«Қаражанбасмұнай» АҚ
739 subscribers
5.21K photos
227 videos
1 file
119 links
Download Telegram
«7 QADAM» - КӨШБАСШЫЛАР ОРДАСЫ
 
«Қаражанбасмұнай» АҚ материалдық-техникалық жабдықтау базасының тауартанушысы Айгерім Бопилова «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жалынды жастары жиылған «7 Qadam» көшбасшыларды дамыту бағдарламасының қатысушысы атанды. Жоба осыдан екі жыл бұрын басталып, Ұлттық қорға қарасты компанияларда еңбек ететін жас мамандардың идеяларын жүзеге асыруға сеп болды.
 
Нағыз көшбасшыларды дайындайтын бағдарлама аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі200 жұмысшысы алдымен Түркістанда өткен форумда бас қосты. Олардың арасынан 21 қатысушы іріктеріп, Алматыда «7 Qadam PRO» оқыту бағдарламасының бірінші кезеңін бастады. Әр компанияның үздігі төрт күн бойы «Тиімді байланыс», «Жобаларды басқару», «Тұрақты даму және ESG» тақырыптары бойынша теориялық  білімін шыңдайды. Мақсаты айқын, талпынысы жоғары көшбасшылармен танысып, жаңа орта қалыптастырады.
 
Бағдарлама 3 кезеңге жоспарланған. Келесі модульдерде жастар «Қаржылық сауаттылық», «Кайдзен әдісі», «Жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік»  сияқты тақырыптарды меңгермек. Оқыту аяқталған соң қатысушылар жоба қорғап, оны өз компанияларында жүзеге асыруға жұмыстанады.
Forwarded from SAMRUK-KAZYNA official
«Қаражанбасмұнай» жер қойнауын қауіпсіз әрі экологиялық барлау жобасын жүзеге асыруда

Импульстік көздері бар сейсмикалық барлау әдісі дала жұмысының мерзімі мен шығынын едәуір азайтуға, геологиялық құрылымның детализациясын арттыруға және алынған сейсмикалық деректер сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

➡️Жоба аясында қосымша мұнай қорын анықтау және Қаражанбас кен орнында 2 млн тоннаға дейін мұнай өндіру көзделген. Бұл алдағы 5 жыл ішінде табыс көлемін 187,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайтпақ.

📍Қоршаған ортаға теріс әсер ететін дәстүрлі жарылғыш әдістермен салыстырғанда, жаңа технология қауіпсіз және ол қолжетімсіз жерлерде жұмыс істей алады.

✔️Жоба аяқталғаннан кейін, бұл технологияны ерекше сезімтал табиғи аймақтар үшін, қолдану аясын кеңейту жоспарланып отыр. Олардың қатарында Каспий теңізінің транзиттік экологиялық аймағы да бар.

🔘

«Каражанбасмунай» реализует проект по внедрению более безопасного и экологичного метода изучения недр

Сейсморазведка с импульсными источниками позволяет значительно сократить сроки и затраты на полевые работы, повысить детализацию геологического строения и качество получаемых сейсмических данных.

➡️В рамках проекта планируется подтвердить дополнительные запасы и вовлечь в разработку до 2 млн тонн нефти на месторождении Каражанбас, что, по оценке, обеспечит прирост доходов до 187,8 млрд тенге в ближайшие пять лет.

📍В отличие от традиционных взрывных методов, которые могут иметь негативное воздействие на окружающую среду, новая технология безопасна и может работать в труднодоступных местах.

✔️По завершении проекта планируется рассмотреть масштабирование данной технологии для особо чувствительных природных зон, включая транзитную экологическую территорию Каспийского моря.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚБМ ҚҰРАМАСЫ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
 
Қоржында – қола! «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары «KAZENERGY» қауымдастығының 20 жылдығына орай Астанада өткен үстел теннисі турнирінде үздік үштіктен көрінді. Қауымдастыққа мүше мұнай-газ, энергетика салаларындағы компаниялар қызметкерлері арасындағы додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 18 команда қатысты.
 
ҚБМ намысын Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу цехының слесарі Бекзат Шадкам, әлеуметтік топтың спорт нұсқаушысы Талап Барболов және күрделі құрылыс департаментінің аға инженер-жобалаушысы Жанар Қаржаубаева қорғады.
 
Іріктеу кезеңінде командалар үшке бөлініп, топтық раундта әрқайсысы 4 ойын өткізді. Жарыс алаңына үздік әдістерді меңгеріп, мықты дайындықпен барған қаражанбастықтар шапшаңдық, дәлдік, ептілік арқасында финалға шыққан 6 команданың қатарынан көрінді. Шешуші ойын жақындаған сайын үздіктер іріктеліп, жауапкершілік еселене түсті. Нәтижесінде лайықты өнерімен көзге түскен біздің құрамаға үшінші орын бұйырды.
 
Үстел теннисі турнирі – өндірісте еңбек етсе де, салауатты өмір салтын ұстанатын жұмысшылардың спорттағы шеберлігін паш еткен тартысты сайыс болды. Мұндай шаралар қатысушылардың командалық рухын нығайтып, әріптестік қарым-қатынасты дамыта түсері сөзсіз.
КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУЛАР
 
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да (ҚБМ) бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Таңатов Жасұланбек Сырымбайұлы, сондай-ақ еңбекті қорғау,техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры қызметіне Бисенов Самат Сармалайұлы тағайындалды.
 
Жасұланбек Таңатов 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-де 2004-2009 жылдары«Мұнай және газ кен орындарын игеру. Тау-кен инженері», 2012-2016 жж. «Көлік. Көлік техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша білім алған. «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.
 
Еңбек жолын Қаражанбас кен орнында 2007 жылы жүргізуші болып бастап, аға механик, жөндеу-механикалық цехының шебері, автотізбек басшысы болып қызмет етті. 2023 жылдан бастап ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі басшысы, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарды.
 
Бисенов Самат Сармалайұлы Маңғыстау облысының төтенше жағдай басқармасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік бақылау басқармасы және ҚБМ-ның еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі саласында  мол еңбек еткен маман. 2016-2023 жж. компанияның еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау департаменті директоры, 2023 жылдан бастап аталмыш департамент директорының орынбасары лауазымында қызмет етті.