Жаслан Мәдиев, ҚР ҰЭМ вице-министрі:
«Қазақстанда ОДМ іске асырудың ұлттық архитектурасы қалыптастырылды»
2019 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Төмен көмірсутекті экономиканы дамытудың 2050 жылға дейінгі ұлттық стратегиясын талқылау бойынша конференция өткізіліп, оның барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев «Жасыл өсу форумы және жасыл қаржы саласындағы көшбасшылық бағдарлама» тақырыбында баяндама жасады.
Ж. Мәдиев өз сөзінде, Қазақстанда 2018 жылдан бастап, ОДМ-ды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын, бүгінгі күні ОДМ-ды іске асырудың ұлттық архитектурасы қалыптастырылғанын атап көрсетті.
«Ұлттық экономика министрлігі екі бағыт бойынша: елімізде ОДМ-ды іске қосу жөніндегі жұмысты жалпы үйлестіру және белгіленген бағыт бойынша мақсаттарды әзірлеу, іске асыру әрі мониторингілеу жұмыстарын жүргізеді», - деді спикер.
Вице-министр Ж. Мәдиев а.ж. 15-18 шілдеде Нью-Йорк қаласында өткізілген Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум (High-level Political Forum) барысында Қазақстан өзінің бірінші Ерікті ұлттық шолуын таныстырғанын хабарлады.
«Шолудың таныстырылуы қалыптасқан мемлекет позициясын бекітудегі, еліміздің орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы прогресін паш ету мүмкіндігі, негізгі қатерлерді белгілеп, сыртқы бағалауға ие болудағы, сондай-ақ өзге елдердің тәжірибесімен танысудағы тағы бір қадам болды», - деді вице-министр.
Ж. Мәдиев атап өткендей, ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыруға жастарды белсенді түрде жұмылдыру механизмдерін бірлесіп жасау, сондай-ақ бұл шараларға қаржы салуды арттыру ұсыныстарын зерделеу маңызды.
«Жаңғырмалы энергия саласын кеңейту жұмысы жүргізілуде. Қазақстан бұл жолда 2050 жылға қарай жаңғырмалы энергия мен баламалы көздерден алынатын электр энергиясы көлемін 50%-ке дейін жеткізу тәрізді өршіл мақсат ұстанып отыр», - деді спикер.
Ж. Мәдиев сөзінің соңында, Ұлттық экономика министрлігі Төмен көмірсутекті экономиканы дамытудың 2050 жылға дейінгі ұлттық стратегиясын қолдайтынын және оның жұмысына қатысуға дайын екенін хабарлады. #economy #ОДМ

Facebook
#economy | Facebook
View about #economy on Facebook. Facebook gives people the power to share and makes the world more open and connected.
ҚАЗАҚСТАН ОДМ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕКІНШІ ЕРІКТІ ҰЛТТЫҚ ШОЛУДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ КІРІСТІ
Ұлттық экономика министрлігі Орнықты даму мақсаттарының (ОДМ) іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі үйлестіруші орган ретінде «Ерікті Ұлттық шолу талқылауларының басталуы 2022» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов хабарлағандай, Қазақстанда ОДМ-ды іске асыру жөніндегі екінші ерікті Ұлттық шолуға (ЕҰШ) дайындық басталды. 2022 жылғы шілдеде Қазақстан ЕҰШ-ты БҰҰ орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумында таныстырады.
#economy #ҰЭМ #ОДМ
Толығырақ: https://bit.ly/3uSp5mF