Экономика министрлігі 🇰🇿
2.64K subscribers
4.93K photos
199 videos
18 files
3.44K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен бірге Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасын әзірледі. Ол 4 негізгі бағыттан тұрады: кәсіпкерлік белсенділікті арттыру; кәсіпкерлердің өсуін жеделдету; жаңа тауашалардың пайда болуы; бәсекелестіктің кешенді дамуы.
#economy #ҰЭМ #Кәсіпкерлік

Толығырақ: https://bit.ly/3FOdcBn
МӘЖІЛІСМЕНДЕР КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАҢА РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
«Таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын жетілдіруді, «1 in 2 out» қағидатын енгізуді, міндетті талаптар тізілімін, бизнес есептілігін цифрландыруды және мемлекеттік бақылауды жетілдіруді көздейді», - деді Ә. Ерғалиев.
#economy #ҰЭМ #Кәсіпкерлік #ProOfficeEconomy #26436 #26438 #26441 #26442

Толығырақ: https://bit.ly/3CHQKrA
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУДАҒЫ МІНДЕТТІ ТАЛАПТАРДЫҢ 48 ПРОЦЕНТІ РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТҚА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ - ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ

Қоғамдық тамақтандыру саласында 67 НҚА-да 1700-ге жуық міндетті нормативтік талаптар бар және олардың 48%-ке жуығы реттеушілік саясат талабына сәйкес келмейді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің IX съезі барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.
Оның айтуынша, бұл талаптар қайта қаралуы немесе жойылуы керек.
Жаңа реттеу саясатын қалыптастыру үшін міндетті талаптарға тексеру жүргізіліп, тізілім құрылады. Бұдан басқа, жаңа реттеушілік саясатты қалыптастыру үшін міндетті талаптарға ревизия жүргізіліп, тізілім жасалады. Мәжілісте бірінші оқылымнан өтіп, жыл соңына дейін қабылданатын жаңа реттеу саясаты туралы заң жобасы әзірленді.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Кәсіпкерлік

Толығырақ: https://bit.ly/3opfWx6
ТҮРКІСТАНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының ашылуы өткізілді. Аталған іс-шара Дүниежүзілік әйелдер кәсіпкерлігі күніне арналды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.
«Бұл әйелдердің өсуіне көмектесетін аса маңызды бастама деп санаймын. Біз экономиканың өсуі үшін алда жаңа мүмкіндіктерді жасай береміз деп ойлаймыз. Мұның барлығы еліміздегі әйел кәсіпкерлердің шығармашылық және кәсіпкерлік әлеуетіне жүйелі түрде оң ықпал етеді», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысының орынбасары.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Түркістан #Кәсіпкерлік

Толығырақ: https://bit.ly/3FuP3P5
СЕНАТ КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАҢА РЕТТЕУШІЛІК САЯСАТ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Сенат депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады.  
«Таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді, «1 in 2 out» қағидатын енгізуді, міндетті талаптар тізілімін, бизнес есептілігін автоматтандыруды және мемлекеттік бақылауды жетілдіруді көздейді», - деді Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Кәсіпкерлік
 
Толығырақ: https://bit.ly/3Jflm7i
ҮКІМЕТ БИЗНЕСКЕ ӘКІМШІЛІК ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР
 
Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлік саласындағы жаңа реттеушілік саясатты іске асыру туралы баяндады.
ҰЭМ басшысының айтуынша, Заңның маңызды новелласы – кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі болып табылады. Тізілімде реттеушілік актілердің жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан оларға талдау жүргізу мерзімі айқындалады. Егер реттеуші орган осы талдауды мерзімінде жүргізбеген жағдайда, мұндай актілердің күші жойылып, Тізілімнен шығарылады.
#economy #ҰЭМ #Кәсіпкерлік
 
Толығырақ: https://bit.ly/3tlAg4X