Бесік жыры
... Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын. Ал менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні әлі тұр құлағымда...
📚Ұшқан ұя
#балатәрбиесі

Forwarded from sulu~soul
Алты ай бойы таң намазына оятқан💔
Ата-аналардың көбінше балаларға кішкентайында бір нәрсе үйретуге тырысатыны, үлкейгенде, ер жетіп отау құрып, бой жетіп тұрмысқа шыққанда тәрбиесіне аса көңіл бөлмейтіні рас.
Пайғамбардың ﷺ ғұмырын бажайласак, бір қызығы, жиырма жасында Фатима анамыз тұрмыска шығып, Мәдинада әзірет Алимен бірге бөлек отау тіккеннен соң әзірет Мұхаммед ﷺ алғашқы алты ай бойы таң азанымен өзі арнайы барып, қызы мен күйеу баласын таң намазына оятып, мешітке шақырғаны туралы деректер бар.
❓Сонда отауы бөлек, кәмелетке толған қызы мен күйеу баласының имани тәрбиесіне неліктен соншалық
мән берген?
📌 Бұл істегі Пайғамбарымыздың ﷺ межесі мынадай:
ерлі-зайыптылық өмірдің алғашқы күндері мен айларында шайтанның жас жұбайларды жолдан шығаруға қатты әрекеттенетініне, олардың намазын, әсіресе таң намазын ұрлауға барынша кірісетініне, сондықтан әсіресе сол шақтарда иманды әлсіретіп алмау үшін ерлі-зайыптыларды намазға, имани сұхбаттарга шақырудың өте маңызды екеніне назар аударған.
Пайғамбарымыздын ﷺ бұл амал-өнегесінен адам өмірінің маңызды бөлігінде - жаңа шаңырақ құрған жас жұбайлардың иманын қуаттауға күш салғаны байқалады.
📖 Дамира Өмірзаққызы, «Дүниедегі жұмақ»
#неке #балатәрбиесі