Жастық шақты, ондағы күш пен қайратты зиянды әдеттерге емес, игі істерге жұмсаған жастар — жарқын болашақтың кепілі!
Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.
Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы
Бүгін “Халықаралық балаларды қорғау күні” деп жатырмыз ғой. Біз оларды неден қорғаймыз? Қалай қорғаймыз? Әрине балаларымызды надандықтан, арсыздықтан және барлық жамандықтан жақсы тәрбие беру арқылы қорғаймыз!
Бұл күнде “балаларды қайда қыдыртамыз?”, “не сыйлаймыз?” деп бас қатырудан бұрын жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеген дұрыс!
Сондай-ақ “Ата-ананың баласына беретін ең жақсы нәрсесі — жақсы тәрбие” дейді хадисте.
Құрандағы “Өздеріңді және отбасыларыңды тозақ азабынан қорғаңдар” деген аяттағы “қорғауды” Әзірет Әли “жақсы тәрбие беріп, әдепке баулы арқылы жүзеге асады” деп түсіндірген.

Күллі надандық пен арсыздыққа, жалпы жаманшылық атаулының барлығына қарсы тұрып беретін жалғыз қамал ол — ИМАНДЫЛЫҚ!
Алла Тағалалан салихалы ұрпақ сұрау үшін Құрандағы мына дұғаны оқыңыз:
رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء
Уа, Раббым! Маған Өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете көр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің
“Әли Имран” сүресі, 38-аят

Ал бағып отырған балаларыңыздың салихалы болып өсуі үшін мына дұғаны оқыңыз:
رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِن ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ
Уа, Раббым! Өзімді де, ұрпағымды да намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете көр! Уа, Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете көр!
“Ибраһим” сүресі, 40-аят

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Махаббаттың қос жанары: Адалдық пен Беріктік.
Қадыр Мырза Әли
Қадыр Мырза Әли
Кімде-кім Алла үшін бір нәрсені тәрк етсе, Алла оған одан да жақсысын нәсіп етеді.
📚 Хадис
Арам жолмен келетін барлық нәрседен (ақша, төсек қатынасы т.б.) Алла Тағаладан қорыққаны, ұялғаны үшін бас тартқан адамға Алла Тағала дәл сол нәрселерді адал жолмен нәсіп етеді. Әрі ол анау харам жолмен келетінінен де жақсы болады.

ӨЗІҢЕ ЖАУ ЖИНАМА
⠀
Айша анамыз айтады: Бір күні Алла елшісінің (с.а.у.) үйіне бір адам келіп, кіруге рұқсат сұрады. Алла елшісі (с.а.у.) «Оған рұқсат беріңдер» деді де, «Қаумының оңбағаны!» деп айтты. Бірақ ол кірген кезде Алла елшісі (с.а.у.) онымен жұмсақ сөйлесті. Кейін мен Алла елшісінен (с.а.у.) «Ей, Алланың елшісі! Жаңағы сөздеріңізден кейін онымен жұмсақ сөйлескеніңіз қалай?» деп сұрадым. Алла елшісі (с.а.у.) «Ей, Айша! Қиямет күні Алла Тағаланың құзырындағы ең жаман адам – жамандығынан сақтану үшін барлығы одан қашқақтайтын адам» деп жауап берді. (әл-Бухари, Муслим)
⠀
Ибн Хажар бұл жердегі «жамандығынан сақтану үшін» дегенді «боқауыздарынан сақтану» деп түсіндірсе, басқа ғалымдар «жаман сөздері мен істерінен» деп түсіндірген.
⠀
Әбу Дәуіттің нұсқасында «Ей, Айша! Ең жаман адам – басқалар оны тілінің зәрінен сақтану үшін ғана құрметтейтін адам» деп келеді.
⠀
Ол өзін мұсылман етіп көрсетіп, бірақ мұсылмандарға қастандық ойлап жүрген Уяйна ибн Хисн есімді мұнапық еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) уахи арқылы оның мұнапық екенін білді де, басқаларға ескерту үшін оны «оңбаған» деп атады. Бірақ оны және оның қауымын шынайы иманға шақыру үшін бетіне ештеңе деп айтқан жоқ.
⠀
Имам ан-Науауи: Бұл хадистен кейбір адамдардың кесірінен сақтану үшін олармен жұмсақ сөйлесу керек екендігін түсінеміз... Бірақ пайғамбарымыз (с.а.у.) оның бетіне де, сыртынан да мақтап ештеңе айтпаған. (Шарху сахихи Муслим)
⠀
Бұл ондай адамға жағымпаздану керек деген сөз емес. Тек сәлем беріп, «Қалыңыз қалай?» деп, бір жымиюға болады деген сөз. Есесіне сіз оның «жаман сөздері мен істерінен» аман боласыз. Оның аузынан аққан «боққа» бола көңіл-күйіңізді түсірмейсіз. Бәрібір онымен салғыласқаннан ештеңе таппайсыз да. Оны жөнге салу, тәрбиелеу жағын мүлдем ойламай-ақ қойсаңыз да болады. «Бүкірді көр түзейді». Әйтпесе сізбен қастасып алып, қыр соңыңыздан қалмай қояды. Ол сіздің әріптесіңіз немесе бастығыңыз болуы мүмкін. Сізге сондай проблема керек пе? 😉

Баяғының ғалымдары өзінің де, өзгенің де уақытын қатты қадірлейтін, жоғары бағалайтын болған.
Әйгілі ғұлама Хасан әл-Басри: “Мен көрген кісілер (сахабаларды айтып жатыр) сендер қалай дирхамдарың мен динарларыңды далаға шашпайтын болсаңдар, олар да дәл солай уақыттарын құр босқа құртпайтын еді”, — дейді.
Тағы бір ғұлама уақыттарын не болса, соған жұмсап бостан-босқа өткізіп отырған адамдарды көріп “Шіркін, уақытты тауар сияқты сатуға, сатып алуға болатын болғанда ғой! Мыналардың уақыттарын сатып алар едім…” деген екен.
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма

Forwarded from Абылай Кенжалы
«Алдамшы үмітті күтіп жүрген пенденің қазіргі амалы құрдымға кете бастайды».
©️Хасан әл-Басри (рахимаһулла)
Әйтеуір қазір емес, бірақ болашақта іске асырамын. Оқуды, дамуды, жаттығуды қолға аламын. Руханиятымды қалыпқа келтіремін. Намаздарымның қазасын өтеп, тіл үйренермін, саяхаттармын. Әйтеуір қазір емес, күндердің бір күні…
#бос_үміт

Үш түрлі адамды Алла Тағала жақсы көреді: жасы ұлғайған сайын дүниеге деген махаббаты азайған адамды, байыған сайын жомарт бола берген адамды және атақ-абыройы асқан сайын қарапайым, кішіпейіл бола түскен адамды.
#дейді_ғалымдар
#дейді_ғалымдар
“Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт. Балаңа адам жоқ жерде ақыл айт” дейді халық даналығында.
Баланың көзінше әйеліне “анау бол, мынау бол” деп кемшілігін тізіп айта берсе оны көрген баланың алдында анасының қадірі қандай болмақ?! Баланың шешесін қадірлемеуі осыдан шығады...
Ал баланың сана-сезімі, намысы, ұяты, жігері қалыптасып өсіп келе жатқанда айыбын ел көзінше жерге тығып айта берсе жас өскіннің сағы сынбай ма екен?! Өзіне деген сенімділігі төмендемей ме екен?! Жасықтық осыдан шығады...
#деген_екен

Әбу Жағфар әт-Табари деген ғалым өлім аузында жатқан кезде қасындағылар бір сахабадан қалған дұғаны оқиды. Ғалым оны ести сала қағаз, қаламын алдырып жазып алады. Сонда адамдар “осындай хәлде жатқаныңда мұның саған не қажеті бар?” деп сұрайды. Бұл сұраққа ғалым “Адам білім алуды өле-өлгенше тастамауы керек!” деп жауап береді.
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
Ертеректе Басра мешітінің имамы болған Фарқат деген ғалым әйгілі (табаға табиғин) ғұлама Суфиян әс-Саури ауырып қалыпты деген хабарды естіп, көңілін сұрап барады. Барса, ғұлама қатты ауырып өлім аузында жатыр екен. Бір кезде көңілін сұрап келгендердің біреуі бір хадис айтады. Ол хадис Суфиян әс-Сауриге ұнап қалады да, дереу төсегінің астынан қағаз, қаламын шығарып жазып алады. Айналасындағы адамдар “Осындай жағдайда жатып несіне әуре боласыз?” дейді. Сонда ғұлама “Жақсы емес пе?! Тірі қалсам жақсы нәрсе естіген болам, өлсем жақсы нәрсе жазып кеткенім болам” деген екен.
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
📚 Әл-Ғилм уа бинә-ул Умма
Адамның бойындағы Алла Тағала жақсы көрмейтін (Құранда аталған) 8 жаман қасиет:
1. Алла кәпірлерді жақсы көрмейді. 3:32
2. Өркөкірек тәкаппарларды ұнатпайды. 16:23
3. Өйткені Алла ысырапқорларды ұнатпайды. 7:31
4. Алла ашық айтылған көңілге дақ түсіретін ауыр сөзді еш ұнатпайды. 4:148
5. Шүбәсіз, Алла шектен шығатындарды жақсы көрмейді. 2:190
6. Алла (аяттарын жоққа шығарып, күпірлік қылған һәм өзгелерді Өзіне серік етіп қосқан) залымдарды жақсы көрмейді. 3:57
7. Шүбәсіз, Алла опасыздарды мүлде ұнатпайды. 8:58
8. Шүбәсіз, Алла кеуде керіп, менменсіген мақтаншақтардың ешбірін ұнатпайды. 31:18