Илон Маск Трамп әкімшілігіндегі жұмысын тоқтатады
Илон Маск АҚШ үкіметінің тиімділік департаменті (DOGE) басшысы ретіндегі өкілеттігінің аяқталғанын мәлімдеп, Дональд Трампқа алғыс айтты.
Ол шығындарды азайтуға мүмкіндік берілгеніне ризашылық білдіріп, DOGE миссиясының болашақта жалғасатынын атап өтті. Бұған дейін Маск Трамптың салық және бюджет туралы заңына сын айтқан болатын.
t.me/qaztaspa

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат Болат қаза тапқаннан кейінгі күдіктілердің әңгімесі жарияланды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаттары оқиға орнынан кетіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіндегі жазбаны ұсынды. Видеода күдіктілердің бірі — Нұркияс Ильясов былай дейді: «Бір әйел жүгіріп келді, «Бұл – менің балам, балам, кешірші, өтінемін» деп айқайлады. Мен оны ұстап алып, (бұдан әрі бейәдеп сөздер айтылған)».
Адвокат Мейірман Шекеев Ильясовқа: «Сіз жазбада Шерзаттың анасын көргеніңізді айтасыз, бірақ бұған дейінгі сотта оны байқамағаныңызды мәлімдеген едіңіз. Неге?» — деп сұрақ қойды.
Ильясов бұл жолы әйелді расымен көргенін мойындады, бірақ оны ұрмадым, тек итеріп жібердім деп жауап берді.

Таразда түрме жанындағы колледжден 25,5 млн теңге жымқырылған
Жамбыл облысындағы №15 колледж басшылығы үш жыл бойы түрмеде оқымайтын сотталғандар үшін заңсыз қаржыландыру алып келген.
Прокуратура дерегінше, техникалық және кәсіптік білімге бөлінген 25,5 млн теңге мақсатсыз жұмсалған.
2025 жылдың 5 ақпанында Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеуді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Қазір іс тергелу үстінде. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Мемлекет басшысы Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады
➤ AIF алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның – БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігінің бас директоры Эми Поуппен кездесті.
🔵Әңгімелесу барысында миграция бойынша ынтымақтастықтың жай-күйі, мигранттардың құқығын қорғау және Ұйымның 2024-2028 жылдарға арналған стратегиялық жоспары шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.
🔵Мемлекет басшысы еліміз заңсыз көші-қон проблемаларын шешу, адам саудасына қарсы іс-қимыл және шет елдерде еңбек ететін қазақстандықтардың құқығын қорғау бағыттарында белсенді жұмыс жүргізетінін айтты.
🔵Эми Поуп Қазақстанның Алматы процесіне 2025-2027 жылдардағы төрағалығының маңызын атап өтті. Бұл – аймақтық диалогты ілгерілетуге және Орталық Азиядағы көші-қонға байланысты проблемалардың шешімін бірлесіп іздеу шараларын үйлестіруге ықпал ететін консультативтік платформа.

7 жыл бойы алимент төлемеген жамбылдық ер адам сотталды
Жамбыл облысында баласына 12,6 млн теңге қарыз болған ер адамға сот үкімі шықты.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Байзақ ауданында тұратын азамат 7 жыл бойы алимент төлеуден қасақана жалтарып келген. 2018 жылдан бері жиналған берешек көлемі — 12,6 млн теңге.
Осы дерекке байланысты 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тергеу басталған. Тергеу барысында оның алимент төлеуге нақты мүмкіндігі болғаны анықталған.
2025 жылдың 25 сәуірінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ер адамды кінәлі деп танып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Қарыз мемлекет арқылы өндірілетін болады.

БҚО-да ер адам шынжырлы арамен адамдарды қорқытқан
Оқиға 30 мамыр күні Бөрлі ауданындағы жанармай бекетінде болған. Ер адам агрессивті әрекет жасап, көліктер мен адамдарға тап берген. Полиция қызметкерлері оны ұстауға мәжбүр болды.
Белгілі болғандай, 36 жастағы азамат психиатриялық есепте тұрады. Қазір ол Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізілді. Облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызу мәселесі қаралуда.
t.me/qaztaspa
Оқиға 30 мамыр күні Бөрлі ауданындағы жанармай бекетінде болған. Ер адам агрессивті әрекет жасап, көліктер мен адамдарға тап берген. Полиция қызметкерлері оны ұстауға мәжбүр болды.
Белгілі болғандай, 36 жастағы азамат психиатриялық есепте тұрады. Қазір ол Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізілді. Облыстық психикалық денсаулық орталығына жатқызу мәселесі қаралуда.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ТЖМ құтқарушылары қолы қысылып қалған балаға көмек берді
Қызылорда қаласының Сокпақбаев көшесінде екі жасар қыз абайсызда қолын жылу батареясы мен қабырға арасына қысып алып өздігінен шығара алмады.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар келіп гидравликалық құралдарын қолданып, баланың қолын босатты.

Ақордада ресми сапармен келген Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстан Президенті мен Италия Премьер-министрі бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

⚡️Қарағандыда ХҚКО қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін тергеліп жатыр
Қарағандыдағы ірі құрылыс нысанында еңбек етуге рұқсаты жоқ Мысырдың 14 азаматы анықталды. Бұл – елімізде осы ел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі бойынша алғаш рет тіркелген жағдай.
Соңғы бес күнде көші-қон ережесін бұзудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелді. 678 шетелдік Қазақстаннан шығарылып, оларға 5 жылға елге кіруге тыйым салынды.
Осы деректерге байланысты көші-қон заңын елемеген жұмыс берушілер мен жалған құжат жасаған «ЦОН» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
t.me/qaztaspa
Қарағандыдағы ірі құрылыс нысанында еңбек етуге рұқсаты жоқ Мысырдың 14 азаматы анықталды. Бұл – елімізде осы ел азаматтарының заңсыз еңбек қызметі бойынша алғаш рет тіркелген жағдай.
Соңғы бес күнде көші-қон ережесін бұзудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелді. 678 шетелдік Қазақстаннан шығарылып, оларға 5 жылға елге кіруге тыйым салынды.
Осы деректерге байланысты көші-қон заңын елемеген жұмыс берушілер мен жалған құжат жасаған «ЦОН» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кішкентай ауыл тұрғыны әкімнен ойын алаңын салып беруді сұрады
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы мектеп оқушыларымен кездесу кезінде бала әкімге маңызды өтінішін айтты.
Кішкентай ұл бала жымиып, «Біздің көшеге ойын алаңын салып бере аласыз ба?» деп сұрады. Әкім күліп, қай көшеде тұратынын нақтылап сұрады.
Кейінірек шенеунік ауылда ойын алаңдары мен саябақ салу жоспарланғанын айтты.

QazTaspa - Жаңалықтар
Шымкент зообағында ер адам түйеқұсты тепті Оқиға 25 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Ер адам сол жердегі жануарларды үркітіп, тіпті түйеқұсты теуіп жіберген. Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады. Хайуанаттар бағының мәліметінше, келуші…
Шымкентте түйеқұсты тепкен жасөспірім табылды
Полиция қызметкерлері жануарға зиян келтірген адамның 17 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Онымен және ата-анасымен бірге профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жасөспірім есепке алынып, ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды.
t.me/qaztaspa
Полиция қызметкерлері жануарға зиян келтірген адамның 17 жастағы жасөспірім екенін анықтады. Онымен және ата-анасымен бірге профилактикалық әңгіме жүргізілді. Жасөспірім есепке алынып, ұсақ бұзақылық бойынша жауапкершілікке тартылды.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ағылшынша сөйлеген туристер полицейлерді абдыратып қойды
Ақтау маңындағы тас жолдардың бірінде полицейлер шетелдік туристерді терезе қараңғылығына байланысты тоқтатты. Алайда ағылшын тілінде түсіндіре алмаған. Сол себепті оларға жымиып, сәтті жол тілеп, жібере салған.
Кетер кезде жүргізуші аялдаудың себебін түсінген болып шықты, бірақ оны білмегендей кейіп танытқан.
t.me/qaztaspa
Ақтау маңындағы тас жолдардың бірінде полицейлер шетелдік туристерді терезе қараңғылығына байланысты тоқтатты. Алайда ағылшын тілінде түсіндіре алмаған. Сол себепті оларға жымиып, сәтті жол тілеп, жібере салған.
Кетер кезде жүргізуші аялдаудың себебін түсінген болып шықты, бірақ оны білмегендей кейіп танытқан.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда тегін балмұздаққа таласқан жұрт бір-бірін таптап кете жаздады
Ақтауда Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара абыр-сабырға ұласты. Бұған балалар киімін сататын дүкен иесінің мейрам күні тегін балмұздақ пен тәтті мақта таратқаны себеп болды.
Куәгерлердің сөзінше, дүкен алдына адам қарасы көп жиналып, тіпті балалар жоғалған. Аталған оқиғадан кейін мерекелік шараны ұйымдастырған кәсіпкерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр
Судья тараптардың өтініш хаттарын тыңдады. Ержан Жанұзақов қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталып, сот жарыссөзінің басталғанын мәлімдеді.
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.

YouTube
02.06.2025ж. 1-бөлім. Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі
Открытый судебный процесс по делу по обвинению в убийстве Шерзата Полата 02.06.2025г. часть-1
QazTaspa - Жаңалықтар
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр Судья тараптардың өтініш хаттарын тыңдады. Ержан Жанұзақов қылмыстық іс бойынша тергеудің аяқталып, сот жарыссөзінің басталғанын мәлімдеді. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан…
Шерзат Болат ісінде прокурор айыпталушыларға қандай жаза мерзімін сұрады
⠀
Бүгін, 2 маусым күні, Шерзәт Болатты өлтіру ісі бойынша сот процесінде жарыссөз кезеңі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбайдың мәлімдеуінше, прокурорлар айыпталушыларға келесі жаза мерзімдерін ұсынды:
⠀
— Абзал Шынасыл — 23 жыл (кісі өлтіру, бұзақылық, кісі өлтіруге оқталу);
— Равиль Сакиев — 20 жыл (кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық);
— Шыңғыс Белғожаев — 7 жыл (бұзақылық);
— Дархан Әскентай — 7 жыл (бұзақылық);
— Нұрқияс Ильясов — 9 жыл (бұзақылық);
— Нұрбол Тоқтаубаев — 7 жыл (бұзақылық);
— Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл (бұзақылық, мүмкін ұрлық бабы бойынша қайта саралануы ықтимал);
— Дидар Қалиахмет — 7 жыл (бұзақылық);
— Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) — 1,5 жыл (қылмыс туралы хабарламау).
t.me/qaztaspa
⠀
Бүгін, 2 маусым күні, Шерзәт Болатты өлтіру ісі бойынша сот процесінде жарыссөз кезеңі басталды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сарсенбайдың мәлімдеуінше, прокурорлар айыпталушыларға келесі жаза мерзімдерін ұсынды:
⠀
— Абзал Шынасыл — 23 жыл (кісі өлтіру, бұзақылық, кісі өлтіруге оқталу);
— Равиль Сакиев — 20 жыл (кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық);
— Шыңғыс Белғожаев — 7 жыл (бұзақылық);
— Дархан Әскентай — 7 жыл (бұзақылық);
— Нұрқияс Ильясов — 9 жыл (бұзақылық);
— Нұрбол Тоқтаубаев — 7 жыл (бұзақылық);
— Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл (бұзақылық, мүмкін ұрлық бабы бойынша қайта саралануы ықтимал);
— Дидар Қалиахмет — 7 жыл (бұзақылық);
— Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) — 1,5 жыл (қылмыс туралы хабарламау).
t.me/qaztaspa
Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.
t.me/qaztaspa
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда газ жарылысы болып, ер адам қаза тапты
⠀
Оқиға Шапағат шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1980 жылы салынған үйде газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін (өрт шықпаған) құрылымдардың құлауы орын алған. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады.
⠀
Құтқарушылар үйінді астынан 1949 жылы туған ер адамның денесін тапты. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр.