Ғұлама Әбу Бәкір Уаррақ (Алла оны рақымына алсын) бір әңгімесінде: “Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін маңайымдағы кісілерге қарап, кімнің адал ас, кімнің арам ас жегенін ажырата аламын”, – деді. Бұған таң қалған шәкірттері: “Ұстаз, оны қалай ажыратасыз?” – деп сұрағанда, ол: “Кімде-кім таң ата бос сөз, пайдасыз әңгімеге салынса, әркімді сырттай жамандап, бей әдеп сөз айта бастаса, оның бұл әрекеті арам ас жегендігінен туындауда деп түсінемін. Ал егер кімде-кім таңертең тұрғаннан кейін әуелі Алла Тағаланы зікір етіп, кешірім тілеп, истиғфар айтса, оның бұл әрекеті адал ас жегендігінен. Өйткені адал да, арам да адамның күнделікті іс-әрекетіне міндетті түрде әсер етеді”, – деген екен.
#жұма_уағызынан
#жұма_уағызынан
Сахаба Әмр ибн Ас (Алла оған разы болсын): «Жүрек – сырды сақтайтын орын. Еріндер – сол орынның кұлпы. Ал тіл – оның кілті. Сондықтан әрбір адам сырдың кілтіне мұқият болсын», – деп өсиет айтқан.
#жұма_уағызынан
#жұма_уағызынан
Төле би бабамыз:
“Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі –талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық”, –
деген екен.

Отбасы мүшелеріне жақсы көңіл-күй сыйлау, олармен қалжыңдасу, ойнау ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ сүннет амалдарына жатады. Бұлай істеу отбасылық өмірдің мәнін келтіріп, ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынасын нығайта түсері сөзсіз.
Хадисте: «Мұсылман адам үшін үш нәрседен басқамен көңіл көтерудің барлығы жалған: садағын атуы, атын үйретуі, әйелімен ойнауы. Расында, олардың да ақысы бар», – деп айтылған. (Ахмад)
Сондықтан да ер адамның отбасын асыраудан бөлек отбасы мүшелерімен бірге серуендеу, табиғатқа шығу, ойын ойнау сияқты істерге уақыт бөлу – сүннет амал.
Айша анамыз (Алла разы болсын) Алла Елшісімен ﷺ сапарда бірге болған кезіндегі мына оқиғаны баяндайды:
«Бір кезде Алла Елшісі ﷺ сахабаларына «алдыға қарай жүре беріңдер» деп бұйрық берді. Маған: «ал,кеттік, кім қаттырақ жүгіреді екен?» – деді. «Мен ол кісімен жарысып, озып кеттім». Осыдан бірнеше жыл өткеннен кейін мен тағы бір сапарға барғанымда ол кісі сахабаларына алдыңғы жолдағыдай «алдыға қарай жүре беріңдер», – деп бұйрық берді де, маған: «ал кеттік кім қаттырақ жүгіреді екен», – деді. Бұл уақытта мен алдыңғы жолғы жағдайды ұмытып та үлгерген едім. Салмағым да едәуір ауырлаған еді. Мен: «Уа,Алланың Елшісі, мен мына күйімде сізбен қалайша жарыспақпын?» – дедім. Ол кісі «болсаңшы, енді», – деді. «Мен жүгіре жөнелдім, бірақ бұл жолы Алланың Елшісі ﷺ мені озып кетті». Кейін ол кісі жымиып: «Бұл сенің алдыңғы жолғы озып кеткендігің үшін», – деді.
Ерлі-зайыптылар арасында қалжыңдасу жақсы амалға жатқызылғанымен, оның да өзіндік шегін білген жөн. Қалжыңға сүйеніп бір-бірін кемсітуге, төмен түсіруге, мазақ етуге болмайды. Әсіресе, жарының туыстары мен жақындарына, шыққан руына, ата-тегіне тіл тигізуден аса сақ болу қажет. Бұлай істеу адамның намысына тиіп, оның ашуына себеп болып, өзара қарым-қатынастың бұзылуына дейін алып келуі әбден мүмкін.

Құранда Алла Тағала 8 рет ант етіп барып “Сол нәпсіні (тәкаппарлық пен Аллаға қарсы келу дертінен) арылтқандар (Алланың ауыр азабынан) құтылып, мұратына жетеді”, — деп айтады.
Нәпсімен күресудің, оны тәрбиелеудің маңызын осыдан-ақ біле беріңіз, құрметті жамағат!