Жазушы - كاتب
8.42K subscribers
969 photos
103 videos
112 files
1.16K links
Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib

Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18
Download Telegram
Forwarded from expert_halal_hsa_kz
YOUTUBE, INSTAGRAM, FACEBOOK-ТАҒЫ ӘЙЕЛ БЛОГЫ

Сұрақ:

Әссәләмуәлейкум, ас әзірлеуге арналған әйелдер блогы туралы сұрайын деп едім. Әйелдерге жүзін көрсетпей, Facebook, Youtube, Instagram, веб-сайттарда дауысы бар видеоблог ашса бола ма? Сонымен қатар мұндай жұмыстан түскен табыс адал бола ма екен? Жауап бреуіңізді сұраймын.

Жауап:

Әссәләму әлейкум уә рахматуллахи уә баракатух!

Адал табыс табамын деген ниетіңізге ризамыз.

Әлеуметтік желілер әлі де жамандық пен күнәлардың ортасы боп тұр. Ол қоғамның әр түрлі топтарынан шығатын адамдардың үйі деуге болады.
Кейде мұндай алаңда [әйелдің] беті жабық күйде жұмыс істеудің ағаттығы жоқ сияқты боп көрінуі мүмкін.

Алайда одан басқа да көптеген аса зиянды салдары бар.
Алайда уақыт өте келе арнаның келешегі көрермендерді қолдауды талап етеді.

Мысалы, көрермендерді қызықтырып тарту үшін әйелдің сөйлеген сөзін әдемі болғанын талап етеді.
Егер әйелдің презентациясы мен сөйлеу мәнері қажетті деңгейде болмаса, онда жазылған көрермендер саны аз болады.
Сондықтан әйел адам Шариғатқа өзгеріс енгізіп, көрермендердің ыңғайын табуға тырысады. [1] Көрермендер назарын аудару үшін әйелдің дауысы сүйкімді, әрі тартымды бола бастайды.

Алла Тағала Құранда [33:32] Нәбидің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті жұбайларына былай дейді:
Аударма: «Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, [бөтен ерлермен] қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті [екіжүзділігі] бар әлдекім дәмеленеді. Әдеттегі [Шариғатқа сай] сөзді сөйлеңдер.»

Егер әйелдерге мінсіз үлгі мен көркем мінездің бейнесі болған Нәбидің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алламен таңдалған жұбайларына Алла Тағаланың Өзі осылай айтып жатса, онда біз өзіміздің сөйлеген сөзімізге қаншалықты деңгейде мән беруіміз керек.
Егер жеке сөйлесуде осылай болса, онда көпшілік алдында сөйлеудің салдары айтпаса да түсінікті.

Канал жасағанда әйел адамның дауысын қоспай, оның орнына ас әзірлеудің әртүрлі кезеңдерін көрсететін қарапайым слайд-презентация жасап, дауыстың орнына субтитрді қолданса болады.

Негізінде әлеуметтік желіде танымал болған осындай түрдегі бірталай каналдар бар.
Ас дайындауға арналған блог үшін дауысы бар видеоны қолдану аса маңызды шарт емес.

Біз осы каналдың әлемдегі барша мұсылман әйелдерге пайдасы тисін деп дұға қыламыз. Әумин.

[1] - мәз’әюн әл-Бәсәир фи шарх әл-ашбах назар, 3/383;
- Рәд әл-Мұхтар, 1/406;
- Дәрул Улюм Зәкәрия, 7/228.

Алла Тағала жақсырақ біледі
М. Ахтар
Дәрул Ифта студенті
Оңтүстік Африка
Тексеріп бекіткен:
Мүфти Ибраһим Десаи
www.askimam.co.za

@expert_halal_hsa_kz © арнасы

#әйел #блог #әйелблогы #әйел_блогы #ютуб #арна #INSTAGRAM #YOUTUBE #FACEBOOK
'Әлләуддин бин әл-Аттар (رحمه الله) айтты:

"Әйел күйеуінің қызғанышын тудыратын амалдардан сақ болуы керек. Өйткені, ол шәйтанның ісінен. Бұл күйеуінің ашуын туғызып, ажырасуға алып келуі мүмкін."

📕 "Әхкәму Нисә” 96 б.

#әйел #неке
"Егер, ер адам пасық әйелге үйленсе, онда, күйеуі дінінің жартысын жоғалтқанға дейін әйелі бақытты болмайды.
Бұл адамдардың тәжірибесінен белгілі."

📕 Ибн Араби әл-Мәлики, "Ахкәмул-Қуран", 536/1

#әйел #неке
Forwarded from الحنفية الماتريدية
Жоғарыдағы суретте көптеген мұсылман жанұяларына қайғы алып келген “исламсий психологтың” мұсылман әйеліне берген кеңесі.

Енді сол сөзді адамзаттың тәжісі болған Пайғамбарымыздың ﷺ кеңесімен салыстырайық:

ألا أخبركم بنسائكم من أهل الجنة الودود الولود العؤود على زوجها التي إذا آذت أو أوذيت جاءت حتى تأخذ بيد زوجها ثم تقول والله لا أذوق غمضا حتى ترضى

«Сендерге жәннат тұрғындарынан болған әйелдер туралы хабар берейін бе? Олар (өз күйеулеріне) ғашықтар! Егер олар күйлеріне бір әділетсіздік жасаса немесе өздеріне бір әділетсіздік жасалса, күйеулеріне келіп, екі қолын алақандарына қойып: «Сен разы болмайынша, көзімді жұмымаймын», – дейтіндер»».

Имам ән-Нәсәй өзінің «әл-Кубра» (5/361) жинағында сахих жолмен келтірді.

#әйел