Forwarded from ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ҮШ МЕДАЛЬ
«Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) жұмысшылары үстел теннисі жарысында үш жүлде қанжығалады. 23 сәуір – дүниежүзілік үстел теннисі күніне орай өткен Ақтау қалалық ашық турнирде пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехының токарі Қазидулла Оразов, технологиялық көлік департаментінің шанақтарды рихтовкалаушысы Айтмохаммад Қазақ, әлеуметтік жұмыс және ішкі коммуникация тобының спорт нұсқаушысы Талап Барболов компания абыройын асқақтатты.
Жасөспірімдер мен ересектер тартысқа түскен додада өңірдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам қатысушы бақ сынады. Ойыншылар жас ерекшелігі бойынша бірнеше топқа бөлініп, бар шеберлігін сарапқа салды. Бәсекеде ҚБМ жұмысшылары өз кәсіби қызметінен бөлек, спортқа да қабілетті екенін дәлелдеді. Мықты дайындық пен шапшаңдық танытқан Қазидулла Оразов 40 жастан асқан қатысушылар арасында үздік үштікті түйіндеді. Ал 55 жастан жоғары ойыншылар арасында Айтмохаммад Қазақүшінші орын алса, Талап Барболов күміс жүлдеге лайық деп танылды.
Жеңіс тұғырына көтерілген жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен медальдар, сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Компания басшылығы мен еңбек ұжымы табандылығымен дараланып, ҚБМ намысын қорғаған әріптестерді мақтан тұтады.