«Қаражанбасмұнай» АҚ
741 subscribers
5.22K photos
228 videos
1 file
119 links
Download Telegram
БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА БАҒДАР
 
Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметкерлері Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен кездесті. «Жаңа технологиялар және еңбек нарығы: болашаққа дайындық» тақырыбында өткен шараға қабат қысымын ұстау, бу өндіру, ғылыми зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының қызметкерлері сондай-ақ аталмыш білім ордасының студенттері қатысты.
 
Мұнайшылар алдымен колледж тынысымен, студенттер жетістіктерімен, практикалық сабақтар өтетін кабинеттердегі станок, аппараттармен танысты. Кездесу ашық диалог форматындағы сұхбатпен жалғасты. Қаражанбастықтар мен жұмысшы мамандықтарда білім алып жатқан болашақ мамандар қара алтын өндірісіндегі технологиялық процестер, қауіпсіздік техникасының маңызы, мамандығының қызығы мен қиындығы туралы әңгімелесті.   
 
Компания Қаражанбас кен орнының Түпқараған ауданы аумағында орналасқанын ескере отырып, әлеуметтік жобаларға, оның ішінде білім беру секторына ерекше көңіл бөледі. Осыған орай ҚБМ аталмыш колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға демеушілік көмек көрсетті. Екіжақты меморандум бойынша басталған тәжірибеге бағытталған оқыту жобасы аясында қазір кен орнында түпқарағандық 7 студент тәжірибеден өтіп жатыр.
БОЗАШЫДАҒЫ ТӘРТІПТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
 
Тәртіп пен қауіпсіздік – қай кезде де жұмыс сапасын жақсартудың басты қағидасы саналады. Өндірісті жандандырып, нәтижені еселеу үшін жұмысшылар арасындағы тәртіпті қадағалаудың маңызы зор. Өткенге көз жүгіртіп, Бозашы даласында осы міндеттерді мүлтіксіз атқарған ардагер - Алпысбай Мәстековпен сұхбаттастық.
 
Ол 1946 жылы Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.  Мектеп табалдырығын Сам ауылында аттап, білімін Таушықтың Шахта орта мектебінде жалғастырды. Оныншы сыныпты Тұщықұдықта тәмамдаған. 1964 жылы Саратовтағы ауыл шаруашылық институтына қаржы мамандығына оқуға түсті. Еңбек жолын Бозашы совхозында есепші болып бастап, кейін Таушықтағы кәсіби-техникалық училищеде оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасар, Бейнеу ауданында жоспарлау комиссиясының төрағасы, Өзенде жеке мүлікті ұрлаумен күрес бөлімінің инспекторы қызметін атқарған. 1983 жылы оған Бозашыдағы вахталық кент милициясының басшысы міндеті жүктелді.
 
«Бұл Қаражанбастағы өндірістің жандана бастаған шағы еді. Жұмысшылар Краснодар, Махачкала, Минеральные воды қалаларынан әуе кемелерімен келетін. Қаламқас пен Қаражанбаста 18 мыңдай қызметкер болды. Әр аймақтан келетін адам көп болғандықтан тәртіп бұзу деректері жиі тіркелетін. Олардың арасында ұсақ бұзақылық та, ірі фактілер де кездескен»,- деп Алпысбай ақсақал сол шақтарды еске алды.
 
80-90 жылдары Қаражанбаста еңбек еткен мұнайшылар Алпысбай Мәстековты жақсы таниды. Ол өзі құрған эксперименталды вахта бөліміндегі мамандармен бірге 6 айдың өзінде 150-ден астам тәртіп бұзушылық тіркегенін айтады. Бозашыдағы кен орындарды күні-түні бақылаған сақшылар қылмыстарды азайту үшін басшылықпен бірлесе нәтижелі жұмыс жүргізген. Нәтижелі еңбегі үшін көптеген марапатқа лайық деп танылып, медальдарға ие болған.
 
«Кейде мамандықтан адамдықты биік қою керек жағдайлар болды. Ел қамы үшін еңбек етіп жүрген азаматтар болған соң тәртіп бұзушылықтың деңгейіне қарай ескертумен шектелуге тырысатынбыз. Алайда мекеме басшылығымен ортақ байламға келіп, жұмыстан босатуға дейін түрлі шара қолдандық. Себебі тәртіп болмаса іс алға баспайды. Уақыт өте келе жағдай тұрақталды, бұзақылық азайды»,- дейді ардагер.
 
Өндірістегі тәртіпті сақтау - әр жұмысшының өзінен басталады. Дегенмен бұл қызмет өз ісін жауапкершілікпен атқарған ардагердің өмір салтына айналған. Ғұмырының 14 жылын мұнайшылармен тығыз қарым-қатынаста өткізген Алпысбай Мәстеков 1997 жылы еңбек жолын абыроймен аяқтап, құрметті демалысқа шықты. Білікті де беделді маман қазір бір ұл, екі қызынан тараған немере-жиендерді қызықтап отырған ардақты ата.