Жазушы - كاتب
8.38K subscribers
950 photos
103 videos
65 files
1.03K links
Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib

Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot
Download Telegram
Түйенің етін жегеннен кейін дәрет алу, Түйенің зәрін ішу халал, Жылқының еті харам дегендер хит болып жатыр иә?

Жалпы осы бәленің бәрін істеп жүргендер діни сауаты кем блогерсымақтардан. О, бастан байқаным еді. Бәлкім басқаларыда бастаған шығар. Мен көргенім солар еді.

Келесіде не хит болады екен?!🤦🏻
Неке - тұнып тұрған берекенің қайнар көзі. Жалғыз басымыз үйленген соң екеу болады. Кейін үшеу, төртеу, бесеу... Тіпті әке-шешеміз де енді екеу емес төртеу болып көбейеді. Аға-әпке, іні-қарындас/сіңліміздің де саны бірнеше есеге артады. Сонымен қатар ғалымдар үйленген адамдардың бойдақ адамдарға қарағанда әлдекайда жаксы әрі ұзын өмір сүретінін анықтаған екен. Демек, неке біздің денсаулығымыз бен өміріміздің емшісі дегенге саяды.
Отбасылық өмірдің бізге берер тағы бір сыйы: әке болу, ана болу, ата-әже болу сияқты адам рухын коректендіретін рөлдер береді. Сондай-ақ ол жүрегімізге махаббат, сыйластық, жанашырлық, мейірім сияқты керемет сезімдерді ұялатады.
Үйлену адамның табиғи қажеттіліктерінің бірі. Адам жалғыздықты көтере алмайтын жаратылыс. Ол жанында өзін толықтыратын жары бар кезде ғана бакытты бола алады. Некеде адамдағы физикалық, рухани, психологиялық, тіпті әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығын бірден қанағаттандыра алатын күш бар. Неке болмаса, адам бір бүтіннің жартысы болғандықтан, толыкканды саналмайды.

📕 Бақытты отбасының сыры

#бойдақболманекелібол

#неке
#жұп
#отбасы
Админдер ұйықтамайды)
14.03.2023 Көрісу құтты болсын!🤝
‎كُلُوا وَاشْرَبُوا وَ الْبِسُوا وَ تَصَدَّقُوا فِي غَيْرِ إِسْرَافٍ وَ لَا مَخِيلَةٍ

Мұхаммад пайғамбар айтты:«Ысырапқа ұрынбай ішіп-жеңдер, жақсы киініп, садақа беріндер, (бұларды істеу барысында) тәкаппарлық пен кеудемсоқтықтан аулақ болыңдар».
Сіздерге! Сілтемеге өтіп алсаңыздар болады.
👇🏻


Ораза кестелері еліміздің барлық қалалардың уақытымен.
Соңғы уақыттары аздап мазам болмай жүр еді, бір мәселелер болып. Онымен қоса басым ауырғаны да жиілеп кетті.
Мен үшінде бір дұға етіп қойсаңыздар.🤝
Фудайль ибн ‘Ияд (Алла оны рақыма алсын ) айтқан:

إِذَا لَمْ تَسْتَطِعِ الصَّلَاةَ وَالصَّوْمَ فَاعْلَمْ أَنَّكَ مُكَبَّلٌ يَعْنِي بِالذُّنُوبِ

«Егер сен (нəпіл) намаз оқи алмай, (нәпіл) ораза ұстай алмай жатсаң, онда сені күнәлар байлап тұрғанын біл»

📕 “Шу’абуль-иман”, 6832.

#намаз
Ілім-бұл мына үш нәрсе:
құран, сенімді сүннет жəне
"мен білмеймін" деген сөз!

📕 "Әл-Әдәб Әш-Шәр'ия", 2/61.

#ілімбілім
'Әлләуддин бин әл-Аттар (رحمه الله) айтты:

"Әйел күйеуінің қызғанышын тудыратын амалдардан сақ болуы керек. Өйткені, ол шәйтанның ісінен. Бұл күйеуінің ашуын туғызып, ажырасуға алып келуі мүмкін."

📕 "Әхкәму Нисә” 96 б.

#әйел #неке
"Егер, ер адам пасық әйелге үйленсе, онда, күйеуі дінінің жартысын жоғалтқанға дейін әйелі бақытты болмайды.
Бұл адамдардың тәжірибесінен белгілі."

📕 Ибн Араби әл-Мәлики, "Ахкәмул-Қуран", 536/1

#әйел #неке
САЛИХАЛЫ ӘЙЕЛ - РИЗЫҚ.

📕 хадис жинағынан.

ЖАҚСЫ ӘЙЕЛ – ЫРЫС.

📕
қазақ мақалы.

P/S кейбір адамдар осы айтылғандарды кері түсінетіндер де бар екен. Яғни “жағдайы бар нәзік жандыға үйленіп, әйелдің дүние мүлкі арқылы ері байып кету” екен деп. Бұл қате түсінік. Мұндайды естіп байқағаным бір рет емес. Әсілінде салихалы, берекелі - әйел, дүниедегі ең қымбат асыл жан. Және нәсіп еткен ерге Алладан үлкен нығмет. Қандай керемет иә?!)
Бойдақ ер жігіттер ай десе аузы, күн десе көзі бар, мінезі жібектей қысқасы кемшіліксіз жар іздейді. Бойжеткен қыздарымыз да сымбатты, қажырлы, ақылды қысқасы кемшіліксіз күйеу іздейді. Нəтижесінде, сүр бойдақ жігіттермен отырып қалған қыздарымыздың саны көбейіп келеді. Өкініштісі, екі жақта Алла Тағаланың əйел мен еркекті бір-бірін толықтыру үшін жаратқандығынан бейхабар.

© ұстаз Бауыржан Əлиұлы (Алла рақымына алсын)

#неке
Ер әйелін[әйелдерін], отбасын қызғануы мінезден емес, иманнан. Егер де мінезден болса, қазіргі қоғамдағы болып жатқан ашық-шашық жағдайлар болмас еді.

📕 Неке, отбасылық мәселеге қатысты дәрістен үзінді.
«Олардың ризығын сен бе беретін!?»

Имам Ахмадтан (Аллаһ оны рақымына алсын) сұралды:

“Қазіргі заманда көп әйел алу мәселесі туралы не айтасыз?”

Ол жауап берді: “Біздің заманда барлығы үйленуі керек. Екі әйелі бар еркек құтылды. Себебі, сендердің ешқайсыларың көздерін сақтауға қауқарлы емес, ал көп әйел алумен бұл іс әлдеқайда жеңілдей түспек!”

Одан қайтадан сұрады: “Ол қалай әйелдерін бағып-қақпақ?”

Ол айтты: “Сен бе олардың ризығын беретін? Оларды ризықтандырушы Алла ғана!”

📕 “Бәдәи’ әл-Фәуаид” 4/1406.

#неке
#отбасыеркекәйел
Ертең көптеген адамдар намаз оқу маңызды емес десе, және хиджаптағы жандарға тағы қысым болса оған дүмше молда кінәлы. Видео көргендер түсінеді.
Бірінші видео біздің Нұралы ұстазымыздың, Нұрлан имамға ескертуі.
Екінші видео Нұрлан имам сұхбатынан үзінді
Жазушы - كاتب
Бірінші видео біздің Нұралы ұстазымыздың, Нұрлан имамға ескертуі. Екінші видео Нұрлан имам сұхбатынан үзінді
Нұрлан имамның жеке басына ешкімініңде еш артық әңгімесі жоқ. Тек діни мәселесіндегі қателіктері.
Неке, ер-әйел, отбасы жайлы жазба бастап едім. Ойлап едім ақыры бастаған соң, онда дәкәнца рамазанға дейін жазайын дегенім ше)) басқа тема жазбай🙂
Просто осындайға қалай ашуың келмейді) 😏
Кейбірлері дәстүрлі дінді ұстану дегенді былай түсінеді екен:

1. Анда-санда өлгенді еске алып құран оқу.
2. Құдай тамақта құран оқыған сәтте, қатындар басына майлық тағу.
3. Басты ниет тұзу, арақ ішсеңде қатты мас болмау.
4. Намазды қалаған уақытта оқу және қалаған уақытта оқымау.
5. Хиджап міндетті емес бастысы ниет және жабық кию.
6. Жаңа жыл тойлау бастысы дұрыс ниет.
7. Құран үйрену міндетті емес, бастысы жүрегіміз таза.