𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.31K subscribers
918 photos
92 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
Айды мақсат қыла бер, сөзсіз оған жетуің шарт емес, кем дегенде жұлдыздардың арасынан табыласың. Бастысы мақсатың биік, арманың асқақ болсын. Күннің ұясына батқанына қарап, ешкім бүгінгі күннің қалай өткенін айта алмайды. Адамдар тек нәтижеге қарайды. Ал Раббыңның ﷻ алдында күллі нәрсенің есебі бар. Раббыңның ﷻ разылығы уәде етілген істе дүниенің құлдарымен санаспа. Олар сені өз қатарына қоспайынша разы болмайды. Раббыңды ﷻ және Раббыңа ﷻ қатысты болған күллі нәрсені жоғары қой. Барлығынан артық көр. Сонда, ең құнды нәрселерге қол жеткізесің. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
Ілім үйрену мақсат емес. Үйренгеніңе амал қылу мақсат.

#motıvasııa
🔹أتدري من يزيل الهمّ؟
إن ضاقت بك الدنيا
ومن يرعاك لا ينساك
دوماً كيفما تحيا



🔸فسبحان الذي يهدي
ويشفي حيرة العبد
ويعطي دونما حدّ
جزيل الأجر في الدنيا



🔹أتدري؟ من يجيب العبد
أبدى السوء أو وارى
ومن يجزي على المعروف
جنّات و أنهارا



🔸فقل يارب بلّغني
لدار الخلد والأمن
ونفّس كربتي عني
وجنّبني أذى الدنيا



🔹أتدري من هدى الإنسان؟
بالإحسان يوصيه
ولا يرضى له العصيان
فانظر كيف تعصيه



🔸فمن تبدي له الشكوى
ومن ترجوه ما تهوى
ومن في عفوه السلوى
على من كان... في الدنيا...🤍


#motıvasııa
Танымал болмағаныңа қамығып қайтесің? Раббың ﷻ үшін барлық нәрсе мәлім болған уақытта.

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
Проблемаңды көре алатынды емес, оның шешімін іздеушіні көбірек қадір тұт. Себебі екеуінің алаңдаушылығындағы айырмашылық өте үлкен. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
🖋️Тозақ иелері отқа кіргенде..

- олар ол жерден не табады?

- оларға қандай азаптар дайындалған?

- Аллаһу Тағала мүшріктер мен күнәһарларға қандай уәделер берді?

- олардың соңғы мекені от болатындай өмірлерін қандай қылып өткізді екен?

- хабарларда қандай сипаттар және қандай істер тозақ азабына себепкер деп келді?

- от азабының ауырлығы қаншалықты?

- ол жердің тұрғындары тірі болғанымен тіршілікті сезінеді ме?

- жалпы тозақ не үшін және кімдер үшін жаратылды?

- өзіңді от азабынан қаншалықты есендікте сезінесің?

- қисық басқан әрбір қадамыңда тозақ отының жалыны сезілгендей болмайды ма?

- дүние тіршілігінде қандай да бір жерлерді өрт шалғанда амалдарыңның рия себепті өртке оранып жоқ болып кетіп жатқанын сезесің бе?

- от азабынан құтылу кімдерге нәсіп болады?

- от азабынан пана болушы кім?

..осы сынды сұрақтардың төңірегінде тәфәккур қыл! Сонда жүрегіңе ұялаған бір қорқынышты сезінесің. Ол қорқынышты Раббыңның ﷻ мейіріміне болған үмітпен байлап, тұрақтандыр. Аллаһым ﷻ баршамызды рақым етсін!

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Photo
🖋️әл-Қадый Әбу 'АбдуЛлаһ әл-Хусайн ибн 'Әли ас-Саймари әл-Ханафи (رحمه الله) һ.ж.с.б. 351-ші жылы дүниеге келіп, Бағдад қаласында өмір сүрген. Көптеген биографтар ол кісіні Басра жақтағы Саймара өзеніне тиесілі қылу арқылы ас-Саймарий деп танылған деседі.

🔹Шейхтарының барлығын болмаса да, кейбірін айта кетейін:

🔸Имам, Хафиз, Мухаддис Әбул-Хасан әд-Дәрақутни әл-Бағдади (رحمه الله).

🔸Хорасандық Ханафи мәзһабының білгір имамы әл-Қадый Әбу Насыр ән-Найсабури (رحمه الله).

🔸әрі Имам ас-Саймари жиі мақтап "Адамдар пәтуа беруде, дәріс алуда одан жақсысына куә болмады" деп баға берген, өз заманындағы Ханафи мәзһабының шейхы болған Әбу Бәкір әл-Хауаризми (رحمه الله).

🔹Биографтар ол кісінің өте көптеген шәкірттерін атап кеткен. Себебі ол кісі заманында Ханафи мәзһабының имамы ғана емес, сондай-ақ мухаддис, хафиз, әрі шыншыл риуаятшылдардан болған еді. Тіпті 'Ирактан тысқары жақтардан да келіп ол кісіден пайда алғандар көп болған. Шәкірттерінің де кейбірін айта кетейін:

🔸Ханафи мәзһабының фақиһы болған Илияс ибн Насир ибн Ибраһим әд-Дәйләми (رحمه الله).

🔸Хафиз әл-Хатыб әл-Бағдади әш-Шафиғи (رحمه الله). Бұл кісі имам ас-Саймарийден жалпы саны 400-ге жуық хабар риуаят еткен.

🔸Фақиһ, Мутәкәллим Әбул-Уәлид әл-Бәджи әл-Мәлики әл-Қуртуби (رحمه الله).

🔸Муфассир Әбул-Хасан ән-Найсабури әл-Ханафи (رحمه الله).

🔹Жалпы имам ас-Саймари (رحمه الله) жазып қалдырған үш кітабы бар. Ең танымалысы "Ахбару Әби Ханифәтә уә асхабиһи" деген кітабы. Сосын "Шарху мухтасар ат-Тахауй" деген кітабы бар. Кейін менің оқуға ұсынғым келіп отырған "Мәсәил ул-хиләф фи усул ил-фиқһ" кітабы. Мусанниф кітабында көбіне Шафиғи мәзһабымен болған хиләфті, арасында Мәлики мәзһабымен болған хиләфті зікір қылады. Бірақ Ханбәли мәзһабымен болған хиләфті астарлап болсын зікір етпейді. Сол уақыттары ол кісінің төңірегінде бұл мәзһабтың таралмауына байланысты болуы да мүмкін.

🔹Кітаптың ерекшеліктерінен:

🔸Ханафи мәзһабының мутақаддимдарынан қалған кітаптарға сүйеніп жазылуы. Мысалы Ахмад ибн 'Әли әр-Разидің (رحمه الله) "Усул ул-Джассас" деп танылған "әл-Фусул фил-Усул" кітабы. Бұл кітапты Усул ул-Джассастың мухтасары ретінде қарастырсақ та болады делінеді.

🔸Тағы бір ерекшелігі біздің көптеген усул кітаптарымыз Мәуаранаһрлық ғалымдарымыздан ал, 'Ирактық ғалымдарымыздан усул бойынша қалған мирасымыз өте аз (сирек).

🔸Кітапта аят, хадис, әсәр және тағлилаттарға сүйену көп орын алады. Жоғары жақта айтып өткеніміздей имам ас-Саймари (رحمه الله) мухаддис болды. Сол себепті де мұндағы келген хадис пен әсәрдің көпшілігі мәшһүр, арі сахих болып табылады.

🔸Усул ул-фиқһтағы ихтиляфтар кеңінен қамтылып жазылған кітап Әбу Исхақ әш-Ширазиге (رحمه الله) тиесілі "әт-Тәбсира" болғанымен, Әбу Исхақ әш-Ширази (رحمه الله) "Усул ул-фиқһта талас болған мәселелер жайлы кітап жазуымды қалағанын көргенімде осы кітаптан хабардар болдым" деп айтқанындай осы жанрдағы алғашқы кітап ас-Саймаридің (رحمه الله) кітабы болып табылады.

🔸Әрі имам оның кітабындағы мәнһәджі мен оны жазудағы мақсатын баян қылатын муқаддима (кіріспе) жазбастан бәсмәлладан кейін әмір мен нәһи бабын бастап кетеді).

🔸Имам Мухаммад ибн әл-Хасанның (رحمه الله) әл-Асыл кітабынан басқа кітаптан ашық нақыл қылмайды. Әрі хиляф қылған сөз иелерінде ашық айтпастан "Шафиғилер, кейбір Шафиғилер, кейбір адамдар, адамдардан айтқандар болды, Мутәкәллимдердің көпшілігі айтты" деген сияқты сөздермен зікір қылады.

📌Қысқасы оқып үлкен пайда алуға болатын керемет кітап.

Canal: https://t.me/taammul

#motıvasııa #fıqh #ilim
Барлығы басқаларға бір нәрсе үйреткісі келеді. Бірақ бұл жолдың ең әсерлісі өздері үлгі бола алулары екендігін түсінбейді.

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
🖋️Хабиб Әбу Мухаммад (رحمه الله):

Бос отырмаңдар! Ақиқатында өлім сендерді өкшелеп келеді.

📔Тәһзиб хильят ил-әулия.

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa
📌"Бір қалауым бар еді, соған қол жеткізе алмай-ақ қойдым" деп налып жүрсеңіз, төмендегі хадисті еске алыңыз.

🖋️Махмуд ибн Ләбид (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың ﷺ былай дегенін жеткізеді:

Ақиқатында Аллаһ Тағала сендердің науқастарыңның тағам мен сусыннан сақтанғаны сияқты мүмін құлын (ол) жақсы көрген дүниесінен сақтайды.

📔Муснад Ахмад.


Қандай да бір дүниеге қолыңыз жетпегеніне көңіліңізді құлазытқанның орнына Раббыңыздың ﷻ өзіңізге деген қамқорлығын сезініп, қуаныңыз. Раббымыздың ﷻ бізге деген мейірімін толық ұғынатын болсақ, жүрегіміз жарылып кетер сірә..

Canal:
https://t.me/taammul

#motıvasııa