Qazaqstan.tv
50.6K subscribers
13.1K photos
14.9K videos
11 files
6.96K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
✔️Испания үкіметі «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты су орнынан Қазақстанның батыс өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп жатыр. Кен орнындағы таза судың қоры тәулігіне 173,4 мың текше метр.

Су ресурстары және ирригация министрлігі кен орнында аэромагниттік түсірілім жүргізу үшін испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен келісімге қол қойды.

Сондай-ақ мұнай өндірудің жерасты су орны суларына әсерін зерттеуге қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы 250 млн теңге бөлген. Зерттеу жұмыстары Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жүргізіп жатыр.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👨‍⚕️🩺Алматыда әлемнің үздік хирургтері тікелей эфирде 15 ота жасады

Оны Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген дәрігерлер мен мамандар онлайн бақылады. Операциялар Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында өтті.

Сондай-ақ халықаралық шеберлік сағатына Үндістан, Италия, Қытай, Израиль және тағы басқа елдерден келген 600-ден астам дәрігер, ғалым мен сарапшы қатысты.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💻Еліміздегі барлық мектептерде STEM және робототехника кабинеттері ашылуда

Оқушыларды сапалы және заманауи білім ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында 2039 мектепте 3128 жаңа пәндік кабинеттермен жабдықталды. Оның ішінде 336-ы робототехника бағытында іске қосылған.

2029 жылға дейін тағы 945 осындай кабинет ашу жоспарланып отыр.

🔴Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметінше, еліміздегі мектептерде 1800-ге жуық робототехника кабинеті жұмыс істейді. Оның 858-і қалалық мектептерде, ал 942-і ауылдық білім ошақтарында орналасқан.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️Биыл халықтың 62 пайызы газбен қамтылады

Үкімет отырысында газ өндіру саласындағы проблемалық мәселелер көтерілді. Оның ішінде Жаңаөзенде салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысы 3 жылға кешігіп жатқаны айтылды.

Сондай-ақ Ұлытау облысында газ саласына бөлінген 2,7 млрд теңгенің басым бөлігі игерілмеген. Осыған байланысты Премьер-Министр облыс әкіміне ескерту жасады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда 62,8 миллиард текше метр газ өндіру жоспарланған. Биыл 12 миллионнан астам адам газға қол жеткізеді деген жоспар бар.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏦SREP: Елдегі банктердің жұмысын жетілдіру қажет

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2024 жылға арналған банктердің тәуекел деңгейін бағалау есебін жариялады.

Елде екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. SREP қорытындысы бойынша 9 банктің жағдайы тұрақты. Ал 10-ы әлі жетілдіруді қажет етеді. Қалған 2 банктің жұмысы өте төмен деп бағаланды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇳 Үндістанда жарылыстан 27 турист қаза тапты

Ал жараланғандар ауруханаға жеткізілді.

Пахалгам қаласында болған шабуылды «Қарсыласу майданы» көтерілісшілер тобы мойнына алды. Бұл ұйым Үндістанда лаңкестік топ деп танылған.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

➤Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар.

Асим Мунир Мемлекет басшысына Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады.

➤ Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге тың серпін берудің, экономиканың түрлі секторындағы өзара мүддеге сай келетін мүмкіндіктерді толық жүзеге асырудың маңызына назар аударылды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰АҚШ президенті Қытайдан келетін тауарларға баж салығын төмендетуге уәде берді

Дональд Трамп Қытай тауарларына баж салығының 145% болуы тым жоғары екенін мойындап, оны төмендетуге уәде берді. Бірақ салықты мүлде алып тастамайтынын ескертті.

Ақ үй басшысы Қытайға АҚШ-пен кедендік келісім жасасуға тура келетініне де тоқталды. Вашингтон да ортақ мәмілеге дайын екенін жеткізді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛣Жол апаттарының алдын алу үшін жаңа әдіс енгізіледі

Тасжолдарда жол апаты жиілеуіне байланысты ІІМ барлық жолға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтаған. Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсіл, яғни жолды тарылту әдісі енгізіліп жатыр.

Яғни, бұрын үш жолақты болған трассалар, екі жолаққа ауысады.

Қауіпті жол бөліктерінде қозғалыс жолағы кішірейген кезде жүргізуші автоматты түрде жылдамдықты азайтып, сақтық танытады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс жол апатын азайтуға септігін тигізеді.

💬Айта кетейік, былтыр елде 32 мыңға жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 43 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2579 азамат қаза тапқан.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

🔵Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты.

🔵Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.

🔵Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎬«Құсни-Қорлан» әнінің шығу тарихына арналған телехикая түсіріледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Естайдың Қорланы» атты екі бөлімді тарихи телехикая түсіруді қолға алды. Туындыда халық композиторы Естай Беркімбайұлының бүгінге дейін жеткен әйгілі «Құсни-Қорлан» әнінің шығу тарихы баяндалады.

Жобаны түсірудегі басты мақсат – қазақ халқының сал-серілік дәстүрін, ұлттық фольклордың кең тараған мұрасы – ғашықтық жырларының мәнін жеткізу, жастарға ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы өнер мен өмір салтын көрсету. Телехикаяның сценарий авторы – «Qazaqstan» арнасы бұған дейін түсірген «Абай», «Ерте көктем» сериалдарының сценарийін жазған Сержан Зәкерұлы, режиссеріНұргелді Садығұлов. Н.Садығұлов бұған дейін арнаның «Он алты жасар чемпион» сериалына режиссерлік етті.

«Естайдың Қорланы» телехикаясы Естай Беркімбайұлының туған өңірі Павлодар облысының Баянауыл ауылында және Екібастұз қаласында өтеді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы телехикаядағы басты кейіпкерлерді сомдайтын актерлерге кастинг жариялайды.

Актерлерге қойылатын талаптар:

Жас Естай
– 18-25 жас;
– Бойы 175 см және одан жоғары болуы;
– Ән айту, домбыра тарту қабілеті, атқа міну дағдылары;
– Сахнада еркін қимылдау, көркем сөзге икемділік қажет.

Қарт Естай
– 65-75 жас;
– Ән айту, домбыра тарту, атқа міну қабілеті қажет.

Қорлан
– 17-22 жас;
– Аққұба, шашы ұзын;
– Атқа міне алуы керек.

Біржан сал
– 45-60 жас;
– Сал-сері бейнесіне сай келбет;
– Домбырамен ән айту қабілетінің болуы шарт.

Өтінімдер casting@qazaqstan.tv поштасына 2025 жылғы 20 мамырға дейін қабылданады. Байланыс нөмірі: +717 2 75 71 08.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Стамбұлда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады.

Жер асты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша 12:49-да тіркелген. Эпицентрі Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте анықталған. Жер сілкінісі жақын аумақтағы провинцияларға да сезілген.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM