Экономика министрлігі 🇰🇿
2.64K subscribers
4.93K photos
199 videos
18 files
3.44K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.
Кездесу барысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Экономика #Нұр-Сұлтан
 
Толығырақ: https://bit.ly/3rn4qoJ
ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖЖМ-ҒА ШЕКТІ БАҒАНЫ АРТТЫРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
 
Өткізушілер мұнай өнімдеріне шекті бағаларды бөлшек саудада
өткізуді асырып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген және осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама жасауға құзыретті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары болып табылады.
#economy #ҰЭМ #ЖЖМ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3rxw8PC
СЕНАТ ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДІ МАҚҰЛДАДЫ
 
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатты Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ұсынды.
«Заңға сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті», - деді Тимур Жақсылықов.
#economy #ҰЭМ #АҚШ #Келісім
 
Толығырақ:https://bit.ly/3oFlGDU
СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТМРКД ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Бүгін, 2022 жылғы 11 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше ұжымымен кездесіп, департаменттің жаңа басшысын таныстырды.
ТМРК СҚО бойынша департаментінің басшысы болып осы уақытқа дейін ведомствоның орталық аппаратында Жылумен жабдықтау саласындағы реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған Дамир Сабырұлы Тоқтамысов тағайындалды.
#economy #ҰЭМ #ТМРКД
 
Толығырақ: https://bit.ly/3JqkY5r
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ
 
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесуі барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиға аясындағы экономикалық жағдай мен еліміздегі соңғы экономикалық бастамалар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі Президенттің бастамаларын іске асыру жөніндегі Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Құжатта Үкіметтің инклюзивтік экономикалық өсуді ынталандыру, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту жұмысы нақтыланған.
#economy #ҰЭМ #Экономика #Қазақстан
 
Толығырақ: https://bit.ly/3HOvenz
ҚР ҰЭМ ТМРК КІРМЕ ЖОЛДАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСЫҚСЫЗ МОНОПОЛИСТ-СУБЪЕКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУҒА ШОБ-ТЫ ЖӘРДЕМДЕСУГЕ ШАҚЫРАДЫ
 
Мемлекет басшысы «соңғы шақырым» мәселесін бірнеше рет көтерді, атап айтқанда, теміржол тұйықтарына, разъездері мен эстакадаларына қол жеткізу проблемасы.
Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кірме жолдар саласында қызметтерді жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету бөлігінде тиісті жұмыс жүргізді.
#economy #ҰЭМ #ТМРК
 
Толығырақ: https://bit.ly/3HRUjxK
АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН АРТТЫРУ БЕНЗИН МЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БАҒАСЫНА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ, - ҚР ҰЭМ
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынға арналған акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын
әзірледі.
#economy #ҰЭМ #ЖЖМ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3I4pl5X
ҚАЗАҚСТАН ОДМ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕКІНШІ ЕРІКТІ ҰЛТТЫҚ ШОЛУДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ КІРІСТІ
 
Ұлттық экономика министрлігі Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі үйлестіруші орган ретінде «Ерікті Ұлттық шолу талқылауларының басталуы 2022» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов хабарлағандай, Қазақстанда ОДМ-ды іске асыру жөніндегі екінші ерікті Ұлттық шолуға (ЕҰШ) дайындық басталды. 2022 жылғы шілдеде Қазақстан ЕҰШ-ты БҰҰ орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстырады.
#economy #ҰЭМ #ОДМ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3uSp5mF
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ ҚР ИНФЛЯЦИЯНЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТӨМЕНДЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР КЕШЕНІ ЖОБАСЫН ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАДЫ  
 
ҚР әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-қимыл жоспарын орындау мәселелері жөніндегі кеңес барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені жобасын дайындау барысы туралы баяндады.
Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешені жобасын әзірледі. Ол жедел және ортамерзімдік сипаттағы 66 іс-шараны қамтитын 5 бағыттан тұрады. Осы шараларды іске асырудың мақсаты инфляцияны 2022 жылы 4-6% дәлізде, ал 2024 жылы 4-5% деңгейінде ұстап тұру.
#economy #ҰЭМ #Инфляция
 
Толығырақ: https://bit.ly/3I27vAg
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 112 АУЫЛДА ҚОСЫМША МЕКТЕПТЕР МЕН АУРУХАНАЛАР САЛЫНАДЫ
 
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген кеңесте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндады.
ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде мектеп, аурухана, мәдениет үйі мен спорт нысаны секілді әлеуметтік нысандарды салу, қайта жаңарту және жөндеу үшін батыс және оңтүстік облыстарға қосымша 20 млрд теңге бөлу жоспарланған.
#economy #ҰЭМ #АуылЕлБесігі
 
Толығырақ: https://bit.ly/3p0tY9s
ҰЭМ БАСШЫСЫ ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ  
 
Бүгін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесінде ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық жағдайды тұрақтандыру және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың бірлескен шаралары туралы баяндады.
Өз сөзінде Қуантыров сыртқы фактор мен карантиндік шектеуге қарамастан, Одақ шеңберіндегі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу серпінін атап өтті. Министрдің айтуынша, өткен жылы өзара сауда көлемі $26 млрд-тан асқан. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 28%-ке жоғары. Экспорт 34,9%, импорт 25,4% өсті.
#economy #ҰЭМ #ЕАЭО
 
Толығырақ: https://bit.ly/3tb0hUB
БҮГІН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Т.ЖАҚСЫЛЫҚОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮЙЛЕСТІРУ КОМИТЕТІНІҢ IX ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
 
Бүгін Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен ҚР ҰЭМ және Еуропалық Қайта құру және даму банкі арасындағы Ынтымақтастық бағдарламаларын Үйлестіру комитетінің жылсайынғы IX отырысы өткізілді. Ұлттық экономика министрлігі мен ЕҚДБ ШОБ-ты қолдаудың бірлескен бағдарламасының тиімділігін талқылады.
«Қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті, оның ішінде кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы мен Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру бойынша жұмыс жалғасуда», - деді Т.Жақсылықов.
#economy #ҰЭМ #ШОБ
 
Толығырақ: https://bit.ly/358VI4T
ҮКІМЕТ БИЗНЕСКЕ ӘКІМШІЛІК ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР
 
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеушілік саясатты іске асыру туралы баяндады.
ҰЭМ басшысының айтуынша, Заңның маңызды новелласы – кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі болып табылады. Тізілімде реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға талдау жүргізу мерзімі айқындалады. Егер реттеуші орган осы талдауды мерзімінде жүргізбеген жағдайда, мұндай актілердің күші жойылып, Тізілімнен шығарылады.
#economy #ҰЭМ #Кәсіпкерлік
 
Толығырақ: https://bit.ly/3tlAg4X
 
STANDARD&POOR'S ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗ КРЕДИТТІК РЕЙТИНГІН РАСТАДЫ
 
Standard&Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».
Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар – ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары. Бұл ретте өтімді сыртқы активтерінің болуы Қазақстанның фискалдық тұрақтылығына оң  әсерін тигізеді.
#economy #ҰЭМ #S&P #Рейтинг
 
Толығырақ: https://bit.ly/3pE2W8b
ҰЭМ БАСШЫСЫ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ
 
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырды.  
«Тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың нақты табысының өсу қарқыны 2019 ж. 6,4%-дан 2021 ж. 2,9%-ке дейін баяулады. Халық табысының құрылымында еңбек етуден түсетін кірістердің төмендеуі және әлеуметтік трансферттерден түсетін кірістердің өсуі байқалады», - деді Ә.Қуантыров.
#economy #ҰЭМ #Бағдарлама #ХТА
 
 
Толығырақ: https://bit.ly/3J2s5AX
ЖЖМ АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН АРТТЫРУ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ ҮШІН ҚОСЫМША ҚАРАЖАТ ТАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ, - ҚР ҰЭМ

«Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
#economy #ҰЭМ #Акциздер

Толығырақ: https://bit.ly/3JhCbOE
2022 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-АҚПАНДА ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ 3,5%-ҒА ДЕЙІН ЖЕДЕЛДЕДІ
 
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы қорытындыларын шығарды.  
ҰЭМ басшысы өз сөзінде ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ға дейін жеделдегенін атап өтті. Есептік кезеңде нақты секторда өсудің жеделдеуі, сауда мен байланыста өсудің ағымдағы жылғы қаңтардағы төмендеуінен кейін қалыпқа келуі, өндіруші емес секторда инвестициялардың қарқынды өсуі байқалуда.
#economy #ҰЭМ #ӘЭД
 
Толығырақ: https://bit.ly/3tYvomz
СЕНАТТА БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ    
 
Бүгін Сенатта «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы      диспропорцияны төмендету мақсатында бюджетаралық қатынастарды жетілдіру» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өткізілді.  
«Бізде төрт «донор» өңір бар. Бұл Атырау мен Маңғыстау облыстары және Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Қалған он үш өңір субвенциялық болып табылады. 2022 жылға арналған алып қоюлардың жалпы сомасы 491 млрд. теңгені, бюджеттік субвенция көлемі 2 трлн. теңгеден астам», - деді Ә.Қуантыров.
#economy #ҰЭМ #Сенат #Бюджет

Толығырақ: https://bit.ly/3w9i01F
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM