masa.media
7.25K subscribers
3.6K photos
476 videos
5.15K links
Саясат, адам құқықтары мен заңдар туралы басылым | Издание о политике, правах и законах

Құлағыңыздың түбінен маса сияқты ызыңдаймыз | Мы, как комары, будем звенеть в ваших ушах

Сайт: https://masa.media

Для связи: freedom@masa.media (почта)
Download Telegram
Қазір елде жалға берілетін баспана бағасы аспандап тұр. Қалада арзан үй іздеген жастар көп.

Соларға арнап бұрын нұсқаулық жазып едік.

Пәтерді жалға аларда неге мән берген жөн? Ай сайынғы ақысын бере алмасаңыз, үй иесі қуып шыға ала ма? Туыстарды кіргізуге бола ма?

Осы сұрақтарға жауап бердік. Оқи отырыңыз.

Сайттан оқыңыз.

#masalaw #masaархиві
Бұрын 25 қазан күні Қазақстанда Республика күні деп атап өтілетін. Мемлекеттік мереке болғасын халық бұл күні жұмыс істемейтін. Бірақ 2009 жылы «Мерекелер туралы» заңы түзетіліп, Республика күні мерекелер күнтізбесінен алып тасталды.

Мереке қалай пайда болғаны, оның мәні мен қалай ұмыт болғаны туралы сөз қозғаймыз.

Сайттан оқыңыз.

#masaархиві
Қазақстанда жұмысшы құқығы жиі бұзылады: жұмыс беруші жалақыны дұрыс, уақытылы бермейді, артық жұмыс береді, бірақ ақысын төлемейді және тағысын-тағы.

masa.media бұрын осы заңсыздықтар болмасын деп жұмысшы құқығы туралы материалдар топтамасын жасаған еді.

📍Жұмыстан шығару мен қысқарту туралы

📍Жалақы қашан және қалай төленуі керек?

📍Уақытша жұмыс істей алмау не «больничный» туралы

📍Еңбекшарты қалай жасалуы керек?

📍Ереуілге шығам дегендерге де айтарымыз бар.

#masaархиві
20 қараша — Дүниежүзілік балалар күні. БҰҰ балаларды түсініп, олардың ісіне әрдайым қолдау көрсету қажет дейді.

1 маусыммен шатастырмаңыз. Ол — балаларды қорғау күні.

Masa.media 1,5 жылда балаларға арнап бірнеше материал жазған екен. Оқи отырыңыз.

Бала да адам, оның да құқығы бар. Қандай құқы барын мына жерден біліңіз

Жұмыс істеп жүрген балалардың құқығы қандай?

Ата-анасынан, тәрбиешісінен жәбір көрген балаларды қалай қорғау керек?

Мектепте әлімжеттік көретін оқушылардың Қазақстандағы жағдайын да біле жүріңіз.

Бала асырап алам дегендер қайтсе болады?

Оқушы құқығы туралы да жаздық.

Бала неге 18-ге келгенде ересек атанады?

#masaархиві
Бүгін бірінші президент күні.

Қылмыстық кодексте бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты үш бап бар: оның өміріне қол сұғу, оған тиіспеушілікті бұзу және тіл тигізу (қорлау). 
 
Назарбаевқа тіл тигізу деген не? Оның заңнамадағы «жай» қорлаудан қандай айырмасы бар?

Сайттан оқыңыздар.

#masaархиві
Бүгін — бірінші президент күні. Соның құрметіне ол алып тастаған бірінші Конституциясы туралы оқиық.

Сайттан көріңіз.

#masaархиві
Жұмыс берушімен арадағы дауды шешу үшін жұмысшылар ереуілге шыға алады. Конституцияда солай жазылған, бірақ наразылық ұйымдастыру үшін негізгі заңдағы бір бапқа қарап алысқа бара алмайсыз. Оның бірнеше нюансы бар және олар Еңбек кодексінде жазылған. 
 
Біз соған сүйене отырып, ереуіл ұйымдастырамын не оған қатысамын дегендер нені білуі керек екенін айтып береміз. 

#masaархиві
Премьер-министр — үкімет басшысы. Бұл орган не істейтінін және сол үшін біздің қалтамыздан қанша ақша алатынын жазған едік. Интернет барда оқып алыңыз.

#masaархиві
Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда іс-түссіз жоғалып кеткендер көп.

Бұрын біз жақыныңызды қалай іздеу керегін айтып бергенбіз. Оқи отырыңыз, таратыңыз. Көмегі тиер деп үміттенеміз.

Сайттан оқыңыз.

ДЕРЕУ ІЗДЕҢІЗ 
 
Іздеуге қаншалық дереу кіріссеңіз, соншалық жақсы. Жақыныңыз жұмыстан кешігіп жатыр ма, не дүкенге шығып кетіп, үйге оралмай жатыр ма, оған қоңырау шалыңыз. Тұтқаны алмаса, оның достарына, әріптестері мен достарына хабарласыңыз. Кішкентай бала жоғалса не кешігіп жатса, мұғаліміне, достары мен олардың ата-анасына телефон соғыңыз. 
 
МАҢЫЗДЫ: «Кешігіп жатқан шығар, қазір келеді ғой» деп қамықпай отырмау керек. Дереу әрекет етіңіз. 
 
ПОЛИЦИЯҒА ХАБАРЛАҢЫЗ
 
Жақыныңыздан ешқандай хабар жоқ, оның достары, таныстары мен көршілеріңіз еш нәрсе білмесе, полицияға дереу хабарлаңыз. Ол үшін 102 нөміріне қоңырау шалыңыз не кез келген полиция бөлімшесіне барыңыз. Арыз жазу үшін жоғалғанынан үш күн өтуі керек деген шектеу жоқ. 
 
Полицейлерге жоғалған адамға қатысты барлық мәліметті беруге тырысыңыз: жеке мәліметтерінен басқа (аты-жөні, туған жылы мен күні, түр-әлпеті, киімі), оның неге қызығатынын (компьютер клубы, футбол және тағысын-тағы), қай жерге барғанды жақсы көретінін, жоқ болып кететін әдеті, қандай да бір ауруы бар ма, жоқ па — бәрін айту керек. Ең кейін түсірілген суретін беріңіз. 5-10 жыл бұрын түсірілген фотоның адамды іздеп табуға көмектесуі екіталай. 
 
МАҢЫЗДЫ: Полицияға арыз берерде, жоғалған адамға қатысты ешбір мәліметті жасырмаңыз. Басында бір нәрсе айтуды ұмытып кетуіңіз мүмкін, есіңізге түсірген бойда іске жауапты полицейге хабар беріңіз. 
 
ЕРІКТІЛЕРГЕ ЖҮГІНІҢІЗ
 
Еріктілерге жүгінсеңіз болады. Бірақ, Ирина Мордасованың айтуынша, Lider.kz еріктілері полициямен тікелей байланысып отырады. Арыз түсті ме, оны полицейлер дереу Lider.kz координаторына жібереді екен. 
 
Алайда сіз полиция құжаттарды толтырып, базаға енгізеді дегенше, еріктілерге өзіңіз хабарлассаңыз болады. Ұйымның әр қалада филиалы бар. Солардың кез келгеніне әлеуметтік желілер не сонда көрсетіліп тұрған телефон нөмірі арқылы хабарласаңыз. Instagram-да Lider.kz деп іздесеңіз болады. 
 
Оларға полицияда берілген, ісіңіздің нөмірі жазылып тұрған талонды көрсетіңіз. Сіз осылайша жақыныңыз шынымен де хабар-ошарсыз кеткенін дәлелдей аласыз. 
 
— Кейде бізге алимент төлемей, жасырынып жүрген жұбайын іздеп жүрген әйелдер де хабарласады. Ал біз шынымен де жоғалып кеткен адамдарды іздейміз. Адам шынымен хабар-ошарсыз кеткенін полицияға берілген арыз дәлелдейді, — дейді Ирина. 
 
ӨЗІҢІЗ ІЗДЕҢІЗ
 
Полиция мен еріктілерден хабар күтпей, жоғалған адамды танитын туыстарыңызды, достарыңыз бен таныстарыңызды іздеуге қатысуын өтініңіз: еріктілерге қосылсын, әлеуметтік желілерде өз парақшасынан хабар берсін, аурухана не моргтарды тексеріп шықсын. Негізі, полиция өз базасы арқылы аурухана мен моргтарды тексеріп шыға алады, десе де өзіңіз аралап не хабараласып шыққаныңыз артық етпес.
 
Сонымен бірге жергілікті БАҚ-қа не жазылушысы көп блогерлерге жаңалық/пост жазғызсаңыз болады.
 
Бірақ өз бетіңізбен әрекет етер алдында полицейлер, еріктілермен бір ақылдасып алған жөн. Әрекетіңіз олардың қызметіне кедергі келтірмесін. 
 
 Бұл кезде бар ресурсты пайдаланған маңызды. 
 
МҰНДАЙ КЕЗДЕ НЕ ІСТЕМЕГЕН ЖӨН?
 
• Еріктілер мен полициянікінен бөлек хабарлама жазам десеңіз, жеке телефон нөміріңізді жария етпеңіз. Әйтпесе біреулер «балаңыз/жұбайыңыз/досыңыз/туысыңыз қайда екенін білемін» деп, оның мекенжайын айту үшін сізден ақша талап етуі мүмкін. Хабараламада полиция не жауапты еріктінің нөмірін көрсетіңіз. 
 
• «Полиция түк бітірмейді, оларға барудың қажеті жоқ» деп, өз бетіңізбен іздемеңіз. Біріншіден, полициясыз еріктілер көмегіне жүгіне алмайсыз, екіншіден, іздестіруде олардың мүмкіндігі көп: медицина мекемелерімен, еріктілермен тікелей байланысы мен арнайы иттері бар. 
 
• Балгер, көріпкелге барамын деп алаяқтарға ұрынып қалмаңыз. Адам жақынын табамын деп қолынан келгенін жасап бағады, тауып берем дегенге ақша бере салады. Сақ болыңыз.

#masaархиві
Бұрын masa.media мемлекеттің сатып алуы саласын қысқаша түсіндіріп берген еді: онда мемлекеттік тендер қалай өтетінін, неге біздің елдегі тендерлерге сарапшылардың көңілі толатынын айттық.

Оқи отырыңыз.

#masaархиві
masa.media
Министрлер кабинеті екі ай ішінде офшорда жатқан заңсыз ақшаны елге қайтарудың амалын табуға тиіс. Осылай деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма берді.    Бұрын мәжілісмен әрі «Ақ жол» партиясының депутаты Мақсат Раманқұлов елдегі олигархизация…
Офшор деген не?

Ағылшынның offshore — «арғы бетте» деген сөзінен шыққан. Шетел компанияларының бизнесін тіркеу үшін қолайлы жағдай ұсынатын елдер осылай аталады.

Мысалы, жеңілдетілген салық немесе одан мүлдем босату, салық есебін оңай тапсыру, мемлекетке есеп беруден босату, бизнес қожайындарын жарияламауға рұқсат беру. Офшор деп шетелде сондай шартпен ашылған ұйымдарды да айтады. 

Офшорда ақша сақтау қылмыс емес, бірақ ондай бизнес көбіне заңсыз мақсатқа пайдаланылады: қаржы жымқыру, жемқорлық, алаяқтық. Айталық, өз елінде кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынғандықтан шенеунік офшорда бизнес ашуы мүмкін. Дегенмен офшор аймағының заңнамасы бойынша шетел азаматтары бизнесін өз еркімен емес, жергілікті заңды тұлға арқылы тіркей алады. Сол себепті офшор ұйымдарында бір заңды мекенжай көрсетілуі мүмкін. Жергілікті компаниялар сондай заңды делдалдар арқылы табыс тауып, өз елінің бюджетін толтырады. 

Әйгілі офшор аймақтары — Кипр, Ағылшын аралдары архипелагы, Мальта, Панама.

Global Financial Integrity халықаралық сарапшыларының мәліметінше, 2019 жылы Қазақстаннан 167 миллиард доллардан астам ақша офшорға заңсыз шығарылған. 

#masadictionary #masaархиві
2006 жылы 13 ақпанда бұрынғы ақпарат министрі, оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы күзетшісі және жүргізушісімен бірге Алматы іргесінде өлі күйінде табылды. 
 
Сәрсенбайұлын өлтіргендер сотталғанмен оппозиционердің жақтастары бұл ресми қорытындыға сенбейді.
 
Алтынбек Сәрсенбайұлы деген кім? 12 жыл бойы мемлекеттік қызметте болған адам неліктен оппозицияға өтті? 

#masaархиві
🎉 Республика күні құтты болсын!

32 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (парламенті) «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылдады.

Неліктен егемендік сол кезде маңызды болды, Тәуелсіздік күнінің Республика күнінен айырмашылығы неде және соңғысы 2009 жылдан бері мемлекеттік мереке болуды неге тоқтатты — біздің материалда.

#masaархиві
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Құрметті оқырмандар, сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз!

33 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (парламенті) «Мемлекеттік егемендік туралы» декларация қабылдады.

Неліктен егемендік сол кезде маңызды болды, Тәуелсіздік күнінің Республика күнінен айырмашылығы неде және соңғысы 2009 жылдан бері мемлекеттік мереке болуды неге тоқтатқанын еске түсіреміз.

#masaархиві
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM