𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
1.31K subscribers
918 photos
92 videos
8 files
1.98K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

пәтуә беруге ақылы емеспін #НиязӘбуРумейса

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗 anon.fan/as_Suaal
Download Telegram
🔸Біләлді (رضي الله عنه) иманынан қайтару үшін айналасында қанша адам қолында бар күшін жұмсады. Бірақ олардың ең күштісі ол - сахаба Біләл (رضي الله عنه) еді. Күш ол дененің емес, жүректің күштілігі. Имандағы табандылық. Қазіргі уақытта да сондай пенделер бар иман қуаттылығымен амал жасаушыларға қарсы күш жұмсайтын. Солар білсін! Иә, мүмкін сендер денені жыға алып жатқан боларсыңдар. Бірақ, жүрекке әмірлік ете алмайсыңдар. Раббысына ﷻ байланған жүрекке қарсы ешбіріңде дәрмен жоқ. Сендер ашуға булығып қолдарыңды батырған сайын біліңдер, сендердің бұл әрекеттерің тек жеңіліс тапқандықтан ғана жүзеге асуда. Себебі әлсіздіктерің көздеріңе оттай басылған сайын, оны көтере алмай зұлымдық үстінен зұлымдыққа есік ашасыңдар. Ақиқатында сендер әлсізсіңдер. Нағыз әлділер Раббыларына ﷻ үмітті болғандар! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
📌Ғажап! Біреу ілім талап етіп бастайды. Фиқһ, хадис және тәпсір ілімдері бойынша жазылған кітаптар бойынша көбірек мутола'а қылады. Иә, қабілетті, әрі түсінігі кең болуы да мүмкін. Сөйтіп жүріп бір күні "Бұл үммет адасушылықта. Және ғалымдар үмметті діннің негізінен және Пайғамбарымыздың ﷺ тариқасынан ауытқытқан" деген ойға келеді. Бүкіл ілім кітаптарын теріске шығарып, ешбір мәзһабты мойындамай қалады. Одан да ғажабы бойларынан ілім иелері талап еткен мужтаһидтің шарттары табылмаса да Құран мен сүннеттен өз беттеріінше ижтиһад, истинбат қылып бастайды. Бұл істерімен шектелместен үмметтен өз сөзін алуды талап етіп, өзіне еруді үгіттейді. Асылында бұл адамдарға батыл болған айыптауларын тастап, хаққа қарай бет бұрулары міндетті. Неге? Себебі олар Пайғамбарымызды ﷺ да, сахабалардың (رضي الله عنهم) бірін де көрмеді. Егер бұлардың бойына ілімнен бірнәрсе қонған болса, онда ол сол өздері адасты деп айыптаған ғалымдардың жазып қалдырған еңбектерінен үйренгені. Егер сол ізгілеріміз қанша ғасыр бойына адасып келсе, қалайша бұлар туралыққа жете алды? Бізге де көрсетші сол жолды?! Төрт мәзһаб иелерінің және олардың ізінен ерген ғұламалардың (رحمهم الله جميعا) шариғи үкімді бекітерде сүйенген қайнар көзі Құран мен сүннет болса, онда бұлар оларға (асылында Құран мен сүннетке) қарама-қайшы келетін пәтуәны қайдан алды? Не нәрсенің маңыздылығы сыртында емес ішінде болғанындай аят пен хадистің сіз бен бізге көрінген сыртқы мағынасы емес, оның бойында қамтылған түсінігі маңызды. Алтын саналған үш ғасырдан алыстаған сайын түсініктің бұзылып келе жатқаны анық, әрі заңды да. Кім құтылуды қаласа, үммет болып мойындаған және оның тізбегі саляф ус-солихтардан бері еш үзілмей, тамыры әбден жайылып, сабағы қатайып, толассыз жемісін беріп келе жатқан төрт мәзһабтың біріне жабыссын. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
‼️СубханаЛлаһ. Жалпы тасаууф ілімін теріске шығармаймыз ғой. Біраз ұстаздарымыз, ұстаздарымыздың көпшілік ұстаздары да осы Шәзилия тариқатын қарманады. Бірақ фиқһи үкімдерді ескермей, соқыр ерушіліктің себебінен тіпті осындай қараңғылыққа дейін бату орын алған екен. Қазіргі таңда сопылықтың атын жамылып, затын қарманбаған қаншама фирқалар бар. ОАР-да болғанымда Нақышбандия тариқатын қарманатын (медресеміздегі) Замбиялық бір бауырдан "рабыта" жайлы сұралғанда, ол бауырымыздың айтқаны "Рабыта - шейхтың алдында отырып рухани байланыс қылу" деген жауап болды. Шейхтың бейнесін елестету н/е суретін іліп қою деген нәрселерден бейхабар екен. Өзінің сондай байланыс құруының нәтижесінде бойына сіңірген тәрбиесіне, жалпы ахлағына келсек қараған көз сүйсінерлік дәрежеде. Ин шәә Аллаһ 2 жылда ғалымдықты бітіреді. Іліммен бірге ахлақты шыңдау нығметі өте көпшілік толибтардың мақұрым болып жатқан қасіреті. Меңгере алған ілімін арқалап елдің арасына келгеннен кейін әдепсіздіктері (қарапайым жамағат та түсінетін әдепсіздік емес) себепті үмметтің арасында көптеген фитнә туындатады. Кейбірі артынан ерген жамағаттың бойына жағымсыз қылықтар қалыптастырса, ал кейбірі модернистік көзқарастар оятады. Нәтижесінде бірлікті кетіріп, үмметті тірліксіз қалдырады. Егер әркімнің н/е әр өлкенің жамағаты болып емес, үммет болып қозғалатын болсақ, қандай ұлы шыңдарды бағындыра алған болар едік.. الله المستعان #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
▪️Тәрбиені (өмірлік мәнһәджді) дінді құрбан қылушыдан емес, дін үшін құрбан қылушыдан алу керек. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
▪️Көпшілікке бір мәселені жеткізер кезде "Кейбір бауырлар былай деп қате үкім береді" деген сынды сөздермен айтудағы мақсат ақиқатты жеткізу ме, әлде бауырларының қателігін шұқылау ма? Жалпы тіл жүректегіні алып шығатын шөміш деседі ғой.. Аллаһым ﷻ саулық берсін! #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
▪️Неге? Неге кеше ғана ақты ақ, қараны қара деген жігіттердің тілдері бүгінгі күні сол ұстанымдарына қарсы куәлік беруде? Неге олар алғашқыда өздері жол көрсетіп, діндегі туралыққа нұсқау болып, табандылыққа тәрбие берген бауырларын бұл күндері адасушылыққа шығарып жүр? Неге олар сол кездері еккен дәндерінің жемісінен бүгінгі таңда бет бұруда? Неге олар кеше ғана әрбір жан иесінің бойында діннің кәміл болғанын қалап, ал бүгінгі күні қолы мен аяғы жоқ, көзі мен тілі жоқ кейіпте дін ұстануларын үгіт қылуда? Неге? Неге олар бауырлардың кеудесіндегі рухты барынша тұншықтырғылары келеді? Неге олар бауырлардың жүректеріндегі нұрды сөндіргілері келеді? Неге олар бауырлардың бойындағы сүннетті жат қылғылары келеді? Неге? Неге олар бауырлардың бойында оянған тақуалықтан қуаныш таппай, уайым шегеді? Неге?

▫️Оның жауабы мына оқиғаның мысалындай көрінеді. Бірде дұшпандардың әскері бір ауылға кіріп, әйелдерін шет шетінен зорлаған екен. Тек бір ғана әйел қарсылық танытқан. Жәй ғана өзін қорлауға жол беруге тосқауыл болып қана қоймай жаңағы әскердің жанын алған. Істерін тындырған әскерлер кеткесін, ары тапталған әйелдер қорланған хәлде жыртылған көйлектерін сүйретіп үйлерінен шыққан уағында, жаңағы әйел әлгі әскердің басын алып шыққан да "Сендер ойладыңдар ма, не оны өлтіріп немесе өзім өлгенге дейін әрекет жасамай, арымды таптатып, мені зорлауларына жол береді деп?" деген сөздерді айтады. Кейін күйеулері үйге оралғасын "Сендер неге ана әйел сияқты өздеріңді қорғамадыңдар деген?" деген сауал туындатқан уақытта әйелдер өзара бір біріне қарап, әлгі әйелді өлтіруге шешім қабылдайды. Оны өлтіру арқылы өздерінің әрекетсіздіктерін сондай масқара қылып көрсеткен әйелдің батылдығын ұмыттыру еді. Солай жаңағы әйелге ол күтпеген жерден шабуыл жасап жантәсілім етеді. Осылай қылулары арқылы қорлықты көтеріп, батылдықты төмендетті. Өздерінің айыпты тұстарын жасыру үшін арлы әйелдің қанын бүркеніш қылды.

▪️Қазіргі таңдағы дінін болмашы дүние үшін сатып қор болғандар сондай болып қалды. Олар өздерінің айыпты тұстарын ел танымасы үшін барлық күштерін дінсіздермен емес, діндарлармен күресуге жұмсайды. Болмаса бір адам барлық нәрседен шамасы келгенше сақтанып, солих болып қана қоймай, муслих та болып жатса, оның қандай проблемасы бар? Ақыретте құтылып кету қаупі бар ма?
Неге бір адамның дінін кәміл ұстануға деген ұмтылысы үрей туғызады? Себебі ол бауыр мына бейбақтардың осал тұстарын танытатын айнасы. Сол себепті де тақуалықты азық еткен бауырларды жетімсіретіп, өңшең жағымпаз, дүниеқұмар, көңіл қалауларының тұтқыны болған құлдардың қамқорлығынан табылып әлек. Біреудің өміріне кәміл дін келуіне қарағанда сүннетке бекем бауырлардың бойынан сүннетті кетіріп, бидғатқа батыруға деген құлшыныстары зор болуының себебі осыда болар деп ойлаймын. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. Баршамызды панасына алсын.
#НиязӘбуРумейса

Canal: https://t.me/taammul
▪️Қорланып жүргендер не үшін қорланып жүргенін ұқпайтындай. Сол сенің бұйырмай қалмасыншы деген уайыммен дініңнің қорлығына сабыр қылып жүргеніңде не нәрсеге үміттісің? Аллаһ Тағаланың жазып қойған несібесінен артық бірдеңе алып қалармын деген үміт пе? Нәтижесінде сол алданған дүниеңнің болмашы игіліктеріне жете алсаң ғой жоқ дегенде. Не дүние, не дін жоқ болып, қасыреттің үстінен қасырет шегуің нендей өкініш еді. Ал енді қолың жеткен дүниелер болған болса, демек ол нәрсе сенің несібеңде бар. Несібеңдегі дүниеге дініңді қор қылмасаң да жетер едің ғой. Ей, Иман келтіруші, не нәрсеге иман келтіргенсің? #НиязӘбуРумейса

Canal: https://t.me/taammul
кейбір бауырлардың ілім жолындағы ғұмыры тілін былай қойып, әлі тісі шықпаған нәрестедей бола тұра екі теңіздің арасында зәр сындырып, кейін үшінші теңіз менмін деуі қалай болады екен.. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
нағыз дұшпанын танытпай тарихы бұрмаланғандықтан өзара қан төгіп жүрген қайсар қазағым-ай, аңғалдығыңмен арамзаға жем болып тоздың-ау.. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
Қазіргі таңда ханафит болудың көрінісі қандай? Ханафи мәзһабын ұстануды таңдау. Және сол жолдағы барлық кедергілерге тұрып беру. #НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul