Жазушы - كاتب
8.42K subscribers
969 photos
103 videos
112 files
1.16K links
Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib

Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18
Download Telegram
Біздегі шынайы діні ұлты үшін қызмет етіп жүрген имам, ұстаздарға Алла Тағала күш қуат береке берсін, екі өмірде де.
Кейбірлерінің алатын айлықтары 40.000-60.000 тг.. Оларға өкімет ақша бөлмейді. Соның өзінде де халық адасып кетпесін, бір мәселе болсада білсін, ақыретте қара бет болмасын деп насихаттайды. Қоғам бұзылмасын шыр-пыр болып жүреді. Жат ағыммен күреседі. Бірақ соның өзінде де, халықты жарты жолдан блогер сымақтар пен теріс уағыз айтқыштар адастырып жібереді. Одан бөлек, имам мен ұстаздарды жан-жақтан талап, шалып жататындары қаншама. Оны көбісі түсіне бермейді. Өкінішке орай.
Өмірдегі #шынәзіл

Сондай бір кісілер бар. Тоқалына барып тұру үшін, бәйбішесіне ай сайын айлық беріп тұрады екен.

Алла түн тыныштығын берсін!🙂
Мұхаммад пайғамбар айтты:

"Егерде әйел адам өзінің ерінің алдындағы міндеттері қандай екенін білгенде, онда ол күйеуі түскі ас пен кешкі асты ішіп болмайынша, орнына отырмаста еді"

📕 Сахихуль Джами 5259
Тарауих намазы - бекітілген сүннет болып табылады, өйткені, әділетті халифалар оны үзбей орындаған. Ғұламалардың бір ауыздан келісімі бойынша ол ер адамдарға да, әйел адамдарға да сүннет.

📕 Дурру-л-мухтар" 2/596-597
Оразаға қатысты актуалды сұрақтарға жауап:

1. Тараиух намазы бейнамаз жанға оқыса да болады.
2. Тараиух намазын қаласа ниет қылып екі рәкағат, қаласа ниет қылып төрт рәкағаттан болады оқуға.
3. Тараиух намазға жүкті әйелдерге қиын болса отырып оқыса болады.
4. Тарауих намаздың қазасы өтелмейді.
5. Тараиух намазында қамад шақырылмайды.
6. Тарауих намазы әйел/қыз қауымына үйінде оқығаны жақсырақ.
7. Тарауих намазын 8-20 рәкағат аралықта оқыса болады. Бірақ көптеген ғалымдар 20 рәкағатты толықтай оқығаны жақсырақ делінген.
8. Етеккір уақытында ораза ұстамайды, ораза қазасы өтеледі.
9. Жүніп болып ораза бекітсе болады. Артынша тезірек ғұсыл алғаны жақсы.
10. Ораза уақытында етеккірі келсе, ораза бұзылады. Тазаланып біткеннен кейін ораза қазасын өтейді.
11.Емізулі және жүкті әйелге ораза ұстау болады. Егер денсаулыққа зияны тиетіндей болса, ораза ұстамаса болады. Бірақ қазасын өтейді.
12. Күйеуі әйелімен ораза уақытында әдейі біліп қатынасқа түссе ер адам 60 күн кәффарат және сол күннің 1 күн қазасын өтейді. Ал әйел тек сол күннің қазасын ғана өтейді.
13. Түкірік жұтса болады. Бірақ ауызға жинап жұту болмайды.
14. Ораза уақытында душқа түсу, ғұсыл алу болады. Су жұтып алмау керек. Бірақ баня-моншаға парына түсу болмайды.
15. Әйел ас әзірлеп жатқанда тілінің ұшымен тамақтың тұз-дәмін байқауға рұқсат етілген.
16. Тамақтың иісі оразаны бұзбайды.
17. Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды.
18. Ингалятор оразаны бұзады.
19. Клизма бұзады.
20. Тері асты укол оразаны бұзбайды.
21. Инсулин оразаны бұзбайды
22. Венаға укол денеге азық ретінде қуат беретін болса, оразаны бұзады.
23. Венадан қан алу және хиджама оразаны бұзбайды. Бірақ ораза уақытында қан алмағаны жақсырақ себебі адам әлсіреп қиналып қалуы мүмкін.
24. Егер әйел/қыз адамның етеккір мерзімі 10 күннен асып кетсе тазаланып оразасын ұстай береді.
25. Артқы жыныс мүшеге свечи қою және дәрі ағызу ораза бұзады.
26. Гинекологиялық свечи ораза бұзады.
27. Жыныс мүшеге май,дәрі тамызу ораза бұзбайды.
28. Әйелдердің жыныс мүшесіне медициналық тексеру жүргізу ораза бұзбайды. Ал жатырға ине салдыру ораза бұзады.

Canal: @kaatib0
Жұма мұбарак құрметті бауырлар! 🙂
Дұғаларымыз қабыл болсын.
Пайғамбарымыз ﷺ: «Үмметім үшін адастырушы имамдардан (дағуатшылардан) қорқамын» деген.

📕 Әбу Дәуіт, Тирмизи
Әрбір адамның түрлі армандары болады. Ал бойдақ жігіттердің армандары бір болады. 🙂

“رزقكم الله زوجة صالحة”

“Алла Тағала салихалы жар нәсіп етсін” - бойдақ жандарға.
Құрметті мұғалімдер.
Сіздерге өтініш 19.03.23 ж. Күні дауыс ұрламаңыздар! 🙂
Алла Тағала намаз оқуды бұйырды, біреулер болса бәріміз оқып кетпейік деді. Ерсін ұстаздың ғұмырын ұзақ, берекелі қылсын. Оны түрлі жамандықтардан сақтасын. Кеше эфирінде намаз жайлы өте керемет, әрі нақты айтты.
Қуанышты күндер болғай🙂✊🏻
Құрметті бауырлар!
Көптеген оқырмандырым тарауих намазының оқу үлгісі және қалай оқитын жайлы сұраған жандарға мына екі сілтемен бөлісейін:

Ерлер оқу үлгісі : 👉🏻 Тарауих намазы

Әйел/қыздар оқу үлгісі: 👉🏻 Тарауих намазы

Алла Тағала қабыл етсін!
“Әйелімді сүйсем оразам бұзылады ма?” Деген актуалды сұрақтар өте көп. Кейде ойлаймын кейбір жұрттардың романтика вниманиялары тек Рамадан айында ғана ашылама деп) 😅
“Ата-анасы білмейді. Қыз көніп тұр алып қашайын” - дегенді доғару керек-ау. Ең дұрыс, берекелісі әкесімен танысу. Үйленуге асығыс жасайтындардың көбінен осыны байқаймын. Әкесімен танысуға барарда, анасына кішігірім сыйлық [тәттілер болсын] алуды ұмытпау керек.

https://t.me/kaatib0

#Пікір
#неке
Бір түсінгенім, көргенім халық аманатты жек көреді. Бірақ бәрінен жеңіп шығады екен))😅
Тарауих намазы – бес уақыт намазға тәуелді болмағанымен, белгілі бір уақыты бар намаз. Рамазан айында құптан мен таң намазы аралығында оқылатын жиырма рәкәғаттан тұратын бұл құлшылық – мүәккәд сүннет (бекітілген, күшті сүннет) қатарына жатады. Ия, рамазанда тарауих намазын оқу – Пайғамбарымыздың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Риуаят бойынша Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала рамазан айында оразаны парыз етті. Мен де тарауих намазын мұсылмандарға сүннет қылдым» деп айтқан.

📕 Ахмед ибн Ханбал, Мүснәд
Жаңа жылда шыршаны безендіріп емес. Рамазан, айт мейрамдарында үй ішін осылай безендеріп, балаларды қуантып тәрбиесіне үйретсек қайта жақсы емес пе))