Қостанайда жұмысшылар жөндеу жұмыстары кезінде терезені де бояп тастаған
⠀
Қостанайдағы көпқабатты үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар тек қабырғаны емес, терезелерді де бояп жіберген.
⠀
Қалалық әкімдікке қарасты iKomek ахуал орталығы жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді.
⠀
t.me/qaztaspa

Қайырлы таң!
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы:
🌤 Алматыда аспанды бұлт торлайды, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +15 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні 4,3 м/с-қа дейін жетеді.
🌤 Астанада да бұлтты күн күтілуде. Күндізгі температура +29 градусқа дейін, ал түнде +13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 10,2 м/с шамасында болады.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда жер сілкінісінен жасөспірім қаза тапты
3 маусым күні таңертең Түркияда 5,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан 69 адам жарақат алды.
Зілзаланың эпицентрі Эгей теңізінде, Мугла қаласынан шамамен 10 шақырым жерде болды.
Мугла провинциясының губернаторының мәліметінше, зардап шеккен 69 адам медициналық көмекке жүгінген. Қайғылы жағдай да тіркелді: дүмпулер кезінде өзін құтқармақ болып биіктен секірген 14 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.
t.me/qaztaspa
Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың Youtube-арнасынан көріңіз.
t.me/qaztaspa
Шерзат Болат ісі: үкім 5 маусымда шығарылады
Бүгін сотта айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Осыдан кейін судья Ержан Жанұзақов кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 5 маусым күні сағат 16:00-де жарияланбақ.
t.me/qaztaspa
Бүгін сотта айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Осыдан кейін судья Ержан Жанұзақов кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 5 маусым күні сағат 16:00-де жарияланбақ.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі сот залында анасына өлең арнады
Шерзат Полаттың өліміне айыптау ісі бойынша сот отырысында соңғы сөзін айтқан Тоқтаубаев Азамат анасынан кешірім сұрап, екі жол өлең арнады.
Оқиға орнына ағам үшін бардым деген айыпталушы судьядан әділ шешім шығаруын сұрады.

💬 Алматыда балалар байқауын өткізбек болған ұйымдастырушы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында жарияланған байқауды шетелде өткіземін деген желеумен ұйымдастырушы ата-аналардан ақша жинаған. Алайда іс жүзінде шара өткізілмеген, балалар шетелге шықпаған, ал қаражат қайтарылмаған.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың сапарына байланысты келісім жасағанда мұқият болуға кеңес беріп, күмән тудыратын кез келген жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырды.
t.me/qaztaspa
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында жарияланған байқауды шетелде өткіземін деген желеумен ұйымдастырушы ата-аналардан ақша жинаған. Алайда іс жүзінде шара өткізілмеген, балалар шетелге шықпаған, ал қаражат қайтарылмаған.
Құқық қорғау органдары ата-аналарға балалардың сапарына байланысты келісім жасағанда мұқият болуға кеңес беріп, күмән тудыратын кез келген жағдайда бірден полицияға хабарласуға шақырды.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы құрылыс алаңында кран құлап, оператор көз жұмды
Сатпаев көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап қалды. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан кран операторы қаза тапқан.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оңтүстік Кореяда президент сайлауының нәтижесі белгілі болды
Елде өткен президенттік сайлауда оппозициялық Демократиялық партияның өкілі Ли Чжэ Мён жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 49 пайыздан астамының дауысын жинаған.
Айта кетейік, Ли Чжэ Мён бұған дейін де президенттікке үміткер болған. Бұл жолы ол елдің саяси құрылымы мен экономикалық бағытын жаңғыртуға ниетті екенін білдірді.
Жаңа президент қор нарығын дамыту, миноритарлық акционерлердің мүддесін қорғау сынды мәселелерге ерекше назар аударатынын айтты. Ал сыртқы саясатта АҚШ және Жапониямен тығыз әріптестікті жалғастыруды көздеп отыр.

Желіде мейрамханаға қайықпен кірген той иелері қызу талқыға түсті
Желіде мейрамханаға ерекше форматта кірген той иелері сынның астында қалды. Кадрлардан олардың әсем әуеннің сүйемелдеуімен қайықпен кіріп келе жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай, той Түркістан қаласында өткен. Ақ дастархан 63 жасқа толған той иесіне арналған.
Алайда тойға ерекше үлгіде шыққан зейнеткерлер желі қолданушыларына ұнамай қалды. Көпшілік бұл әрекетті шектен шыққандық деп бағалады.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
1992 жылдың 4 маусымында Тәуелсіз Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді. Бұл күн — елдің егемендігін айқындайтын маңызды тарихи сәттердің бірі. Ал 2007 жылдан бері 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде ресми түрде аталып келеді.
Мемлекеттік рәміздеріміз — ұлт мақтанышы, елдік пен бірліктің нышаны.

‼ Алматылықтарға маңызды хабарлама
Қалада психиатриялық клиникадан қашып кеткен үш адамға іздеу жарияланды. Олардың екеуі – психикалық денсаулық орталығынан, ал үшіншісі – полиция бөлімшесінен жоғалған.
Денис Антипин мен Павел Лавров маусымның басынан бері табылмай жатыр. Ал Елисей Балакин 25 мамырдан бері із-түссіз кеткен.
t.me/qaztaspa
Қалада психиатриялық клиникадан қашып кеткен үш адамға іздеу жарияланды. Олардың екеуі – психикалық денсаулық орталығынан, ал үшіншісі – полиция бөлімшесінен жоғалған.
Денис Антипин мен Павел Лавров маусымның басынан бері табылмай жатыр. Ал Елисей Балакин 25 мамырдан бері із-түссіз кеткен.
t.me/qaztaspa
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте әйел такси көлігін кірпішпен сындырды
Желіде Шымкентте түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрлардан қыз қолына кірпіш алып, тұрақта тұрған таксидің әйнектерін сындыра бастайды. Аvtokomek_kz мәліметінше, қыздар такси шақырған. Бірақ ақысын төлеуден бас тартқан. Кейін жүргізушіге шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, тырнап тастаған. Алайда жүргізуші оларға қарсы күш қолданбаған.
Бір сәттен кейін қыздардың бірі кірпішпен көлікті қирата бастаған. Ақпаратқа сәйкес, көліктің терезелері, шамдары, панельдері сынған, салоны зардап шеккен.
Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факт бойынша бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда кәсіпкерлерді қорқытып келген «күзетшілер бандасы» ұсталды
Қылмыстық топ бизнес иелері мен қызметкерлеріне күш көрсетіп, «күзет қызметін» мәжбүрлеп таңған. Осылайша олар шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алған.
ІІМ мәліметінше, Алматы мен бес облыста жүргізілген арнайы операция барысында 20 рэкетир ұсталды.
Тінту кезінде жеті атыс қаруы тәркіленді: оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі бар.
Топтың басшысына және мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оны басқару және оған қатысу баптары бойынша айып тағылды.

❗️🍔Фастфуд жарнамасына шектеу қойылмақ
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фастфуд өнімдерін жарнамалауға тыйым салуды жоспарлап отыр.
Бұл бастама Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына негізделген. Ұйым балаларға арналған тағам мен алкогольсіз сусындардың жарнамасына қатысты арнайы ұсынымдар жинағын дайындаған.
🍟🥤Комитеттің мәліметінше, тамақ өнімдерін белсенді жарнамалау адамдардың тұтыну әдетін қалыптастырып, дұрыс емес тамақтану мәдениетін насихаттайды.