Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
19 subscribers
926 photos
677 videos
39 files
16 links
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Download Telegram
«Таланттан тақ мінген ақын»
( Жазушы, ақын Иран-Ғайып Әбітайұлының туғанына 75 жыл)

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандарына 8 маусым күні Қазақстанның халық жазушысы, ақын Иран-Ғайып Әбітайұлының 75 жылдығына орай «Таланттан тақ мінген ақын» атты іс-шара болып өтті.

Іс-шараға кітапханамыздың көптеген белсенді оқырмандары келіп қатысты. Күллі қазаққа Иран-Ғайып есімімен танылған ақынның шын аты-жөні Иранбек Оразбаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Ол қазақ өлеңіне өндірте жазумен ғана емес, өзінше, өзгеше жазуға ұмтылысымен де танылған талант. Иран-Ғайып өнердегі тазалықты, ақиқатты қалайтын ақын. Өзіне қойған талапты өзге де ақындарда болса деп армандайды. Ақынның тыныс-тіршілігі, арман-тілегі әр өлеңінде көрініс тапқан. Иран-Ғайып өз шығармаларында көркемдеуіш құралдарға негізделген эстетикалық тұтастық тудыра отырып, өзгеше бір сәулетті көркем әлем жасайтынын байқай аламыз. Иран-Ғайып поэзиясының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі қазақ поэзиясының негізгі көзі болған қара өлең жанрынан нәр алып, жаңаша биік деңгейге көтеріле білуінде.

Көркемдік-эстетикалық тұтастығы мол тарихи-философиялық поэмалары мен дастандары және жүрек пернесін дөп басар лирикалық өлеңдерінен ақынның кең құлашты, еркін тынысты екенін анық аңғара аламыз. Ақын соңғы жылдары формалық ізденістерге барып, жаңаша өзіндік стилін қалыптастырды. Ақын поэзиясындағы бейнелеу тәсілдері көркемдегіш құралдар жүйесі оның идеялық- эстетикалық көзқарасын, алға қойған мұрат-мақсатын, азаматтық позициясын таныта отырып, шығарманың ішкі құрылымы мен сыртқы сымбатын түгел қамтып, өздеріне тән өлең өрімімен ерекшеленген суреткерлік шеберлігін, ақындық сезімін сан қырынан көрсетеді.
@shymkent_madeniet @abay_kitaphana @junlib_shymkent @farabi.kitapxana_
🔴 АКЦИЯ !

Арнайы кітапханасының қызметкерлері Шымкент қаласындағы Арбат саябағына “Брайльды танисыз ба?” - атты акциясымен келіп отыр. Аталмыш акция Брайль кітаптарын насихаттау және қоғамның назарын зағип азаматтарға, солардың ақпараттық қажеттіліктеріне аудару мақсатында ұйымдастырылған.

Бұл кітаптардың кімге арналғанын және қалай аталатынын білген жандар тәтті шоколадқа ие болып, көңілдері көтеріліп қалды.

Қорыта келе қала тұрғандарының басым бөлігі, кітаптарымыздың зағип жандарға арналғанын білгенімен, қалай аталатынын білмейтін болып шықты. Осыған орай кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына арнайы кітапханасына шақыру билеттерін таратты.
@shymkent_madeniet @abay_kitaphana @balalar.kitaphanasy_shymkent @junlib_shymkent @farabi.kitapxana_
ТАҒДЫРЫМА ТӘНТІМІН

Авторы: Ербек Бакиев

🔸Топ 10 өлеңдер тізімі👇🏻

1. Өміріңді өлеңмен өркендеймін.
2. Тағдырыма тәнтімін
3. Алла берген азат күн
4. Жарқырай бер жаңа күн
5. Аяулы анама
6. Мен қазақпын
7. Жанардың жасын сүрттім өлеңменен
8. Ұмтылыс
9. Бес күндік жалғанда
10. Сағындым

@shymkent_madeniet @farabi.kitapxana_ @balalar.kitaphanasy_shymkent @abay_kitaphana @junlib_shymkent
КОНФЕРЕНЦИЯ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ💐

Мінекей, ұзақ уақыт дайындалып, асыға күткен республикалық ғылыми-практикалық конференциямыз да өз мәресіне жетті. Еліміздің барлық өңірінен келген аяулы әріптестерімізбен маусым айының 9-10 күндері XXl ғасырдағы арнайы кітапханалардың даму стратегиялары, бүгінгі күнгі жеткен жетістіктер мен алға қояр мақсаттар қызу талқыланды. Жаңғырып, жаңарған кітапханамыздың жаңа залдары, мазмұны мен көрінісі өзгерген заманауи іс-шаралары, "сегіз қырлы, бір сырлы" қонағымызбен өткен әсерлі кездесу көптің көңілінен шықты деген ойдамыз!
@arnaiy_kitaphana @karagandaspecbiblioteka @arnaiy_kitaphana_petropavl @abay_kitaphana @farab.kitaphanasy @junlib_shymkent @balalar.kitaphanasy_shymkent @shymkent_madeniet
@kitap_qala_reserve
“ҚОНАҒЫ КӨП КӨНЕ ҚАЛА”

Өздері көңілді, өздері өнерлі, бастысы өз істерінің нағыз мамандарымен нұрлы, сырлы қаламыздың тарихи нысандары мен мәдениет мекемелерін аралау естен кетпестей әсерлі болды..

@abay_kitaphana @shymkent_madeniet @balalar.kitaphanasy_shymkent @junlib_shymkent @farabi.kitapxana_ @arnaiy_kitaphana @arnaiy_kitaphana_petropavl @karagandaspecbiblioteka @kitapkhanaarnauly @shymkent_madeniet
АРНАЙЫ КІТАПХАНАҒА КЕЛ!

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және
әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында қолымен ұстап, дауысын естуге болатын қолөнер бұйымдары өте көп.

Кітапханамызға келетін әрбір оқырман, қолөнер бұйымдарын қолдарымен ұстап,кейіпкерлердің бейнелерінің қандай болатынын түсіне бастайды.

📍Дәл осындай бұйымдарды көргіңіз келсе, арнайы кітапханасы сіздер үшін әрдайым есігі ашық!🔻
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы – зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың директоры.

📍«Қазақ соқырлар қоғамының» құрметті мүшесі, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы», зағип азаматтардың шығармашылығын ынталандыру мақсатында қалада ұйымдастырылған облыстық, республикалық өнер байқауларының авторы және ұйымдастырушысы.

📍Бәкір Нұрманбетовтың бастамасымен қалада зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың базасы заманауи форматтағы 140 мың дана кітапқа, оның ішінде 70 мың дана тарихи, классикалық және балаларға арналған кітаптарға кеңейтілді.

Құрметті Бәкір Әбдіұлы, сізді “Шымкент қаласының құрметті азаматы” лауазымға ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!💐

Арнайы кітапхана ұжымы деніңізге саулық, жұмысыңызға береке мен бірлік тілейді!💐
ОҚЫРМАННАН ТІЛЕК!

Кітапханамыздың тұрақты оқырман ардагері - Суханов Әбдірахман ағаның кітапханамызға арнаған жүрек жарды тілегі.

Арнайы кітапхана қызметкерлері, деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт пен бірлік тілейді.💐