Дастан Құрманбаев
21.5K subscribers
54 photos
11 videos
3 files
12 links
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Download Telegram
“Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт. Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт” дейді халық даналығында.

Баланың көзінше әйеліне “анау бол, мынау бол” деп кемшілігін тізіп айта берсе оны көрген баланың алдында анасының қадірі қандай болмақ?! Баланың шешесін қадірлемеуі осыдан шығады...

Ал баланың сана-сезімі, намысы, ұяты, жігері қалыптасып өсіп келе жатқанда айыбын ел көзінше жерге тығып айта берсе жас өскіннің сағы сынбай ма екен?! Өзіне деген сенімділігі төмендемей ме екен?! Жасықтық осыдан шығады...

#деген_екен