𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.35K subscribers
917 photos
91 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
‼️Зәйд имамға ұйыған уақытта тәғәуузді айтады ма?
Anonymous Quiz
45%
🔹иә.
55%
🔹жоқ.
Осылай дегенім бар екен..

Canal: https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
Бір адамдарға таңқаласың "мәзһаб" деген сөзді түсіне алмай жатып, сол мәзһәбтағы Құран мен Сүннетті кеңінен, тереңінен түсінген имамдарға тілдерін батырғысы келіп əуреге түсіп жатады...

Қырық (40) деген санды пайдалануға болмайды деп бірақ сорок (40) деген санды пайдалынып жүргендердің мысалындай...

Мәзһаб дұрыс емес деп бірақ "мәзһабсыздық" деген мәзһаб шығарғандығын аңғармай жатады ма?

Заты арақ (спирт) болған затты қанша жерден қандай ыдысқа құйып қандай түрлі атау берсеңде оның заты арақ болып қала береді да...

Бұл арақ емес шарап, бұл коньяк емес пиво дегеніңнен оның хукмі өзгеріп, арақ деген затынан арылып қалмайтындығы сияқты... Сен қанша жерден мәзһаб дұрыс емес десеңде өзің басқа бір атаудағы мәзһабты ұстанып жатасың...

Негізінде сенің айтқың келіп жатқаны "менің мәзһабым ғана дұрыс басқаларыңның мәзһабтарың адасушылықта" деген сөз жəне бұл сөзді ахл ус-суннаның имамдары айтқан емес...

Егерде бұл үмметтің мәзһаб имамдары "дəлел"-ге тоқтамаған болғанда онда олар бір бірінің мәзһабтарынан қайтаратын еді...жоқ...біз ондайды тарих беттерінен көрмейміз...неге?...себебі олар бір-біріндегі келтіріліп жатқан дəлелге құрмет көрсеткендігі еді...

Нияз Әбу Румейса
09.02.2016 ж.


Осылай дегенім бар екен..

Canal:
https://t.me/taammul
‼️Бір көз қуантатын жәйт бар. Қайда қарамасаңда "ілім талап қылушылар". Күннен күнге сандары артып жатыр-мыс. Әрқайсысы өздерін ілімнен белгілі бір дәрежеде, кейбірі тіпті жеткілікті дәрежеде үлесіміз бар деп санайды. Кейбірі кейбір орталарда мағсум болмаса да мәзһабтағы мужтаһид ұстаз іспетті болып жүр. Мақұл. Енді ілім не үшін талап қылынатын еді сол жайлы айтайық. Ертеректе ілім дінді қорғау үшін, оған амал қылу үшін ізделінетін. Сол үшін де ертенің толибтары өмірлерін сол жолда сарп етіп, қандай қиыншылықтары болмаса да шыдамдылық танытып, қандай мансаптар болмаса да бас тартып, қандай қыспақтар болмаса да табанды бола алды. Себебі Аллаһ ﷻ үшін деген ниет адамды басқа мақсаттардың барлығынан жұлып алып, дүниенің барлық қызыл-жасылынан ажыратып тастайды. Осы мақсат кеткелі барлығы кетті. Аллаһты ﷻ жоғалтқан барлығын жоғалтты, тіпті ол Құран мен хадистің әр әріпінің түсініктемесінен хабардар болса да. Неге олай дейміз? Себебі кешегі көшеден мешітке бет бұрып, ілім жолына түскен ізденушіміздің ұстанымында өзгерістер аз. Осыған дейінде оның амалдары туралықта болған ба деген ойға қаласың. Қысқасы қазіргілер ілімді ақиқатты емес бәлки өзі мен қоғамның ұстанымына дәлел табу үшін, Аллаһтың Елшісі ﷺ жеткізген дінді емес бәлки ауылдасын (яғни қандай да бір тұлғаларды) ақтау, қорғау үшін, жамағатты ізгілікке бағыттау емес бәлки оларды манипуляциялау үшін іздеп жүр. Іздегендерін тауып та, біреулердін алдында нәтижелі еңбегін көрсетіп те жүр. Сыртына қарап көз қуанған заттың ішіне үңілсең көңіл жабырқап, жүрек сыздайды. Осындай мәнһәджда жүргендердің көптігіне және олардың бойында болған ілімге, әрі оларға толассыз махаббат қоюшыларға қарап ұлы имамдардың мәнһәджына күмәнданып қаласың. Раббымыздан пана тілейміз. Жүректерімізді олардың жүрегіндегі фитнадан сақтасын! Әмин!

Canal: https://t.me/taammul

#НиязӘбуРумейса #daģýat
🎙️ Ілім жайлы..
‼️Зәйд жаяу досы ат үстінде кетіп бара жатып нәпіл намаз оқуға ниет қылды. Жүрістерін жалғастыра отырып а) Зәйдке б) досына намаз оқуларына болады ма?
Anonymous Quiz
30%
🔹а) иә. б) иә.
21%
🔹а) жоқ. б) жоқ.
16%
🔹а) иә. б) жоқ.
33%
🔹а) жоқ. б) иә.
‼️Зәйд суда жүзіп бара жатып нәпіл намаз оқыса болады ма?
Anonymous Quiz
23%
🔹иә.
78%
🔹жоқ.
🎙️ Әһл ус-сунна уәл-жамаға ғалымдарының (رحمهم الله) ұстанымы ж/е амалдарын барынша Құранға сәйкес қылудағы махаббаттары жайлы.

Canal:
https://t.me/taammul

#aqıda