Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
20 subscribers
943 photos
710 videos
39 files
16 links
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы
Download Telegram
🏛Кітапхана – шабыттың көзі, достық пен білімнің мекені!

⚜️24 қазан – Кітапханашылар күні. Осы ерекше күні біздің арнайы кітапханаға ерекше қонақтар келді. Олар – біздің сүйкімді оқырмандарымыз! Балалар өздерінің шынайы күлкісімен, жарқын дауыстарымен бізді құттықтауға келіпті.

📚Олар кітап пен кітапхана әлеміне деген сүйіспеншіліктерін шын жүректен жеткізіп, біздің еңбегімізге ризашылықтарын білдірді. Балалар біздің еңбектің қадірін терең түсініп, жүздерінен кітапханашыларға, кітапханаға деген махаббат пен құрметті байқадық. Олар үшін кітапхана – ертегілер әлемі, білімнің қазынасы, шексіз мүмкіндіктер мекені екен.
Балалар бізді шын жүректен құттықтап, әрбір кітапханашыға жеке лебіздерін білдіргенде, біздің еңбегіміздің қаншалықты құнды екенін сезіндік.. Кітап пен білімді бағалайтын, кітапхананы өмірінің маңызды бөлігі деп білетін осындай ұрпақ өсіп келеді. Бұл – біздің еңбегіміздің ең үлкен жетістігі!
Кішкентай оқырмандардың аққанат құттықтаулары біздің күнімізді жарқын етті! Рақмет сендерге балақайлар!
“ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КӨРНЕКТІ КЛАССИГІ”

⚜️Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толды.

⚜️1924 ж. Қызылорда обл.дүниеге келді.
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысады.
1946 ж. “Курляндия” романын жазады.
1954 ж. Мәскудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына түседі.
2000 ж. “Таң-Шолпан” атты журналды шығарды.
2022 ж. 5 ақпанда 98 жасында өмірден озды.

⚜️Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Ә.Нұрпейісов “Еңбек Қызыл Ту”, “ Құрмет белгісі”, Қазақстан мемлекетінің “Отан” орденімен марапатталды. КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері.
⚜️«СІЗ ІЗДЕГЕН ЖАЗУШЫ»

«Тағдырластар» клубының қазан айындағы басқосуы

🏛Бүгін Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Тағдырластар» клубы жастарының қатысуымен «Сіз іздеген жазушы» атты кезекті кездесу кеші өтті. Кешті клуб жетекшісі Ербек Бакиев жүргізіп, алдымен қазан айында туған туған күн иелерін құттықтап, ақ тілегін арнап, сый сиапатын тарту етті. Аталған кездесу кеш тұтастай әдебиетке қалам сиясымен еңбегі сіңген жазушылардың өмірімен шығармаларына арналды. Әлемге әйгілі жазушылармен қазақ әдебиетіндегі көрнекті жазушылар кеңінен қамтылды.

⚜️Түрлі сұрақтар мен ұтқыр жауаптар, қызықты ойындар мен әуезді әндер, тәтті жырлармен көтеріңкі көңіл күй бір арнада үндестік тапты. Арнайы кітапхана оқырмандары республикалық жарыстардың жеңімпазы Қасымхан Тәңірберген, Алладин Талиев, Зебо Дадаева заманауи әндермен ел көңілін нұрландырса, Кітапхана қызметкері Мүслім Ләззат Шорақызы ақын жырларын дәріптеді. Белсенділік танытқан жастарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

🔹Сарапшы болған кітапхана қызметкері Гүлбахира Дүйсенбиева қатысушылардың жоғары деңгейде белсенділік танытқанын зор ықыласпен жеткізді. «Әдебиет керуені» «Жазушы дауысы» «Қоржын толы сұрақтар» түрлі айдармен көркемделген кеш соңы оқырмандардың естелік суретке түсуімен түйінделді.
🏛 «КІТАПХАНАНЫҢ 55 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН TEAM BUILDING: БРАЙЛЬ ШРИФТІ АРҚЫЛЫ БІЛІМ МЕН КОМАНДАЛЫҚ РУХТЫ НЫҒАЙТУ»

🔰Бұл шара арнайы кітапханамыздың 55 жылдығына орай, Брайль шрифтін үйрену мен насихаттау, қызметкерлер арасындағы командалық байланысты нығайтып, шрифттің мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның барысы мотивациялық тренерлердің жетекшілігімен өтті. Олар кітапханашыларға мотивация беріп, кеңестермен бөлісті. Тимбилдингтің алғашқы кезеңі қатысушылардың бір-бірімен танысуына арналды.

🔹Командалар өздерін таныстыру барысында Брайль шрифтімен өз аттары мен армандарын жазып, достық атмосферасын қалыптастырды.
Ал сенсорлық, тактильді ойындарда әр команда Брайль шрифтін пайдалана отырып, жұмбақтар шешті, сұрақтар сессиясында қатысушылар Брайль шрифті, оның тарихы мен қолдану әдістері туралы білімдерін сынады.

🔹Командалық жылдамдық ойындары да шараның маңызды бөлігі болды. Мұнда қатысушылар шапшаңдық пен дәлдікті сынап, жеңіс үшін жарысты.
Тимбилдинг керемет достық атмосферасында өтіп, шараның соңында әріптестер келесі тимбилдингті асыға күтетіндерін айтып, осындай бірлік пен ынтымақтастықтың ұжымды жаңа деңгейге көтеретінін қуана атап өтті.
🔰«ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ »

🔹Біз жылдам технологиялық өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз және бұл әдебиетке әсер етпеуі мүмкін емес. Электрондық кітаптар, аудиокітаптар, смарт құрылғылар, тіпті жасанды интеллект біздің мәтіндермен әрекеттесу жолымызды белсенді түрде өзгертеді. Технологияның дамуы әдебиет пен кітап шығаруға көбірек әсер етуде.

📚Жаңашыл заманда әдебиеттің болашағы қандай болмақ? Электрондық кітаптар әдебиетті қол жетімді етті. Енді жүздеген бөліктерді бір құрылғыда алып жүруге болады. Аудиокітаптар күнделікті іс-әрекеттер кезінде де “оқуға” мүмкіндік береді: көлікте, спортзалда, серуендеуде. Көптеген адамдар гаджеттер мен интернеттегі алаңдаушылықтың көптігіне байланысты біздің назарымызда. Технология әдебиеттің өнер ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейтіп, оқырмандар мен жазушылар үшін жаңа көкжиектер ашады.
⚜️«ӘР СӘУЛЕДЕН ТАРАЛАДЫ ТӘТТІ ҮМІТ»

🏛Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Әр сәуледен таралады тәтті үміт» атты сауықтыру айлығы аясында кітапхана оқырмандары арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. Соның ішінде «Бар әлемді саусағыммен танимын» Брайльша оқу және жазу жарысы, сондай-ақ «Ақ таяқ маған жолсерік» кітапханаға кедергілерден өтіп тез жету сайыстары болып өтті. Сайысқа белсенді жастар қатысып, өз бақтарын сынап тапқырлықтарын танытты. Жарық әлемге жанарсыз бейімделген жандар үшін өткізілген әрбір сайыс өзіндк ерекшелікке толы болатыны ақиқат десек артық айтқандық емес.

🔰Аталмыш сайыстарға қатысқан оқырмандар брайльша жазудан ептілігімен шапшаңдығын іске асырса, брайльша оқудан білімділігін байқатты. Кедергілерден өтіп кітапханаға келген жарыскерлер арасында да өз мықтылар анықталды. Жеңімпаздар 13 қараша сауықтыру айлығының қорытынды мерекелік кешінде марапатталады. Жарысқа қатысқан әрбір оқырман өз қабілетін ортаға салып, жан-жақтылығымен өзгелерге үлгі болды.
🔰QUALITY EDUCATION, EQUAL OPPORTUNITY!

🏛Арнайы кітапхана: Сапалы Білім, Тең Мүмкіндік!
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, ерекше қажеттіліктері бар студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Арнайы кітапхана: Сапалы Білім, Тең Мүмкіндік!» атты инновациялық іс-шара өтті. Оған университеттің оқытушылары мен студенттері, қоғам белсенділері мен волонтерлер қатысты.

🔹Іс-шараның басты мақсаты – арнайы кітапхананың қызметін таныстыра отырып, зағип және нашар көретін студенттерге қолдау көрсету және қоғамда одар туралы оң пікір қалыптастыру. Іс-шарада арнайы кітапхананың «Көшбасшылар клубы» жетекшісі және іс-шара үйлестіруші маманы атқарып жатқан қызметтері, волонтерлік жобалар және зағип студенттердің жетістіктері туралы сөз қозғалды.
Іс-шараның алғашқы бөлімі арнайы кітапхана туралы ақпаратпен басталды. Арнайы кітапхананың қызметкерлері оқырмандарға ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған түрлі материалдармен таныстырды.
Екінші бөлімде волонтерлік қызметке басымдық берілді.
Іс-шараның үшінші бөлімі дөңгелек үстел түрінде өтті, мұнда зағип студенттер өз тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. Бұл диалог қоғамдағы түсіністікті арттырып, зағип студенттердің оқудағы және өмірдегі жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталды.

🔹Ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі – қоғамда оң пікір қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар студенттерге қолдау көрсету екенін атап өтті. Бұл шараның маңыздылығы университет қабырғасынан асып, қоғамға да жағымды әсер етті деп айтуға болады. Енді бұл бастамалар алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табатынына үміт бар.
🔰ӘР СӘУЛЕДЕН ТАРАЛАДЫ ТӘТТІ ҮМІТ

🏛Шымкент қалалық арнайы кітапханада «Әр сәуледен таралады тәтті үміт» атты сауықтыру айлығы аясында кітапхана оқырмандары арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. Соның ішінде «Компьютерді меңгеріп көкжиегіңді кеңейте түс» атты зағип жандар арасында компьютерлік сауаттылық сайысы болып өтті.
Сайысқа белсенді жастар қатысып, өз бақтарын сынап тапқырлықтарын танытты. Пернетақта сырын саусақ ұшымен сипап сезу арқылы техникаға бейімделген жандар үшін өткізілген әрбір сайыс өзіндік маңызға ие болатыны ақиқат десек артық айтқандық емес. Аталмыш сайысқа қатысқан оқырмандар компьютерлік сауаттылықтан шапшаңдығымен білімділігін көрсетті.

🔹Жеңімпаздар 13 қараша сауықтыру айлығының қортынды мерекелік кешінде марапатталады. Жарысқа қатысқан әрбір оқырман өз қабілетін ортаға салып, жан-жақтылығымен өзгелерге үлгі болды.
Сайысты ұйымдастырып жүргізген кітапхана қызметкері Тифлопедагог Ахатаев Ғабит Жақсыбайұлы сайыс соңында жастарға мол ізденіспен әлемдік кеңістікте тек алға қадам басу керектігін айтып, өмір белестерінде ақпараттық жетістіктерге кедергісіз жетулеріне тілектестік білдірді.
💽 «ФОНОГРАФТАН ФЛЕШКАРТАҒА ДЕЙІН»

💿Дыбысты эволюция «Фонографтан флешкартаға дейін» жобасы бойынша сіздерді CD-ROM құрылғысы
CD-ROM дискілерінде заманауй тәсіл арқылы ақпарат жазылады және ол дискіге қайталап ақпарат жазу мүмкін емес. Дискілердің ішінде ең көп тарағаны CD-ROM дискілері. Өзінің характеристикасына сай бұл дискілер толығымен музыкалық дискіге ұқсас болып келеді. Ақпарат дискіге спираль түрінде жазылады. Физикалық тұрғыда алып қарағанда, лазерлік сәуле бірліктер мен нөлдік сан тізімін, рет ретімен микроскоптық кішкене шұңқырлар ретінде дискі спираліне жазылады.

📀Оптикалық дискіден ақпаратты оқу принципін төрт этапқа бөлуге болады:
1. Лазер сәулесі дискі жетегінің лазер-диоды арқылы жіберіледі. Линза жүйесі арқылы өте отырып, компак-дискінің ақпараты орналасқан облысына фокусталады.
2. Сәуле, дискіге өз сәулесін түсіру арқылы ақпаратты оқуды жүзеге асырады.
3. Сәуле призма тобына тиіп, қайтадан кері қайтады. Осы жерде фотодетекторда сынуы және сәуле түсуі жүзеге асады.
4. Фотодетектор желілік ағымның күштілігін анықтап, ақпаратты дискі жетек микропроцессорына бағыттайды. Сол жерде сәулелену анализі аяқталып, ақпарат сандық түрде бізге беріледі.
📺LIBRARY AND TV

⚜️»ЖҮРЕКПЕН ЖАСАҒАН ӨНЕР: Аэродизайнер Нұрмаханбет Төлегенұлымен Кездесу
Бұл кездесудің басты қонағы – аэродизайнер, шардан түрлі композициялар жасаушы және зағип бизнесмен Нұрмаханбет Төлегенұлы болды. Кітапхана жанашырлары, оқырмандар, өнер сүйер қауым және ерекше қажеттіліктері бар жандар жиналған бұл кездесудің мақсаты – Нұрмаханбет мырзаның әлеміне тереңірек үңілу, оның шығармашылығын, өмір философиясын және қоғамға қандай үлес қосып жатқанын түсіну еді.

🎈Кездесу барысы
Нұрмаханбет Төлегенұлы қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, шарлардан түрлі композицияларды құруға бала кезінен қызығушылық таныта бастағанын айтты. Көзінің көру қабілетін жоғалтса да, бұл оның өмірге деген құштарлығын төмендетпеген. Оның айтуынша, басты нәрсе – адамның ішкі әлемінің байлығы мен құштарлығы. Аэродизайнды меңгергеннен кейін, Нұрмаханбет өз тәжірибесін қоғамға қызмет ету үшін пайдалана бастаған.
Өмір философиясы мен қоғамға қызмет
Нұрмаханбет мырза кәсіпкерлікті тек ақша табудың тәсілі ретінде емес, қоғамға пайда әкелетін құнды іс ретінде қабылдайды. Ол өзінің өмір жолында көптеген қиындықтарды жеңіп шықты.

🎈Оның айтуынша, көзі көрмейтін адамдардың мүмкіндіктері шектеулі емес, олар әртүрлі мамандықтарда жетістікке жетіп, қоғамның дамуына үлес қоса алады. Оның пікірінше, қоғамның дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – инклюзивті орта құру. Барлық адамдарға тең мүмкіндіктер жасау арқылы ғана біз шын мәнінде әділетті қоғам құра аламыз.
Шараның маңызы
Бұл кездесудің басты мақсаты – тек Нұрмаханбет Төлегенұлының өнерін таныту емес, сонымен қатар ол секілді ерекше адамдардың өмірін қоғамға насихаттау болатын. Аэродизайнердің өнері мен өмір философиясы қатысушыларға күшті мотивация берді. Адамның кез келген қиындыққа қарамастан, өз мақсатына жетуге болатындығын дәлелдейтін бұл кездесу көптеген қатысушылар үшін жаңа белес пен ой саларлық пікірлермен аяқталды. Бұл шара қоғамда инклюзия, тең мүмкіндіктер ұғымдарының мәнін тереңірек түсінуге көмектесті, әрі Нұрмаханбет мырзаның шығармашылығына қызығушылық танытушылардың санын арттырды.