым жамағаттың шариғи негізсіз көңіл қалауларының негізінде қалыптастырған жүйелі түсінік пен ұстанымдарына асыл дінімізді ыңғайлы түрде сәйкестендіріп беруге ұмтылып, дінде барды жоқ деп, жоқ болғанды бар деп бір-екі ауыз сөз болсын айтып қалуға, тіпті кейбірі осы бағытта сағаттап уағыз қылуға дейін барып жүр. Неге басшылыққа Құран мен сүннетті (ілгеріде өткен ізгі ғалымдарымыздың түсініктемесімен) алуы керек болған ілім жолындағылар керісінше жамағаттың ыңғайына жығылып жүр? Жамағатты қойып, сырттағы дінге салғырт, салқын қарап жүргендердің де ыңғайына иілу бар? Неге? Осы бағытта жалғасқан ұстаным мен көзқарас арқылы әр адамның жеке бас тұрмыс тіршілігінде, мұсылманмен және ғойр мұсылманмен болған мәмілесінде Аллаһтың ﷻ діні үстемдік етіп, әр сөзі мен ісіне төреші бола алады ма? Дінге деген қызғаныш ше? Қашан оянады ол? Дін аманатын сезіну ше? Әлбетте бұл мәселе осы жерде айтылған бір жазбамен шешілмейді. Онда неге жараның бетін қасыдым? "Әркім өз тарапынан осындай ұстанымның қалыптасуына қалай әсер еткен болса, оның қирауына да сондай әсер берейінші" деген ой түйсе екен деген мақсат болған еді. Мысалы ілімнен үлесі бар, жамағаттың алдында сөзі тыңдалып жүргендер оларды сүннетке жетелесін, ал жамағат өз кезегінде шариғат үкімдерін қалай бар болса, солай қабылдап (жеңілдік жолын іздеп, қарсылық білдіріп, үкім жеткізушіні тығырыққа тіремей), өз дәрежесінде амалын қылуға тырысушылық танытсын. Осылайша әркім тура жолға туралықпен ұмтылса, ізгілердің жеткен жеріне, берекетіне, тазалығына, қадірлігі мен үстемділігіне қол жеткізерміз. Раббымыз Аллаһ ﷻ Елшісінің ﷺ жолында табанымызды бекем қылып, оның шапағатына ұмтылуға үлкен күш-жігер мен қайрат, сол жолдағы кедергілерге сабырлық, сонымен қатар (ең маңыздысы) шынайы ықылас берсін. Йа Аллаһым! Біздерді тастап қойма! Біз Сені таңдадық және Сенен ажырап қалу біз үшін ең үлкен қасірет. Дініңді кәміл ұстана отырып, разылығыңа бөленіп, Дидарыңмен қауышуға тауфиқ бер. Өкініште қалдырма бізді! Біздерді әрдайым Өзің бізбен бірге болуыңа лайықты ет!
آمين يارب العالمين!


Canal: https://t.me/taammul

#daģýat #aqıda #motıvasııa