кітаби қыз🔖
9.92K subscribers
127 photos
5 videos
6 files
8 links
Уа адамдар! Кімде-кім менің қисық кеткенімді көрсе, бірден түзетсін.

© Омар(Алла оған разы болсын)

📨кері байланыс: @kitabikyz_bot
📸pinterest: https://pin.it/3MOhP4ziv
Download Telegram
Forwarded from sulu~soul
Алты ай бойы таң намазына оятқан💔

Ата-аналардың көбінше балаларға кішкентайында бір нәрсе үйретуге тырысатыны, үлкейгенде, ер жетіп отау құрып, бой жетіп тұрмысқа шыққанда тәрбиесіне аса көңіл бөлмейтіні рас.

Пайғамбардың ﷺ ғұмырын бажайласак, бір қызығы, жиырма жасында Фатима анамыз тұрмыска шығып, Мәдинада әзірет Алимен бірге бөлек отау тіккеннен соң әзірет Мұхаммед ﷺ алғашқы алты ай бойы таң азанымен өзі арнайы барып, қызы мен күйеу баласын таң намазына оятып, мешітке шақырғаны туралы деректер бар.

Сонда отауы бөлек, кәмелетке толған қызы мен күйеу баласының имани тәрбиесіне неліктен соншалық
мән берген?

📌 Бұл істегі Пайғамбарымыздың ﷺ межесі мынадай:
ерлі-зайыптылық өмірдің алғашқы күндері мен айларында шайтанның жас жұбайларды жолдан шығаруға қатты әрекеттенетініне, олардың намазын, әсіресе таң намазын ұрлауға барынша кірісетініне, сондықтан әсіресе сол шақтарда иманды әлсіретіп алмау үшін ерлі-зайыптыларды намазға, имани сұхбаттарга шақырудың өте маңызды екеніне назар аударған.
Пайғамбарымыздын ﷺ бұл амал-өнегесінен адам өмірінің маңызды бөлігінде - жаңа шаңырақ құрған жас жұбайлардың иманын қуаттауға күш салғаны байқалады.

📖 Дамира Өмірзаққызы, «Дүниедегі жұмақ»
#неке #балатәрбиесі