𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.38K subscribers
911 photos
90 videos
8 files
1.97K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
IMG-20211106-WA0028.jpg
140.8 KB
📔Ілияс Есенберлин, Көшпенділер, І том, Алмас қылыш.

🖋️Тәңіршілер сынды сауатсыздарға салмақты жауап екен. Қазақтың арғы атасы ”кәпір” болған деп Керей Қарақожа сөйлеп отыр. Бұл мұсылмандықты хақ дін дегені. Қазір толықтай елдің діни ұстанымын былай қойып, шариғатқа қайшы болған дәстүрдің өзіне тіл қатуға болмайды. Азғындыққа бой алдырған жарым естілер үмметтің арыстандары әйелдеріміз сияқты үйдің бір бұрышында иғтикаф қылып, дінін шаңырағынан тысқары шығармай ұстанбайынша тынышталар еместей. Қасырет-ай..

📔Мен куә болған ғасыр..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Пайғамбарымыз ﷺ айтты:

Кімде-кім Аллаһтың ﷻ Кітабы (сөздері н/е мағынасы) турасында (ешқандай ілімсіз, шариғи қағидаларға сәйкес келген араб тілі имамдарының ешбірінің сөзіне сүйенбестен) құр ақылымен (көңіл қалауы бойынша) сөйлеп (пікір білдіріп), айтқаны тура келсе де (ақылмен айтқаны нақылға сәйкес болуы), қателескен болады.

📔Сунан Әби Дәуд.

Бұл мағыналас "Кім Құран турасында ілімсіз сөйлесе, орнын оттан дайындай берсін" деп те жеткен хадис бар. Өте абай болайық!

📌Жалпы бұл хадис турасында Имам Бәйһақидің (رحمه الله) жақсы түсіндірмесі бар. Ізденушілер соған жүгіну арқылы кең түсінікке иә болса болады. Ал бұл жерде осылай қалдыруды жөн көрдік. Себебі нәпсілерімен жүзеге асқан істерін қорғап қалуда және өзгені айыпты қылуда алдына жан салмайтын жандар аят хадисті құр ақылдарына салып, өз ситуацияларына сай оңды солды пікір білдіре беруді әдетке айналдырған екен.

Canal: https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Айтылған сөзді естігеніңе қанағаттанып қалмастан, оның айтылу себебіне үңіле біл. Естілгенді ғана естіме, естірткісі келгенді есті. Есту қабілеті құлағыңда ғана емес, жүрегіңде де болсын.

📔Жүрек үндеуінен..

Canal: https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Тобырдың надандығына күйініп, үлкен жанашырлықпен араларына кіріп, ақиқатты насихат қыламын деген ниетпен іс қылып бастап, кейін олардың көңілдерінен орын алып бастағанын байқағасын, соны жоғалтып алмасы үшін (арасында) солардың деңгейіне түсіп, шариғат шеңберінен шығып кететін бауырларыңыз бар болса, есіне "Дін құрал емес" дегенді салып отырыңыздар. Мақсаттан ажырап қалмау - үлкен еңбекті талап етеді.

📔Мен куә болған ғасыр..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Нияз Әбу Румейса:

Бүгінгі күні дамыған ақпарат құралдарының себебінен адамдар әлемдегі орын алып жатқан әрқандай зұлымдықтарға куә. Оның ішінде мұсылман қауымының ұстанған дінінің және оған болған шақыруының себебінен ең кемі - үркіту мен қорқытуға, одан қалды абақтыға қамалу, одан зоорғысының шегі жоқ амалдарды бастан өткерулері. Ойымды қысқа жеткізуге тырысайын. Әрбір пайғамбар Аллаһтың ﷻ тарапынан бұлтартпас айғақпен келіп, пайғамбарлығы мен шариғатын айқын дәлелдей алғанда, дін дұшпандарының иелігінде Аллаһ елшілерінің (عليهم السلام) құжатына қарсы күш көрсетіп, зұлымдық қылудан басқа амалдарының қалмауы. Ибраһим (عليه السلام) пайғамбардың қауымы оның дағуаты тоқтасын деп оттың ішіне қамауға алулары сияқты мысалдардың бізге әбден анық хабарлармен жеткені рас. Енді, осы сынды қиссалардан түсінуіміз керек болған бір зат болса ол: дін дұшпандарында ақиқатқа қарсы құжат қалмағанда зұлымдық жасаулары - олардың сүннеті болса, сол уақытта зұлымдық көрушіге үлкен бір жәрдем мен жеңіс берілуі - Раббымыздың ﷻ сүннеті. Сөзсіз Аллаһтың ﷻ заңдылығынан еш өзгеріс те, өзгертушілік те таппайсың. Басқаға арамдық ойлап құрылған тұзақ тек өз иесін орға жығады. Олай болса ақиқат жолында табандылық қылыңдар! Зұлымдыққа ұшырататын жол Хаққа апаратын жол емес екен деп қателесіп алданбаңдар!

📔Мен куә болған ғасыр..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
"Жаңа жыл турасында не айтасыз?"

Осы сұрақ қаңтар айының ортасына дейін жалғасатын шығар.. Не айтуым керек? Барлығы айтылып қойды ғой.. Ескі жылды ғапілетте өткізгендер келер жылда өмірдің мәнін түсінсін.. Көңіл қалауларының құлдығынан арылып, Раббыларына қарай бет бұрсын.. Қиямына тұрып, жүзін құбыла тарапқа қаратып, рукуғына иіліп, сәждесіне жығылып, Раббысынан жаңа жылдарында жаңа бағытта ғұмыр бастауларын сұрасын.. Шайтан лағнет оларды Аллаһтың ﷻ жолынан қанша алысқа адастырып әкетпесін. Аллаһтың ұлылығына серт!Аллаһ оларды кешіреді,тәубемен рақым есіктерін қағатын болса.. "Барлығы уақытша" деген сөз сенің де сынақ алаңындағы күн көрісің таусылады деген сөз.. Күтпеген жерден еш дайындықсыз Раббыңа қайтып кетуден қорқып жүр.. Өлім ақиқатының хабары оған дайындалу үшін ғана.. Дайын бол!!! Ақырет сапарына азық жинар уақытың аз ғана, ал сапар болса тым ұзақ..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Әйелдерімізге қатысты Пайғамбарымыздың ﷻ өсиеті жеткілікті болатын еркектерден болайықшы! Ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ соңғы сәттерінде де әйел затын аманат қылып кетуі бекер емес екен. Ары үшін жаны қиылып жатқан жырақтағы әпке - қарындастарымыздың жасын сүртіп, қорған болуға үзірліміз - мыс. Бірақ жастығыңа ортақ болған жанның жасын төккеніңе қандай үзір айтпақшысың? Күллі заттың сұрауы болатын күнге иман келтірдің емес пе?! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat #neke
🔸اللهم ارحم و أصلح امّة محمد ﷺ!

..🖋️"Адасып қалмайын деп жүрмін" деген сылтаумен дінсіз ортаға сыйысып, кейін діни ұстанымы қалай бұзылып кеткенін, тіпті кейбірін діні тәрк етіп кеткенін аңғармай қалатындардың заманы болды.. Дұрыс, адасып қалмаң?! Адасушылықтан сақтану керек?! Бірақ адасушылықтың үлесі дінді қатты ұстануда емес, оған өте салғырттықпен қатынас қылуда көбірек екенін тіптен ескермейтіндіктеріңіз қынжылтады.. Жанға батады.. Дініңнің қадірін білші, өтініш?! Шариғаттың кемелдігінен оның Иесінің ﷻ шексіз даналығын табасың. Бір кітапты оқу арқылы оның авторын тани түсіп, көңілімізден орын беріп жатамыз ғой. Енді ойлаңызшы Раббыңыздың ﷻ дінін толықтай өміріңізге алып келіп, тұрмыс - тіршіліктегі әр сәтіңізде Онымен ﷻ байланыста жүрсеңіз жүрегіңізде Раббыңыздан ﷻ басқаға орын қалады ма? Аллаһ Ұлық! Беруі жеңіл болған Раббымызға ﷻ оны алып қоюы қиындық тудыртпайды. Сорлап қалмайықшы, ағайын! Имандылықтың қадірін білейік! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
📌Бауырың жайлы жақсы ойда бол!

🔹Абыройы төгілген қыздың орамалға оранып, Рамазан айының оразасын ұстап бастағаны дінмен ойнау емес. Бұл - имандылықтан.

🔹Жын-ойнақ мекендер мен арам суларды тастап, ессіз музыка емес Раббысының кәләмі Құранды тыңдап бастағаны жасандылық емес. Бұл - иманның шыңы.

🔹Шаң басқан Құран кітабын қолына алып, оқып бастағаны елге еліктеушілік емес. Бұл - иманның қуаты.

🔹Шариғи тақырыптағы жазба, аудио, видеоларды таратып жүргені жасампаздық емес. Бұл - оның жүрегінде иман нұры болғандықтан.

🔹Дауысы да жарасымды болмаған пенденің тәжуидсіз Құран оқығаны ұялатын іс емес. Бұл - оның жан дүниесінің сұлулығы.

🔹Күнделікті бос тұратын мешіттер жұма мен айт күндері және Рамазан айында толықсып қалуы екіжүзділік емес. Бұл - қоғамда әлі де ақиқаттың бар екендігі.

‼️Ешқандай қазбалаусыз, жаман ойға барусыз өзгелердің жақсы амалын қабыл ет! Ластанған жүрегіңнің таразысына салып бағалама! Әрбір істің төрешісі Аллаһ Тағала. Сенің міндеттің Раббысына ﷻ қарай жүздерін бұрған үмметтің һидаятынан қуаныш табу ғана. Өзіңнің де кешегі күні қандай нәжістен бас көтергеніңді ұмытпа! Аллаһтың ﷻ тауфиғы болмағанда, Аллаһ Тағала біздерді тастап қойғанда, ізгілер бізге дұға қылмағанда, жанашырларымыз насихат қылмағанда қандай болар едік?

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🕌Намаз оқымайтын адам нені жоғалтты н/е намаз оқушының өміріндегі бір сәт жайлы..


🖋️Сахих әл-Бухари мен Муслимде келген хадисте мешітке намаз оқуға келген кісіге нәсіп болатын бір нығмет жайлы айтылады. Ол нығмет пенде намазын оқыған жерде отырған уақытында періштелер ол үшін салауат қылып, мына дұғаны айтады:

🔹اللهم ارحمه! اللهم اغفر له! اللهم تب عليه!

🔹О, Аллаһым! Оны рақым ет! О, Аллаһым! Оған кешірім ет! О, Аллаһым! Оның тәубесін қабыл ет!



Сол үшін де ғалымдарымыз намаз оқушының намазынан шығу сәлемін бергенінен кейін лезде тұрып кетпей періштелер осы дұғаны айтып болатындай уақыт отыруын құп көрген.


📌СубханаЛлаһ! Аллаһтың ﷻ намаз оқушы құлдарына деген кеңшілігі қандай десеңізші?! Періштелердің оған рақым мен кешірім сұрап дұға қылуы дегенді түсінесіз бе? Олардың дұғасы Аллаһтың ﷻ алдында қабыл ғой. Намаз оқушыға берілетін сауаптар көп-ақ негізі.

🔹Намазына дайындық қылып дәрет алғанында қанша сауап пен күнәларына кешірім бар!

🔹Сол ғибадаттарын қылуы үшін күш-қуат жинап алайын деп ішкен асы мен тынығып алайын деген ұйқысына да қанша сый бар десеңізші?!

🔹Намазына асығып, мешітке қарай басқан әр қадамы үшін дәрежесі көтеріліп, күнәлары кешіріледі.

🔹Аллаһ ұлық! Бұл қандай мейірім! Сіз ойламаңыз "Мен күніне 5️⃣ уақыт бүгіліп тұрудан ғана бас тартып жүрмін" деп. Жоқ, сіз теңдессіз нығмет пен мол сауаптан және Раббыңыздың ﷻ махаббатынан бас тартып жүрсіз. Келіңіз, Қиямет күні Аллаһтың ﷻ мейірімі мен кешіріміне бөленген жәннаттық құлдардың сабынан табылуыңыз үшін, бізбен бірге бір саптан табылыңыз!


Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Мухаммад әл-Әмин әл-Һарари әш-Шәфи'и (رحمه الله):

Күнәларының салдарынан қорқып, Раббысының ﷻ кешіріміне үмітті болуы керек. Өмірінің соңы қалай болатынын білмегендіктен есендікте болғанында қорқынышы үмітінен басым болуы керек. Ал өлім ауызында жатқан уақытында Аллаһ Тағала турасында жақсы ойда болудың негізінде үміті басым болуы керек.

📔Хадаиқ ур-Рух уә ар-Райхан.


📌Бұл ескертпе хафиздерге қажетті (міндетті) болған амалдардың тізбегінен алынды. Біздер бұл насихаттың хафиздардан бөлек басқаларымызға да ортақ екенін ескеруіміз керек. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ!

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎞️Құрметті бауырым! Ата-анаң мен әпке-қарындастарың тіпті басқа да туыстарың мен көршілеріңнің әйелің мен бала-шағаңа болған мәмілеңе қарап алатын әсері болатынын ескер. Егер отбасыңа болған мәмілең көркем болмаса, онда өзіңнен басқаға шағымданбай ақ қой. Себебі сенің насихатың - мәмілең.

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat #neke
🖋️Медреседе фиқһ бойынша ең алғашқы оқыған кітабымыздың бірі Мунят ул-Мусолли кітабы еді. Ол кітапта бір мәселенің төңірегіндегі бірнеше қоулді жеткізіп фәтуа қайсында екені айтылмай кететін тұстары бар. Сол тұстарда ұстазымыздан фәтуа қайсында екенін сұрағанымызда "бұл жер дәр ул-ифтә емес" деп жауап қататын. Ал қазір толибтардың каналы дәр ул-ифтәға айналып кеткеніне куәміз. لا حول ولاقوة إلا بالله

🔹Қазіргі уақытта шариғи кітапқа үңіле алған жанның әрбірі әр жаққа тартып жатқандығы өзгелерге де солардың қатарына қосылып, өз жағына тартушылардың бірі болуға мотивация болып жатқан сияқты..

🔹Және бір таңқаларлығы толибтарға қарағанда қарапайым жамағаттың әдеп ақылағы басымырақ түсіп жататындығы.

🔹Асылында әрбір ілім ізденуші (әсіресе өзіме қатысты) үмметке барынша Пайғамбарымыздың ﷺ мирасынан ала алғанын жеткізуге тырысуы керек. Тәрибедегі ұсқынсыздыққа әбден қаныққан жамағаттың жанарына көркемдікті ұсыну - оларды қараңғылықтан нұрға шығарудағы бірден бір себеп.

🔹Біздер тәрбиесінің тізбегі Пайғамбарымызға ﷺ барып тірелетін ұстаздарымыздың атына сөз келтірмеуге тырысайық. Көпшілікпен жұмыс қылғанда алғанымыз өз бойымызға қаншалықты сіңімді болып жатқанына зер сала отырайық. Сөзді жеткізушілер көп, бірақ іспен көрсете алушылардың жөні бөлек.

🔹Әрқандай сындар мен айыптауларға сабырлық танытып, үммет үшін пайдалы болуға ұмтылып жүрген, адамдардың өміріне дін келуіне барынша ат салысып жатқан бауырларымыздың еңбегін Раббымыз ﷻ қабыл етсін! Аллаһу Тағала ешбір істі зая етпейді.

📌Сіз жете алмаған деңгейге дүние лаззаттарынан бас тартып, түрлі қиыншылықтарға төзімділік танытып, берген құрбаншылығының нәтижесін сіздермен бөлісіп жатқан толибтардың қадірін біліңіздер, жамағат! Әрі олар үшін тілектес болыңыздар. Шынайы жанашырлық танытып, олқылықтарының орыны толуын, кемелдене түсулерін тілеп, дұғаларыңызда ескере жүріңіздер! Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ!
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Ибн Шәузәб (رحمه الله):

Ғалымдарымыз (رحمهم الله) жиналып, қайсы нығмет абзал екендігі турасында талқылады және олар "Аллаһтың ﷻ бір бірімізден айыбымызды жасырып қоюы" екендігіне тоқтады.

📔Тәһзиб хильят ил-әулия.


📌СубханаЛлаһ! Аллаһтың ﷻ рақымымен ғана адамдардың алдындағы ыстық ықылас пен құрметке ие болып жүрміз. Қандай соқырлықтамыз? Тастай қатайып, түндей қарайған жүректеріміздің жанары қашан иманның нұрымен тазарады? Бір тараптан ғана абыройы шашылғандар, қолында бардың барлығын жұмсаса да алғашқы абыройын қайтара алмайды. Қай тараптан қарамасақта кемшіліктеріміз көп. Бірақ Раббымыз жасырып қойды. Адамдардың алдында басымыз тік болғанымен Аллаһтан ﷻ ұялайық!
#НиязӘбуРумейса


Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
егер біреудің ісін өз алдыңызда кінәлі деп тауып, оны айыпты санаған болсаңыз.. бұл нәрсе өз кезегінде "сіздің де оның алдында кінәлі істі жасауыңызға есік ашты, әрі ол үшін өзіңізді айыпты сезінуіңіз орынсыз болады" деп тұжырымдауыңызға үзір емес..

Canal: https://t.me/taammul

#daģýat
Мұсылмансыз ба? Мұсылманшылығыңыз қайда?

📌Таңқаларлық! Аллаһым ﷻ сізді бақытты қылсын! Қараңыз! Аллаһ Тағала адамзатты бақытты болуы үшін жаратты және сол бақыттылыққа жол басшы жіберді. Мәңгілік шынайы бақытқа себеп ретінде дүние мекенін уақытша сынақ қылды. Бірақ адамдарды бұл мекенде туралықтан тайдырып, менің жолыммен жүрсеңдер бақытты боласыңдар деп, өздерін бақытты жанның симболы қылды. Раббысынан адасқан әрбір адам солардан мотивация алып, айтқандарының барлығын істеуге даяр. Тіпті істеп те жүр. Қашан тұру, қалай жату, не ішіп, не жеу, кіммен араласу, қандай ой-пікірде болу керек деген сияқты нәрселердің барлығында солардың сөзін басшылыққа алады. Сол белгілі тұлғалардың сөзін өз ой-сана және тәжірибесімен жеткізушілердің ақылы жиынына қатысуға асығып, залды лық толтырады. Іздейді. Мұқияттылық танытады. Мақсаттарын айқындап, армандарын асқақтатады. Барлық күш жігерін сол жолда сарп етеді. Барлығы өздерін иман келтіргендердің қатарынанбыз дейді бірақ. Сонда не затқа иман келтірді?

🔹Аллаһқа ﷻ ма?
🔸Қорқу қайда?

🔹Пайғамбарға ﷺ ма?
🔸Сүннетіне еру қайда?

🔹Дін аманатына ма?
🔸Қиянат қылмау қайда?

🔹Қиямет күніне ме?
🔸Дайындық қайда?

🔹Жәннатқа ма?
🔸Ұмтылу қайда?

🔹Тозаққа ма?
🔸Сақтану қайда?

🔹Таразыға ма?
🔸Амалдарын саралау қайда?

🔹Тағдырға ма?
🔸Сабырлық пен разылық қайда?
- деген сынды сұрақтар толассыз қойыла береді. Неге мұсылманның өмірінен мұсылманшылық көрінбейді? Мұсылман дегенді кім деп ұғынады сонда бұл қоғам? Бриллиант тасы дегенде, тас деген сөзіне бола кім жәй ғана қара тасты елестетеді? Әркім өзінің мұсылмандығына емес мұсылманшылығына зер салып қорытынды жасасын.
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Парыз және уәжіп намаздарды өз уақытында орындау "أداء" (әдә) ал, уақыты өтіп кеткен жағдайда өтеу  "قضاء" (қаза) деп аталады.

Енді қарасаңыз фиқһ кітаптарымызда осы қаза болған намаздарды өтеудің үкімдері баяндалатын бапты باب قضاء الفوائت деп атайды. Яғни, бұл жердегі назарларыңызды салғым келгені: ғалымдарымыздың бұл бапты "قضاء المتروكات" (тәрк етіп қалдырылған намаздарды қаза қылу (өтеу)) деп емес, "мерзімі өткен намаздарды қаза қылу (өтеу) бабы" деп атауында. Бұл жерден түсінуіміз керек болғаны:

Жалғыз Құдайға иман келтіріп, сол иманды тұрақты қармануды қалаған мұсылман - намазды ұйқы, ұмыту, селқос қарау немесе акушерканың сәбидің өліп кетуінен қорқып оны қадағалау уақытында намазын жіберіп алуы, сапардағы адамның қарақшылардың зиянынан қорқуы сияқты н/е бізге жеткен хабардағыдай Пайғамбарымыздың ﷺ Хандақ соғысында (يوم الخندق) бірнеше намазды өз уақытынан кешіктіргеніндей себептермен болмаса "әдейі тәрк етпейтіндігінде".. Ұлық болған Аллаһ бізді панасына алсын.


Ей менің құрметті бауырым, Аллаһ Тағала сені рақымына бөлесін! Дініңнің тірегі, құлшылық ғибадатыңның жүрегі, рухани азығыңның құнары болған намазыңды сақтап, оған тиянақты түрде қара. Раббыңның ﷻ әмірлерін әдейі тәрк ету - сені екі дүние бақытының кілті иманыңнан ажырату қаупі болғандықтан, ол сені үрейлендірсін. Раббысына ﷻ иманмен қайтқан әр бір жанның түбі баратын мекені ол жәннат болған болса, онда сен жәннаттыңның кілті намазыңа бекем бол. Намаз өз кезегінде сені иман жолындағы тұрақтылыққа алып келеді. Оның қалауы барлық қалаулардан үстем болған Аллаһ Тағала баршамыздың жанымыз жай тауып, көңілдеріміз ақиқатта орныққан хәлде Өзіне қайтуымызды нәсіп етсін!
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Әрқайсың өз ұлттарыңды айтып мақтанасыңдар. Қазірде қаның сол ұлтқа тиесілі, бірақ бойыңда мадақталған нең бар? Ата-бабаң ұлтына бола емес, ұстанымына бола үлгі болды. Аллаһ Тағала ешкімді ұлтына қарап көтермеді, Оның ﷻ дінін көтергендіктен болмаса. Ұлтыңды айтып көкірегіңді ұрма! Раббыңды ﷻ айтып бойұсынушы бол. Сонда Аллаһ Тағала сені сен тиесілі болған ұлтыңмен бірге өзгелердің алдында ардақты етеді!.. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
🖋️Кейбір бауырларымыздың сөзін негізге алсақ:

🔸Ілгеріде өткен ғалымдарымыз патшалардың есігін жағаламай, олардың шақыртуын қабылдамай, олардың айтқан кейбір сөздеріне көне салумен үмметке алып келетін пайданы бағаламай, "қате" іс қылған екен. Расымен де, өз уақытындағы басшылардың айналасынан табылғанда аудиториясы кеңейіп, танымалдылығы артып, әрі халықты ғана емес, басшыларды да ақиқатқа жетелеген болар еді ғой. Хикмет жалауын желбіретіп басшыға жақындаса, басшы да өз кезегінде халықтың алдында оны беделді етіп, барынша сол ғалымның артынан ілесуге сөзсіз септігін тигізетін еді. Қорытындысында ғалымның өзі айналасындағы шағын жамағатымен өлкенің бір бұрышында қалып кетпей өте көптеген адамның игілікке жетуіне себепкер болатын еді. Әрбір ілім иесінің мақсаты да сол емес пе?!

🔹Қазылықтан да бас тартқан ғалымдарымыз аз емес. Олар да "қате" қылыпты. Себебі, ол қазылық қылмаса басқа ілімі жетілмеген, сауатсыздығы басым, әділдікті төрелікке алмайтын дінбұзарлар қазылық қылып, бұл үмметке көптеген зиян қылатынын ескермеді. Тағы да басқа салыстырмалы түрде келтіретін мәселелер көп. Оның барлығын жыр қылмайық. Негізгі мағынаға түсінік алсаңыздар жеткілікті.

🔸Енді осылай айтсаң қате түсініп, ғалымдарымыздың жолын толық зеріттемей, радикалды бағыттағы көзқарастағы ұстанған, шолақ ойлы наданның арғы жағынан болмаса да қатарынан табыласың. Сонда не болды? Істің дұрыстығын мешітке емес, үмметке имам, модернизациялық бағыттағы көршілеріне емес, толықтай ислам жұртшылығына үлгі бола алған ғалымдарымызға қарағанда болмысымызда болмауы керек дерттің барлығын жүрекке сіңдіріп, бойына дарытқан сенің кемел ақылың жақсырақ ажыратып қалды ма? "Ақиқат ақылға қонымды болады" деп жар салатындар қайда? Ұлы ғалымдар өзіне сенімді бола алмағанда, сен неге өзіңе көп алып қойдың? Құтылатын жолға өзгені емес, ең бірінші өзіңді алып келу ләзім емес пе еді? Жақсы, шамалы жамағатқа басшы болған екенсің. Бірақ қай тарапқа қарай бастап барасың? Қысқасы, сол ғалымдарымыз сияқты фитнәнің ордасынан бас тарта алмаған екенсің енді, жоқ дегенде солардың ұстанымын өздеріне ұстаным қылып, солардың бас тартқанынан бас тартқан бауырларыңды сөгуден тіліңді тарту арқылы ерлік жаса. Аллаһым ﷻ бір өзі жеткілікті!

🔹Бір ғана мысал: өз уақытында қанша қиыншылық көрсе де "Аллаһтың ﷻ кәламі жаратылыс емес" деп табандылық танытқан Имам Ахмад (رحمه الله) қор болды ма? Ақиқат әркез үстем келеді. Ақиқаттың қыспаққа ұшырап, сан тараптан тұмшалануы - Раббысының алдындағы шынайы еркектердің ғаламға танылуы үшін десек те болар.

🔸Ақиқатты іздегендер оның егесі жер бауырына кеткен болса да ақиқатын табады. Ақиқатын іздеп тақуалық қылғандарды Раббымыз ﷻ әсте сүрінушілікте қалдырмайды. Ең бірінші жаның ашуы керек бейшара пенде өзің екенін ұмытпа. Байқа, бауырым! Асар белесің ауқымды көрінгенімен соңғы басар қадамың махшар майданында Раббыңның ﷻ құзырында болмақ. Қысқа мерзімде ұзақ сапарымызға жеткілікті азық жинауға Раббымыздан ﷻ тауфиқ сұраймыз. Ахуалдарды өзгертуші Раббымыз ﷻ! Біздің ахуалды ең қайырлы ахуалға өзгерт! Өзіңе болған жақындықта жан тапсырайық. Бізді жарылқап, панаңа ал! Біз Сені таңдадық. Енді бізді таңдаулы құлдарыңның қатарынан қыл! Әәәмиин!
#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat
Жаңа жыл турасында не айтасыз?

Осы сұрақ қаңтар айының ортасына дейін жалғасатын шығар.. Не айтуым керек? Барлығы айтылып қойды ғой.. Ескі жылды ғапілетте өткізгендер келер жылда өмірдің мәнін түсінсін.. Көңіл қалауларының құлдығынан арылып,
Раббыларына ﷻ қарай бет бұрсын.. Қиямына тұрып, жүзін құбыла тарапқа қаратып, рукуғына иіліп, сәждесіне жығылып, Раббысынан ﷻ жаңа жылдарында жаңа бағытта ғұмыр бастауларын сұрасын.. Шайтан лағнет оларды Аллаһтың ﷻ жолынан қанша алысқа адастырып әкетпесін. Аллаһтың ﷻ ұлылығына серт! Аллаһ Тағала оларды кешіреді,тәубемен рақым есіктерін қағатын болса.. "Барлығы уақытша" деген сөз сенің де сынақ алаңындағы күн көрісің таусылады деген сөз.. Күтпеген жерден еш дайындықсыз Раббыңа ﷻ қайтып кетуден қорқып жүр.. Өлім ақиқатының хабары оған дайындалу үшін ғана.. Дайын бол!!! Ақырет сапарына азық жинар уақытың аз ғана, ал сапар болса тым ұзақ..

Canal:
https://t.me/taammul

#daģýat