Qazaqstan.tv
50.8K subscribers
13.1K photos
14.8K videos
11 files
6.91K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Берденовке қатысты іс прокуратураның бақылауында

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты жүргізіліп жатқан іс прокуратураның бақылауында. Бұндай мәліметті журналистермен брифинг өткізген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Түркияда магнитудасы 6,2 балдық күшті жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Силиври қаласының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде болған. 10 минут ішінде тағы екі рет қайталанған. Құрбандар мен шығындар туралы әлі ешқандай ресми ақпарат жоқ.

Түркиядағы меншікті тілшіміз Айдос Әшімұлының бейнематериалында.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇳 Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

🔹 Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏍Алматы қаласында 500 мопед айыптұраққа қойылды

🔴Алматы қаласында 5 сәуірден бастап екі апта ішінде мопед жүргізушілері тарапынан 1500-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

📌Жол қозғалысын қадағалау барысында полиция қызметкерлері 500 мопедті айыптұраққа жеткізген. Құқық бұзушылардың басым бөлігі көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Сондай-ақ қорғаныс шлемін кимеу, мопедті мас күйінде жүргізу фактілері де кездескен.

Ресми өкілдің айтуынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция тарапынан тағы да рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝Павлодарда жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс өтті

«Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау үшін Павлодар облыстық Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өкілдері полиция мамандығын таңдаған курсанттармен кездесті. Мақсат жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті күшейту.

Мамандар курсанттарға заң мен әділдік қағидаттарын қамтамасыз ету жөнінде дәріс оқыды. Мәселен, болашақ полицей заңсыз ұстау, тінту жүргізу, іс материалдарын бұрмалау фактілеріне жол бермеуі керек. Ол үшін курсанттың бойында қазірден жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптасқаны дұрыс.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда болған жер сілкісінен зардап шеккендер бар ма?

📝Үкіметте елді газдандыру бойынша бірқатар мәселелер айтылды

🧑‍⚖️Руслан Берденовке қатысты жүргізіліп жатқан іс прокуратура бақылауында

🇺🇸🇺🇦АҚШ дипломаттары Украина жөніндегі келіссөздерге қатыспады

💸Еуропа Одағының заңдарын бұзғаны үшін Apple-ге 500 млн, Meta-ға 230 млн доллар айыппұл салынды

📚Қазақстанда отандық авторлардың 100 таңдаулы кітабы айқындалады

✍️Авторлық құқыққа қатысты заң жобасына бірқатар өзгеріс енгізіледі

📺Толығырақ 20:00-де Ақпаратта.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Мәскеуде ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті

Мәскеуде күн күрт жылынып, ауа температурасы 23,4 градусқа дейін жетті. Осылайша сынап бағанасы 30 жылдық рекордты жаңартты. Соңғы рет 1995 жылы 23 cәуірде ауа температуасы 23,3 градусқа дейін көтерілген.

❗️Мамандар аптап ыстық алдағы екі күн сақталатынын айтады. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі өрт оқиғасы артатынын ескертіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды талап етіп отыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Стамбұлда жер сілкінісі қайталануы мүмкін

Стамбұл халқын бүгін жойқын дүмпулер дүрліктірді. 1 сағатта бес рет жер сілкінді. Зілзалының магнитудасы 6,2 баллға жеткен. Үрейлеген тұрғындар қайда бас сауғаларын білмей дал болған.

📌Мамандар жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген болжам айтып отыр. Сондықтан Ердоған Түркияның тиісті министрліктеріне жағдайды бақылауда ұстап, қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐Huawei және China Unicom Сюнанда алғашқы 10G кең жолақты байланысын бірлесіп іске қосты: өлшенген жылдамдық 9800 Мбит/с-тен асты, деп хабарлайды lxbt.

💲Биткойн қалпына келе бастады, ал доллар мен АҚШ қор индекстеріне арналған фьючерстер төмендеуде. Бұл қозғалыстардың себебі ортақ: президент Федералдық резерв жүйесінің төрағасын қатты сынға алып, оның тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отыр. Доллардың индексі 2024 жылдың қаңтарынан бері ең төменгі деңгейге жетті, өйткені Ұлттық экономикалық кеңестің директоры Кевин Хассетт жұма күні Трамптың Пауэллді қызметтен босата ала ма, жоқ па, соны зерттеп жатқанын айтты.

🥇Сарапшы Эд Ярдени 2026 жылдың соңына дейін алтын бағасы 5 000 долларға жетеді деп болжауда.

🇰🇷🇯🇵1999 жылдан бері алғаш рет Жапония Оңтүстік Кореядан күріш импорттады. Бұл елде осы өнімнің айтарлықтай тапшылығы мен бағаның өсуіне байланысты орын алды. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, оңтүстіккореялық NongHyup ауыл шаруашылығы федерациясының жапондық бөлімшесі 2 тонна күріш жіберді, ал жақын уақытта тағы 20 тонна жеткізіледі деп күтілуде.

📱Еуропалық комиссия (ЕК) Apple Inc. компаниясына 500 миллион еуро, ал Meta Platforms Inc.-ке 200 миллион еуро айыппұл салды. Бұл айыппұлдар Цифрлық нарықтар туралы заңды (Digital Markets Act, DMA) бұзғаны үшін салынды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📱Авторлық сыйақыны қамтамасыз ету үшін цифрлық платформа құрылады

💸Ақын, әнші, сазгерлер авторлық сыйақыларын әділ түрде алуы үшін, цифрлық платформа құрылмақ. Ол жерде гонорар қалай есептелмек? Мәжіліс депутаттары авторлық құқыққа қатысты заңға өзгертулер енгізді.

📝Сондай-ақ бұдан былай мүмкіндігі шектеулі жандар кез келген туындыны автордың рұқсатынсыз оның қарпін өзгертуге және аудиожазбасын жазу құқығына ие болады. Бүгін осы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Толығырақ тілші Самал Қабышеваның материалында.


📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇸🇺🇦Украина жөніндегі келіссөздерге АҚШ дипломаттары қатыспай қойды

💬Бүгін Ұлыбритания астанасында АҚШ, Украина, Еуропа арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді. Себебі Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лондонға сапарын кенеттен доғарған.

Вашингтон атынан президент Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы елшісі Кит Келлог өкілдік етеді.

💬Бұған дейін Трамп Мәскеу мен Киев келіссөздерінде прогресс байқалмаса, Украинадағы соғысты тоқтату әрекетінен бас тартатынын мәлімдеген еді.

Келіссөздерді тұралатып отырған басты мәселе – территория. Болжамдарға қарағанда, Вашингтон Украинаның оккупацияланған төрт облыс пен Қырымды Ресейдің бақылауына өткізгенін қалайды.

❗️Алайда президент Владимир Зеленский ешқандай бейбіт келісім аясында Мәскеуге жер бермейтінін ескертіп отыр.


📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛣Алматыда BRT құрылысы басталады

Алматының ірі магистралі саналатын Райымбек даңғылындағы BRT құрылысы басталады. Жоба аясында BRT желісіне, яғни жүрдек автобусына арнайы жолақтар салынып, жаңа аялдамалар орнатылады. Нәтижесінде автобустардың орташа жылдамдығы 70%-ға артады. Бағыттар бойынша қоғамдық көлікті күту уақыты 4-7 минут аралығында болады. Бастапқыда тоғыз негізгі маршрут іске қосылады.

Арнайы жолақтың салынуы қоғамдық көлікке басымдық беріп, алып шаһардағы кептелісті азайтуға сеп болмақ. Құрылыс екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі кезінде маусым айына дейін арық жүйесі орнатылады, жаңа аялдамалар салынады. Сондай-ақ суару, инженерлік жүйелер көшіріледі. Ал маусым айынан бастап жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылады. Бағдаршамдар жаңартылып, тротуарлар, велосипед жолдары, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM