Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
20 subscribers
943 photos
693 videos
39 files
16 links
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Download Telegram
Шаттықтың ордасы - Шымкент

Бүгін Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Шымкент қаласының туған күніне арналған ШАТТЫҚТЫҢ ОРДАСЫ - ШЫМКЕНТ атты мерекелік кеш болып өтті. Шараға Шымкент қаласының өнер майталмандары айтыскер ақын Қажымұхан Абзалов, әнші сазгер Абзал Молдабеков, Асқар Қалмырзаев, ұстаз Жандос Мырзабековтер қатысып, өнерлерін тарту етті. Кешті Ербек Бакиев жүргізіп, өнерлі жандармен сұхбат жасады. Кеш соңында кітапхана директоры Нұрманбетов Бәкір Әбдіұлы келген қонақтарға өз алғысын жеткізіп, алғыс хаттар табыс етті. Көрермен қауым ұлттық өнермен сусындап қала күніне арнап ақ тілектерін арнады. Кеш соңында белгілі тұлғалармен оқырмандар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күйде тарасты.
@shymkent_madeniet @abay_kitaphana @junlib_shymkent @farabi.kitapxana_ @balalar.kitaphanasy_shymkent
@abzal_moldabekov_official @askar.kalmyrza
ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ҚҰШАҒЫНДА

Шымкент қалалық тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 4 кітапхананың ұйымдастыруымен Арбат демалыс саябағында
“ Қайырымды қала құшағында” - атты балалардың сурет байқауын өткізді.

Қала күні мерекесіне орай өнерлі балалардың сүйікті қалаға деген махаббатын өздері салған суреттері арқылы жеткізді. Сайысқа көптеген қала жастары қатысып, арнайы кітапхананың көрмесін тамашалады.
@shymkent_madeniet @balalar.kitaphanasy_shymkent @abay_kitaphana @junlib_shymkent @farabi.kitapxana_
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымы елімізде теңдесі жоқ жаңа білім алу мекені заманауи технологиялармен жабдықталған Фараб кітапханасының тыныс - тіршілігімен танысып қайтты.

Бұл орталық білім алып қана қоймай, шығармашылық пен шабытты ұштастырып, бірегей жобаларды жүзеге асыратын кешен ретінде барша кітапқұмар қауымның сүйікті мекеніне айналғаны сөзсіз.

Арнайы кітапхана ұжымы Түркістан қаласындағы әріптестермен жолығып, ортақ мәселелерін талқылап кәсіби біліктілігін арттырды.

Фараб кітапханасындағы барлық әріптестерімізге жұмыстарына береке, бірлік тілейміз!
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымының Түркістан қаласындағы іссапарынан креативті видео.🔥
Қорқыт этноансамбльі және Шолпан Қорғанбек Өнер студиясының оқушылары.