Экономика министрлігі 🇰🇿
2.61K subscribers
4.72K photos
187 videos
18 files
3.3K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУДІҢ ӨЗЕКТЕНДІРІЛГЕН ШАРАЛАР КЕШЕНІН ҰСЫНДЫ
 
Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияға қарсы әрекет етудің өзектендірілген шаралар кешенін ұсынды.
«Қабылданған шараларды іске асыру нәтижесінде тауар тапшылығына жол бермей, инфляция мен оның компоненттерін нысаналы деңгейде ұстап тұру күтілуде. Қабылданып жатқан шаралар бағаны біртіндеп тұрақтандыруға және бизнес ахуалды, оның ішінде инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді», - деді Әлібек Қуантыров.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Инфляция
 
Толығырақ: https://bit.ly/3AaGgAv
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ ҮКІМЕТТЕ БАТЫС ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров батыс өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытуды кешенді жоспарын таныстырды.
Әлібек Қуантыров хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарлары әзірленіп, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған қолданыстағы кешенді жоспарлары өзектендірілді. 4 жоспарды қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге. Бұл ретте қаржыландырудың көп үлесі жеке инвестицияға тиесілі – 13,2 трлн теңге.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Кешендіжоспар
 
Толығырақ: https://bit.ly/3rHdseU
ШОБ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ ЗАЛАЛДЫ ӨТЕУ МЕХАНИЗМІ БЕКІТІЛДІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ
 
2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеудің объективті тәсілдерін әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірлерін ескере отырып, бүгін Ұлттық экономика министрінің № 7 бұйрығымен, 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу Қағидалары бекітілді.
#economy #ҰЭМ #ШОБ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3KPVMXu
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
 
Бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.
Кездесу барысында экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ астананың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.
#economy #ҰЭМ #ProOfficeEkonomika #Экономика #Нұр-Сұлтан
 
Толығырақ: https://bit.ly/3rn4qoJ
ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖЖМ-ҒА ШЕКТІ БАҒАНЫ АРТТЫРУ ФАКТІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
 
Өткізушілер мұнай өнімдеріне шекті бағаларды бөлшек саудада
өткізуді асырып жібергені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген және осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама жасауға құзыретті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары болып табылады.
#economy #ҰЭМ #ЖЖМ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3rxw8PC
СЕНАТ ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДІ МАҚҰЛДАДЫ
 
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжатты Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ұсынды.
«Заңға сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қаржы ұйымдарымен халықаралық іскерлік операциялар жүргізетін барлық шетелдік қаржы ұйымдары АҚШ салық төлеушілерінің шоттары туралы ақпарат беруге міндетті», - деді Тимур Жақсылықов.
#economy #ҰЭМ #АҚШ #Келісім
 
Толығырақ:https://bit.ly/3oFlGDU
СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТМРКД ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
 
Бүгін, 2022 жылғы 11 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше ұжымымен кездесіп, департаменттің жаңа басшысын таныстырды.
ТМРК СҚО бойынша департаментінің басшысы болып осы уақытқа дейін ведомствоның орталық аппаратында Жылумен жабдықтау саласындағы реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған Дамир Сабырұлы Тоқтамысов тағайындалды.
#economy #ҰЭМ #ТМРКД
 
Толығырақ: https://bit.ly/3JqkY5r
ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНА АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ
 
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің шет мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерімен кездесуі барысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстандағы қаңтардағы қайғылы оқиға аясындағы экономикалық жағдай мен еліміздегі соңғы экономикалық бастамалар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта Ұлттық экономика министрлігі Президенттің бастамаларын іске асыру жөніндегі Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Құжатта Үкіметтің инклюзивтік экономикалық өсуді ынталандыру, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту жұмысы нақтыланған.
#economy #ҰЭМ #Экономика #Қазақстан
 
Толығырақ: https://bit.ly/3HOvenz
ҚР ҰЭМ ТМРК КІРМЕ ЖОЛДАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСЫҚСЫЗ МОНОПОЛИСТ-СУБЪЕКТІЛЕРДІ АНЫҚТАУҒА ШОБ-ТЫ ЖӘРДЕМДЕСУГЕ ШАҚЫРАДЫ
 
Мемлекет басшысы «соңғы шақырым» мәселесін бірнеше рет көтерді, атап айтқанда, теміржол тұйықтарына, разъездері мен эстакадаларына қол жеткізу проблемасы.
Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кірме жолдар саласында қызметтерді жүзеге асыратын бірқатар компаниялардың кірме жолдарды ұсыну қызметтеріне тарифтерді төмендету бөлігінде тиісті жұмыс жүргізді.
#economy #ҰЭМ #ТМРК
 
Толығырақ: https://bit.ly/3HRUjxK
АКЦИЗ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН АРТТЫРУ БЕНЗИН МЕН ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ БАҒАСЫНА ӘСЕР ЕТПЕЙДІ, - ҚР ҰЭМ
 
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсулар қоспасы мен экологиялық отынға арналған акциздердің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын
әзірледі.
#economy #ҰЭМ #ЖЖМ
 
Толығырақ: https://bit.ly/3I4pl5X