🧮 Halyk Finance сапасы нашар несиелер көбірек шоғырланған еліміздегі ірі бес банктің атын атады
Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі (NPL) банк жүйесінің сапасын анықтаушы негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Halyk Finance сарапшылары кезекті зерттеуінде сапасы нашар несиелердің (NPL) ең көп үлесі қай ірі банктерге тиесілі екенін анықтады.
Halyk Finance жүргізген зерттеуге және 2025 жылдың 1 қазанындағы несие портфелі деректеріне сәйкес, сапасы нашар несиелердің ең жоғары үлесі шоғырланған бес ірі банк анықталды. Олардағы үлестің жалпы сомасы 795,2 млрд теңге болып, банк секторындағы сапасы нашар несиелердің тең жартысынан көбін (55,4% ) құрады. Атап айтқанда олар:
▪️Alatau City Bank: 9,4%,
▪️Еуразиялық банк: 8,3%,
▪️Bereke Bank: 6,6%,
▪️Home Credit Bank: 6,1%,
▪️Kaspi Bank: 5,2%.
Жұмыс істемейтін несие (NPL немесе "90 күннен артық кешіктіру") — қарыз алушының сыйақы мөлшерлемелері мен негізгі қарызды өтеуін тоқтатқан "нашар" несие. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл қайтарылу мүмкіндігіне үлкен күмән келтірілетін несие.
Банк портфеліндегі NPL-дің жоғары үлесі банктің несиелік саясатының сапасы мен болашақ шығындарынан хабар беретін дабыл белгісі. Банктер осындай несиелер бойынша резервтер құруға міндетті, бұл олардың кірістілігін төмендетеді. Банк секторындағы барлық "нашар" несиенің жартысынан көбінің бес ірі банк маңына шоғырлануы реттеуші орган мен салымшылар үшін де маңызды көрсеткіш болып табылады. Жалпы, Қазақстандағы NPL-ға қатысты жағдай бақылауда болғанымен, жекелеген ойыншыларда бұл көрсеткіш мәнінің жоғары болуы олардан борышкерлермен неғұрлым мұқият жұмыс істеуді және тәуекелдерді басқаруды талап етеді.
Жалпы, 2025 жылы тамызда еліміздің банк секторындағы активтер, несиелер мен депозиттер қарқынды өсімді көрсетті. Алайда ең төменгі резервтік талаптардың қатаңдауы мен рентабельділік маржасындағы айырма төмендей бастаған:
✔️несиелердің жиынтық портфелі айына 2,8%-ға (+13,6%, жыл басынан бері: +24%) артып, 40,8 трлн теңге болды.
✔️бөлшек несиелер корпоративті несиелерге қарағанда тез өсті: айына +3,1% тиісінше +2,3%.
✔️тұтынушылық несиелер айына + 2,1% өсіп, портфельдің 39,2% үлесіне ие.
✔️несиелер бойынша орташа мөлшерлеме 18,7%-ға дейін төмендеді (заңды тұлғалар бойынша — 18,1%, жеке тұлғалар бойынша - 19,3%).
✔️жұмыс істемейтін несиелердің үлесі (NPL90+) тұрақты — 3,5%.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

❤1
❗️Суға шомылатын - Дуров, кінәлі - ұлттық парк қызметкері
Кеше, 2025 жылғы 7 қазанда әлеуметтік желіде Павел Дуровтың Алматы облысындағы Көлсай көлінде мұздай суға шомылған сәтінің видеосы тарады. Алайда 40 жастағы Telegram-ның негізін қалаушы бұл әрекетімен Қазақстан заңын бұзғанын аңдамай да қалған сыңайлы. Есесіне, оның бұл білместігі үшін ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жазаланатын болды.
Алдымен желідегі қызу талқыланып жатқан видеоға қатысты "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі мәлімдеме жасады:
Кейіннен ТАСС агенттігінің ресми сауалына да жауап берген мекеме заңды бұзған Павел Дуровтың өзіне айыппұл салынбайтынын нақтылап, оны былай түсіндірген:
Ал танымал кәсіпкерді Көлсайға шомылуына рұқсат берген саябақ қызметкерлеріне қандай тәртіптік шаралар қолданылатыны белгісіз. Бір белгілісі, шынымен де мұндағы көлге суға түсуге тыйым салынып, оны бұзғандарға айыппұл қарастырылатыны. Ал айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 39 320 теңге.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде "ВКонтакте" және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркінде мұздай суда шомылған сәті түсірілген видео тарауда. Осыған байланысты біз Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынатынын ескертеміз. Аталған жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеріс бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады".
Кейіннен ТАСС агенттігінің ресми сауалына да жауап берген мекеме заңды бұзған Павел Дуровтың өзіне айыппұл салынбайтынын нақтылап, оны былай түсіндірген:
"Біз оны оқиға орнынан ұстап алған да, көрген де жоқпыз. Оны қалай сырттай жазалаймыз? Оның үстіне ол Қазақстан азаматы емес...".
Ал танымал кәсіпкерді Көлсайға шомылуына рұқсат берген саябақ қызметкерлеріне қандай тәртіптік шаралар қолданылатыны белгісіз. Бір белгілісі, шынымен де мұндағы көлге суға түсуге тыйым салынып, оны бұзғандарға айыппұл қарастырылатыны. Ал айыппұл көлемі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 39 320 теңге.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️Қатаң ақша-несие саясаты әлі бір жыл өз күшінде болады - сарапшылар
Экономикадағы бағаларға түскен қысымның артуына байланысты инфляциялық күтулер көрсеткішін сарапшылар өсіру тұрғысында қайта қарады. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысушылар инфляцияның жылдық деңгейі келесі қазан айында 12,1% шамасында болуы ықтимал деп болжайды, ал бұл өткен айдағы болжамнан (11,4%) жоғары. Сәйкесінше, ұлттық валютамызға да түсетін қысым болады.
🧅Инфляция мен базалық мөлшерлеме
Сауалнамаға қатысқан қаржы нарығы өкілдерінің 73%-ы 10 қазандағы Ұлттық банк отырысында базалалық мөлшерлемені көтеру тұрғысында шешім қабылданады деп санайды. Ал қалғаны бұл реттегі көрсеткіш бұрынғы күйінде сақталады деп ойлайды.
Бірақ бір жылдан кейін инфляцияны бақылау және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлеме 16,5%-дан 15,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп болжайтындар да бар. Инфляциялық күтулерге мұнай бағасының динамикасы қосымша ықпал етуі мүмкін.
🛢Мұнай мен ұлттық валюта бағамы
Қаржы нарығының сарапшылары ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыруы ұсынысты көбейтіп, әлемдік бағаның төмендеуіне әсер етуі мүмкін деп санайды. Орташа алғанда, алдағы 12 ай барысында Brent мұнайының бір баррелінің құны 66,4 доллар деңгейінде қалыптасады (қыркүйекте — 66,7 доллар). Қазіргі инфляциялық және мұнай бағасының төмендеуі тұрғысында күтілетін жағымсыз ахуалға қарамастан ЖІӨ көрсеткіші қалыпты деңгейін сақтайды: бір жылдан кейін ЖІӨ көрсеткіші 4,8% болуы мүмкін (қазір - 6,5%).
Валюта нарығында бір ай ішінде бюджет қаражатын игеруді жеделдету, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты экономикадағы инвестициялық белсенділіктің және компаниялардың сыртқы есеп айырысуларының ұлғаюы аясында теңгенің біршама әлсіреуі күтіледі. Осы жағынан алғанда, бұл факторлар шетелдік валютаға деген сұранысты арттырады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Экономикадағы бағаларға түскен қысымның артуына байланысты инфляциялық күтулер көрсеткішін сарапшылар өсіру тұрғысында қайта қарады. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысушылар инфляцияның жылдық деңгейі келесі қазан айында 12,1% шамасында болуы ықтимал деп болжайды, ал бұл өткен айдағы болжамнан (11,4%) жоғары. Сәйкесінше, ұлттық валютамызға да түсетін қысым болады.
🧅Инфляция мен базалық мөлшерлеме
"Инфляциялық қысымның негізгі факторлары тарифтердің өсуі мен тұрғын үй-коммуналдық реформалар, жанар-жағармай мен импорт бағасының қымбаттауы, бюджет шығыстарының ұлғаюы, салық жүйесі мен бағалық реттеудегі алдағы өзгерістер болып табылады. Мұндай жағдайда Ұлттық банк ақша-несие саясатын қатаңдатуға мәжбүр болуы мүмкін", делінген сауалнама нәтижесінде.
Сауалнамаға қатысқан қаржы нарығы өкілдерінің 73%-ы 10 қазандағы Ұлттық банк отырысында базалалық мөлшерлемені көтеру тұрғысында шешім қабылданады деп санайды. Ал қалғаны бұл реттегі көрсеткіш бұрынғы күйінде сақталады деп ойлайды.
Бірақ бір жылдан кейін инфляцияны бақылау және баға тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлеме 16,5%-дан 15,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін деп болжайтындар да бар. Инфляциялық күтулерге мұнай бағасының динамикасы қосымша ықпал етуі мүмкін.
🛢Мұнай мен ұлттық валюта бағамы
Қаржы нарығының сарапшылары ОПЕК+ елдерінің өндірісті арттыруы ұсынысты көбейтіп, әлемдік бағаның төмендеуіне әсер етуі мүмкін деп санайды. Орташа алғанда, алдағы 12 ай барысында Brent мұнайының бір баррелінің құны 66,4 доллар деңгейінде қалыптасады (қыркүйекте — 66,7 доллар). Қазіргі инфляциялық және мұнай бағасының төмендеуі тұрғысында күтілетін жағымсыз ахуалға қарамастан ЖІӨ көрсеткіші қалыпты деңгейін сақтайды: бір жылдан кейін ЖІӨ көрсеткіші 4,8% болуы мүмкін (қазір - 6,5%).
Валюта нарығында бір ай ішінде бюджет қаражатын игеруді жеделдету, ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға байланысты экономикадағы инвестициялық белсенділіктің және компаниялардың сыртқы есеп айырысуларының ұлғаюы аясында теңгенің біршама әлсіреуі күтіледі. Осы жағынан алғанда, бұл факторлар шетелдік валютаға деген сұранысты арттырады.
Қараша айының басында USD / KZT жұбы бойынша ақша бағамы 544,1 теңге деңгейінде болады деп болжанады, ал бір ай бұрын 1 АҚШ долларының бағасы 541,6 теңге болады (ағымдағы деңгейден+1,7%) деп күтіледі.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️Питер Фостер "Эйр Астана" басшылығынан кетеді
Алайда бұл 2026 жылдың наурызында болады. Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады.
Ал оның орнын әуе компанияда 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ибрахим Жанлыел басатын болады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Алайда бұл 2026 жылдың наурызында болады. Фостер компаниялар тобымен байланысын сақтап, директорлар кеңесіне аға кеңесшісі ретінде өз қызметін жалғастырады.
Ал оның орнын әуе компанияда 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ибрахим Жанлыел басатын болады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️“Азаматтарға арналған үкіметтегі” шенді заңсыз алтын өндіру ісі бойынша сотқа тартылуда
ШҚО-да Ұлан ауданы, Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген.
Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
ШҚО-да Ұлан ауданы, Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Тергеу барысында "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ директорының орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірге әрекет ете отырып, кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырғаны анықталды. Осы мақсатта олар өз бақылауындағы "EastGoldStone" ЖШС-ны тіркеп, пайдаланған.
Алтын өндіру жұмыстары екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы жүргізілген.
Атқарылған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты.
Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатқа сот санкциясымен бұғаттау қойылды.
Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
🚙 Жол апатында зардап шеккен тарапқа төленетін сақтандыру төлемі екі есеге ұлғаюы мүмкін
Мәжілісте жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тарапқа берілуі тиіс сақтандыру төлемдерінің жаңа мөлшерлемелерін қарастыратын құжат қаралуда. Оның көлемі екі есе өсуі мүмкін. Мәселен, қазіргі жағдайда көлікке зақым келген кезде міндетті автосақтандыру бойынша төлемнің ең жоғары сомасы 600 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни 2025 жылы 2 359 200 теңгені құрайды. Алайда, көп ұзамай бұл сома екі есе артуы ықтимал.
Қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға (МЖӘ) енгізілген өзгерістер мен түзетулер жөніндегі заң жобасын қарауда.
Құжатта денсаулыққа зиян келтіргені үшін жол-көлік оқиғасынан (ЖКО) зардап шеккендерге төленетін сақтандыру төлемдерінің мынадай шекті мөлшерін белгілеу ұсынылады:
▪️мүгедектікке әкеліп соқтырмаған жарақаттар – 300 АЕК дейін (2025 жыл бойынша 1 179 600 теңге);
▪️ІІІ- топтағы мүгедектікке ұшырату - 1 000 АЕК дейін (3 932 000 теңге);
▪️ІІ-топтағы мүгедектікке ұшырату - 2 400 АЕК дейін (9 436 800 теңге);
▪️І-топтағы мүгедектікке ұшырату - 3 200 АЕК дейін (12 582 400 теңге);
▪️баланың мүгедектікке ұшырауы - 2 000 АЕК дейін (7 864 000 теңге);
▪️кісі қазасы - 4 000 АЕК дейін (15 728 000 теңге);
Егер зардап шеккен адам бірнешеу болса, онда әрқайсысына берілетін төлем 1200 АЕК болуы мүмкін. Алайда зардап шеккендердің санына қарамастан жалпы шекті көлем бар – барлығына 4 000 АЕК, яғни 2025 жылғы есеп бойынша 15 728 000 теңге. Төлем алынған залалға қарай пропорционалды түрде тағайындалады.

Зардап шеккен адамның стационарда емделген әрбір күні үшін сақтандыру компаниясы кем дегенде 2 АЕК (7 864 теңге) төлеуге тиіс. Бірақ жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіргені үшін сақтандыру төлемінің сомасын 1 200 АЕК (4 718 400 теңге) дейін ұлғайту жоспарлануда.
Егер зардап шеккен адам бірнешеу болса, онда әрқайсысына берілетін төлем 1200 АЕК болуы мүмкін. Алайда зардап шеккендердің санына қарамастан жалпы шекті көлем бар – барлығына 4 000 АЕК, яғни 2025 жылғы есеп бойынша 15 728 000 теңге. Төлем алынған залалға қарай пропорционалды түрде тағайындалады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылы 8 қазанда экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.
Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.
Айта кетсек, кейбір сарапшы бұл кеңесте Ұлттық Банктің Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемеге қатысты 10 қазанда қабылдауы тиіс шешіміне қатысты мәселелер талқыланған болуы мүмкін деп топшылайды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, қаржы нарығы өкілдерінің 73 пайызы базалық мөлшерлеме тағы көтеріледі деп санайды. Сондай-ақ америкалық банк - JP Morgan Қазақстанда базалық мөлшерлеме кем дегенде 100 б.п-ға өсетінін болжайды. Ал бұл Қазақстанда несиелер қымбаттап әрі қолжетімсіз бола түсетінін білдіреді. Оның тікелей себебін мына арадан оқи аласыздар.

👎2
🛻 Электромобильдерге көшу: Депутат тарифтік жеңілдік режимінің мерзімін ұзартуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов елімізге электромобильдерді әкелуде енгізілген тарифтік жеңілдік режимі жақсы нәтиже көрсетті деп санайды. Алайда Қазақстан нарығында "жасыл" көлікке сұраныс әлі де жоғары екенін айтқан ол бұл реттегі тарифтік жеңілдік режимі мерзімін тағы үш жылға ұзартуды ұсынады.
Алайда, оның айтуынша, жалпы көлік паркіндегі электромобильдердің үлесі әлі де шамалы: Қазақстанда тек қана 0,5%, ал Қытайда 35%, Норвегияда 80%, Еуропалық Одақ елдерінде 22% - дан астам көлемді құрайды. Оның деректері бойынша, Қазақстанда 6,4 миллионнан астам автомобиль тіркелген, оның ішінде жүрілгеніне 10 жылдан асқаны 70%-дан астам, олар қазіргі заманғы автомобильдерге қарағанда ауаға 5-7 есе көп зиянды заттар шығарады. Бұл проблема, әсіресе ірі қалаларда айқын көрінеді. Мысалы, Алматыда экологиялық мониторинг деректері бойынша, ауаның ластануының 80% -ы дәл автокөліктерге тиесілі.
Сөйткен ол бұл ретте мынандай ұсыныстарды алға тартады:
✔️жеңілдік режимнің қолданыс мерзімін кемінде үш жылға ұзарту, қажет болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия алдында осы мәселеге бастамашылық жасау;
✔️электромобильдерге арналған тоқ беру станцияларын қоса алғанда, жалпы инфрақұрылымдарды дамытуды қолдау;
✔️отандық өндірушілер мен инвесторлардың электромобильдер мен олардың компоненттерін құрастыруы және өндіруін ынталандыру шараларын қабылдау.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тарифтік жеңілдікпен электромобильдерді әкелуде бекітілген лимит таусылуға жақындап қалғанын ескерткен болатын.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов елімізге электромобильдерді әкелуде енгізілген тарифтік жеңілдік режимі жақсы нәтиже көрсетті деп санайды. Алайда Қазақстан нарығында "жасыл" көлікке сұраныс әлі де жоғары екенін айтқан ол бұл реттегі тарифтік жеңілдік режимі мерзімін тағы үш жылға ұзартуды ұсынады.
"Жеңілдік шарттарын енгізу электромобильдерге айтарлықтай әсер етті: егер 2022 жылы елімізге тек 1 245 электромобиль әкелінсе, ал 2024 жылы оның саны 15 700 бірлікке, яғни 12 есеге өсті. Бұл сектор енді ғана өз экожүйесін құра бастады: жаңа жұмыс орындары, қызмет көрсету орталықтары, жергілікті құрастыру алаңдары, инфрақұрылым дегендей... Оған параллель тоқ беру станцияларының желісі дамуда: олардың саны 200-ден 1200-ге дейін өсті, оның ішінде Алматыда 400-ден астам, Астанада 300-ге жуық, Шымкентте және облыс орталықтарда тағы 500-і бар", - дейді ол Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына жолдаған депутаттық сауалында.
Алайда, оның айтуынша, жалпы көлік паркіндегі электромобильдердің үлесі әлі де шамалы: Қазақстанда тек қана 0,5%, ал Қытайда 35%, Норвегияда 80%, Еуропалық Одақ елдерінде 22% - дан астам көлемді құрайды. Оның деректері бойынша, Қазақстанда 6,4 миллионнан астам автомобиль тіркелген, оның ішінде жүрілгеніне 10 жылдан асқаны 70%-дан астам, олар қазіргі заманғы автомобильдерге қарағанда ауаға 5-7 есе көп зиянды заттар шығарады. Бұл проблема, әсіресе ірі қалаларда айқын көрінеді. Мысалы, Алматыда экологиялық мониторинг деректері бойынша, ауаның ластануының 80% -ы дәл автокөліктерге тиесілі.
"Біз кеңінен қолдауға ие болып, бірақ әлі де бастауында қалып келе жатқан азаматтардың электромобильдерге көшу үрдісін қолдау өте маңызды деп санаймыз. Өйткені бұл шара қалаларымызды, тіпті Астанаға үйреншікті жағдайға айналып үлгерген улы түтіннен қорғауға мүмкіндік береді. Ал электромобильдерді әкелуге арналған жеңілдік режимінің қолданыс мерзімі 2025 жылдың соңында аяқталады, содан кейін оларға қатысты баға 30-40%-ға өсуі мүмкін, бұл сұраныстың төмендеуіне және экологиялық көлік қолданысы өсімінің баяулауына әкеліп соғады. Аталған жеңілдіктің күшінің жойылуы біздің қалалардағы ауаны тазарту перспективаларын бұзып, сондай-ақ экологияның одан әрі нашарлауына әкеледі деп есептейміз", - дейді депутат.
Сөйткен ол бұл ретте мынандай ұсыныстарды алға тартады:
✔️жеңілдік режимнің қолданыс мерзімін кемінде үш жылға ұзарту, қажет болған жағдайда Еуразиялық экономикалық комиссия алдында осы мәселеге бастамашылық жасау;
✔️электромобильдерге арналған тоқ беру станцияларын қоса алғанда, жалпы инфрақұрылымдарды дамытуды қолдау;
✔️отандық өндірушілер мен инвесторлардың электромобильдер мен олардың компоненттерін құрастыруы және өндіруін ынталандыру шараларын қабылдау.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті елімізге тарифтік жеңілдікпен электромобильдерді әкелуде бекітілген лимит таусылуға жақындап қалғанын ескерткен болатын.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
🏗 Құрылыс компанияларына салған тұрғын үй кешендерінің сапасына бес жылға (қазір екі жыл) кепілдік беруі міндеттелмек
Осындай норманы қарастыратын жаңа Құрылыс кодексінің жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінің ұсынысы бойынша жаңа Құрылыс кодексінің жобасында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарт адамдар, жалпы баршаға кедергісіз және жайлы жағдай жасаудың міндетті талаптары белгіленіп көрсетілген. Бұл, негізінен, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, көлік тораптарына және автотұрақтарға қатысты болып келеді. Бұған тұрғын үй кешендері аудандарындағы және мекемелердегі ашық автотұрақтарда қозғалыс мүмкіндігі шектеулі көліктер үшін орындар бөлу жайы да жатады.
Сонымен қатар аумақтардың болашақтағы дамуын ескере отырып, инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалау мен орналастыруға, сондай-ақ қуаттандыру станцияларын көлік және энергетикалық жүйелерге біріктіруге міндетті талаптар қарастырылады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Осындай норманы қарастыратын жаңа Құрылыс кодексінің жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұл ретте депутаттар құрылымға, шатырға, қасбетке бөлек 10 жыл кепілдік мерзімін белгілеуді ұсынып отыр. Бұл ұсыныс екінші оқылымда қарастырылатын болады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінің ұсынысы бойынша жаңа Құрылыс кодексінің жобасында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарт адамдар, жалпы баршаға кедергісіз және жайлы жағдай жасаудың міндетті талаптары белгіленіп көрсетілген. Бұл, негізінен, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, көлік тораптарына және автотұрақтарға қатысты болып келеді. Бұған тұрғын үй кешендері аудандарындағы және мекемелердегі ашық автотұрақтарда қозғалыс мүмкіндігі шектеулі көліктер үшін орындар бөлу жайы да жатады.
Сонымен қатар аумақтардың болашақтағы дамуын ескере отырып, инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалау мен орналастыруға, сондай-ақ қуаттандыру станцияларын көлік және энергетикалық жүйелерге біріктіруге міндетті талаптар қарастырылады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
🧰 Вячеслав Ким "Батыс транзит" АҚ басқармасының құрамына енді
Бұл туралы Қазақстан қор биржасына ұсынылған хабарламада айтылады. Сонымен қатар Вячеслав Ким компанияның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.
Осылайша "Батыс транзит" басқармасының құрамы бес адамнан тұратын болды:
✔️Дархан Мәуітқанов, басқарма төрағасы;
✔️Қали Қалиев, басқарма мүшесі;
✔️Қуат Айтмұхаметов, басқарма мүшесі;
✔️Бағлан Сафарбекова, басқарма мүшесі;
✔️Вячеслав Ким, басқарма мүшесі.
"Батыс транзит" АҚ 2005 жылы қарашада ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша "Солтүстік Қазақстан — Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісінің құрылысы"жобасын іске асыру үшін құрылды. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, "Батыс транзит" АҚ акциялары пакетінің 80%-ы, яғни 24 000 данасы "Мехэнергострой" ЖШС-ға тиесілі, қалған 6 000 данасы ( 20% ) "KEGOC"АҚ-ға тиесілі.
Айта кетсек, 2025 жылы шілде айында банкті кәсіпкер Вячеслав Ким сатып алған болатын. Бұған дейін банк Tele2/Altel-мен Jusan Mobile жобасы бойынша жұмысты тоқтатып, ребрендинг жасаған еді.

🧮 Шетел валютасында жинақ көп шоғырланған еліміздегі бес банктің аты аталды
Ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін екінші деңгейдегі банктерде жатқан халықтың салымдарының көлемі 2025 жылғы қыркүйекке қарай 26 трлн теңгеге жетті, оның 22,6 трлн теңгесі (+ 19,3%) мерзімді салымдарды құрайды. Оның ішінде жыл бойында көлемі 10,3%-ға өскен шетел валютасындағы мерзімді салымдарға 4,8 трлн теңге тиесілі.
Мерзімді салымдар - депозиттік бөлшек нарықтың тартымды сегменті. Мерзімді емес салымдар мен ағымдағы шоттардан айырмашылығы, халық оған қаражат жинау үшін ақша салады. Өз кезегінде, жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары мерзімді салымдар нарығының 20%-дан астамын тұрақты түрде құрап, белгілі бір сұранысқа ие. Себебі адамдар ақшасын тиімді жинақтау үшін теңгемен қатар, шетел валютасында да салымдарының болғанын қалайды.
Ranking.kz мәліметінше, Қазақстанның ірі банктері арасында шетел валютасындағы халықтың мерзімді салымдарының жылдық өсімі бойынша абсолютті көшбасшы - Bank RBK болып табылады: +34,8%, 202,2 млрд теңгеге дейін. Шетелдік және ұлттық валютадағы мерзімді салымдардың жиынтық көлемі аталған банкте 27,9%-ға, 538,9 млрд теңгеге дейін өскен. Өз кезегінде жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 17,1%-ға, яғни 609,9 млрд теңгеге дейін, ал халық пен бизнестің салымдарын қамтитын жалпы депозиттік көлем 16%-ға, яғни 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Мәселен, Bank RBK-тің артықшылығы сыйақысында: кеңінен қолданысқа ие бір депозитіндегі сыйақы мөлшерлемесі 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ-10%-дан 18,3%-ға дейін) көтерілген, сондай-ақ қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайды.
Жалпы, сектордағы алдыңғы қатардағы үздік 10 банкте мерзімді шетелдік валюта салымдары түрінде жиынтығы 4,7 трлн теңге көлеміндегі ақша (өсім — жылына 10,4%), ал басқа банктерде 2,4 млрд теңге (+6%) жатыр. Екінші деңгейдегі банктердегі жалпы салымдар (теңге және шетел валютасындағы) көлемі 2025 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 44,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 16,8%-ға өскен, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 58,4%-ды (немесе 26,1 трлн теңге) құрайды. Бөлшек салымдардың жалпы көлемінің 99,7%-ы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктерде сақталған: бұл жоғарыда аталған 26 трлн теңге.

ЕДБ арасында шетел валютасындағы халықтың мерзімді салымдарының жылдық өсімі бойынша екінші орында Bereke Bank тұр: +29,9%, 68,9 млрд теңгеге дейін. Банк ЦентрКредит бұл ретте үздік үштікті түйіндейді: + 20,8%, 794,6 млрд теңгеге дейін. Үздік бестікке Freedom Bank (жылына +16,8%) және Kaspi Bank (+16,2%) те енеді.
Жалпы, сектордағы алдыңғы қатардағы үздік 10 банкте мерзімді шетелдік валюта салымдары түрінде жиынтығы 4,7 трлн теңге көлеміндегі ақша (өсім — жылына 10,4%), ал басқа банктерде 2,4 млрд теңге (+6%) жатыр. Екінші деңгейдегі банктердегі жалпы салымдар (теңге және шетел валютасындағы) көлемі 2025 жылдың 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 44,7 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 16,8%-ға өскен, оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 58,4%-ды (немесе 26,1 трлн теңге) құрайды. Бөлшек салымдардың жалпы көлемінің 99,7%-ы Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктерде сақталған: бұл жоғарыда аталған 26 трлн теңге.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️Қазақстанда енді ең төменгі жалақы мөлшері халықаралық стандартқа сәйкес есептелетін болады
Сенат даму деңгейі әртүрлі елдердің ерекшеліктерін ескеретін Ең төменгі жалақы туралы конвенцияны мақұлдады. Енді ең төменгі еңбекақыны есептеу кезінде мемлекет халықаралық стандартқа сай экономикалық жағдай мен жұмыскерлердің нақты қажеттіліктерін ескеруге міндетті болады.
Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, енді ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) анықтау кезінде үш негізгі фактор ескеріледі:
▪️жұмыскерлердің қажеттіліктері;
▪️өмір сүру құны;
▪️елдегі экономикалық жағдай.
Сенат төрағасы Маулен Әшімбаев жаңа конвенцияның ең маңызды ерекшелігі – экономикалық көрсеткіштерден гөрі нақты адамның, яғни жұмыскердің өмірлік қажеттіліктеріне назар аудару екенін атап өтті.
Маулен Әшімбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Бұл — елдегі медиандық жалақының 30 пайызына және орташа жалақының 21 пайызына тең.
Жаңа есептеу тәсілі күшіне енген соң, ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде жұмысшының күнкөріс деңгейі мен нақты қажеттіліктері басты өлшемге айналмақ.

"Ең төменгі жалақы мөлшерін үкімет белгілейді. Бірақ бұл үдеріс тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жұмысшылар мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен жүруі тиіс", – деді ол.
Сенат төрағасы Маулен Әшімбаев жаңа конвенцияның ең маңызды ерекшелігі – экономикалық көрсеткіштерден гөрі нақты адамның, яғни жұмыскердің өмірлік қажеттіліктеріне назар аудару екенін атап өтті.
Маулен Әшімбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Бұл — елдегі медиандық жалақының 30 пайызына және орташа жалақының 21 пайызына тең.
Жаңа есептеу тәсілі күшіне енген соң, ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде жұмысшының күнкөріс деңгейі мен нақты қажеттіліктері басты өлшемге айналмақ.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
🧑🌾 Қазақстан азаматтары жұмыс істеу үшін қай елге жиі барады - министрлік жауабы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгін Сенат дәлізінде журналистер қойған сұраққа жауап бере отырып, қанша қазақстандықтың жұмыс істеу үшін шетелге кеткенін айтты.
Ертаев бүгінгі таңда шетелде барлығы 126 мың қазақстандық еңбек етіп жүргенін жеткізді. Атап айтқанда, оның ішінде:
▪️102 мыңы - Ресейде,
▪️15 мыңы – Оңтүстік Кореяда,
▪️2 мыңы - Ұлыбритания мен ЕО елдерінде.
Оның айтуынша, корей тарапы онда заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты шаралар қабылдауды талап етуде.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгін Сенат дәлізінде журналистер қойған сұраққа жауап бере отырып, қанша қазақстандықтың жұмыс істеу үшін шетелге кеткенін айтты.
Ертаев бүгінгі таңда шетелде барлығы 126 мың қазақстандық еңбек етіп жүргенін жеткізді. Атап айтқанда, оның ішінде:
▪️102 мыңы - Ресейде,
▪️15 мыңы – Оңтүстік Кореяда,
▪️2 мыңы - Ұлыбритания мен ЕО елдерінде.
"Бұл арада мынандай тағы бір мәселе бар. Біз барлық елдермен жұмыспен қамтуды реттеу туралы шарттарға отырмағанбыз. Ұлыбританиямен біз биыл осындай меморандум жасастық. Оңтүстік Кореямен арадағы келісім әлі қаралуда, екі жыл болды, осы елдегі саяси жағдайға байланысты кідірістер бар. Күзде қайта жанданады деп ойлаймыз, біз бұл келісімді соңына дейін жеткізуге тырысамыз, өйткені ондағы 15 мың азаматтың 11 мыңы заңсыз жұмыс істеп жүр. Бұл арада міндетті түрде нақты шаралар қабылдау қажет", - деді бірінші вице-министр.
Оның айтуынша, корей тарапы онда заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты шаралар қабылдауды талап етуде.
"Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз өтінім беріп қойдық, келесі тарап оны қарастыруда. Менің ойымша, жыл соңына дейін біз Оңтүстік Корея мен еңбек министрлігіндегі әріптестерімізбен бұл келісімді біржақты етіп қаламыз", - деп сөзін түйіндейді ол.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❤2😁1
❗️Елімізде өз-өзін асырай алатын және күні трансферттерге қараған өңірлердің аты аталды
Қаржы министрлігі ұсынған дерекке сүйенсек, тамыз айында өңірлер 909,4 млрд теңге салық жинаған, биылғы сегіз айдағы бюджетке түскен жалпы салық көлемін 5,7 трлн теңгеге жеткізе отырып (1 тамызда 4,8 трл теңге болған). Осылайша өңірлердің салық түсімі маусым мен шілдедегі төмендеуден кейін 56% өсімді көрсетіп, жыл басынан бергі ең нәтижелі кезеңдердің бірі ретінде тіркелді.
Салық түсімдері үлесі табысының 70%-ын құрайтын экономикалық белсенділігі жоғары еліміздегі үш өңір көш басында келеді:
💰Алматы — 1 409,6 млрд теңге (табысындағы үлес - 91,8%);
💰Астана — 778,9 млрд (71,8%);
💰Атырау облысы — 587,3 млрд (92,2%).
Ал салық түсімі ең аз өңірлер:
▪️Қызылорда — 89,3 млрд,
▪️Солтүстік Қазақстан облысы — 87,7 млрд,
▪️Ұлытау — 84,8 млрд,
▪️Жетісу — 71 млрд теңге.
Өңірлердің табыс құрылымы олардың қаржылық тәуелсіздігін айқын көрсетеді.
50–70% аралығындағы үлес — шартты түрде фискалдық тұрғыда тәуелсіз аймақтар: Павлодар (62,9%), Алматы облысы (63,3%), Ұлытау (62,5%), Маңғыстау (51,1%)
Ал 30%-дан төмен үлес – орталыққа қаржылай тәуелді өңірлер: СҚО (24,9%), Жамбыл (23,4%), Жетісу (19,4%), Қызылорда (17,5%), Түркістан (15,2%).
Шығын мен табыс арақатынасы
Қаржылай тұрақты өңірлердің кейбірі салықтан көп жинап, аз жұмсайды. Биылғы сегіз ай брысында Атырау облысы әр 1 теңге салыққа 0,96 теңге жұмсаған, ал Алматы — 0,88 теңге. Бірақ Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында жағдай керісінше: әрбір 1 теңге салық 5–6 теңге трансфертпен қолдау табады. Бұл өңірлердің салық базасы әлсіз, ал әлеуметтік шығындары жоғары дегенді білдіреді.

"Жалпы, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша аймақтардың табыс құрылымындағы салық үлесі орташа есеппен 46,5% ғана. Бұл өңірлік бюджеттердің тең жартысы орталықтан бөлінетін трансферттер есебінен қалыптасатынын білдіреді. Өңірлік қаржының тұрақтылығын арттыру үшін салық базасын кеңейту, кәсіпкерлік пен қайта өңдеу салаларын дамыту, жұмыс орындарын құру және жергілікті елдімекендерге инвестициялар тарту қажет. Тек осы жағдайларда ғана орталықсыздандыру шарасы тиімділік танытып, аймақтар тек ақшаны жұмсап қана қоймай, өз кірістерін дербес қалыптастыра алатын нақты жағдайға жетеді", - дейді экономист Руслан Сұлтанов.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❤1
🧮 Еліміздегі орташа және медианалық жалақының көлемі жариялады
2025 жылдың сәуір айында Ұлттық статистика бюросы жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысына қатысты зерттеу жүргізгені белгілі болды. Оның нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады.
▪️орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы – 289 673 теңге,
▪️жоғары білімділердікі – 497 563 теңге,
▪️ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы – 672 493 теңге болды.
Ал Сіз қандай жалақы алып жүрсіз?..
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
2025 жылдың сәуір айында Ұлттық статистика бюросы жалақы мөлшері бойынша жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысына қатысты зерттеу жүргізгені белгілі болды. Оның нәтижесінде жұмысшылардың медианалық жалақысы 317 512 теңгені құрады.
"Өткен жылы медиана жалақысы, яғни жалақы мөлшерінің тең жартысынан жоғары және керісінше төмен болатын орталық көрсеткіш 285 677 теңге болған. Осылайша, медиана жалақысының мөлшері бір жыл ішінде 11,1% өскен", деп нақтылайды бюродағылар.
▪️орта білімді жұмысшылардың ай сайынғы орташа жалақысы – 289 673 теңге,
▪️жоғары білімділердікі – 497 563 теңге,
▪️ал жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысы – 672 493 теңге болды.
Ал Сіз қандай жалақы алып жүрсіз?..
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
🧕Елімізде әйелдер де ер адамдар секілді 63 жаста зейнетке шығады ма
Қазақстанда бүгіндері ер адамдар 63 жаста, ал әйелдер 61 жаста зейнетке шығады.
Алайда, БЖЗҚ мәліметінше, әйелдердің зейнетке шығу жасы жақын болашақта ерлермен теңестіріледі, яғни бұл мақсатқа 2031 жылы қол жеткізілмек.
🦸♀️2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;
👵2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;
👳♀️2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;
👳2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;
👳2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.
Яғни, 2031 жылы Қазақстанда ер адам да, әйел адам да 63 жаста зейнеткерлікке шығатын болады.

💩1
🏡 Қазақстанда 2026 жылы тұрғын үй бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін
Мұндай болжаммен қаржы сарапшысы Айбар Олжай бөлісті. Оның пікірінше, құрылыс компанияларына енгізілетін жаңа салық талаптары мен инфляция деңгейі баспана құнының қымбаттауына тікелей әсер етеді.
Сарапшының айтуынша, келесі жылдан бастап сатылатын пәтерлерге құрылыс компаниялары қосымша құн салығын (ҚҚС) енгізеді. Бұл өз кезегінде баспана бағасының шарықтауына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар Айбар Олжай биыл инфляция деңгейі шамамен 11 пайыз екенін атап өтті.
Маманның болжамынша, заңнамалық өзгерістер күшіне енбей тұрған уақытта тұрғын үй нарығында алып-сату мәмілелері көбеюі мүмкін. Себебі азаматтар ескі талаптармен келісімшарт жасап үлгеруге тырысады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Мұндай болжаммен қаржы сарапшысы Айбар Олжай бөлісті. Оның пікірінше, құрылыс компанияларына енгізілетін жаңа салық талаптары мен инфляция деңгейі баспана құнының қымбаттауына тікелей әсер етеді.
Сарапшының айтуынша, келесі жылдан бастап сатылатын пәтерлерге құрылыс компаниялары қосымша құн салығын (ҚҚС) енгізеді. Бұл өз кезегінде баспана бағасының шарықтауына әкелуі мүмкін.
"Әрине, нарықта белгілі бір түзетулер болады. Өйткені жылдың аяқталуына 2,5 айдан аз уақыт қалды. Ал 2026 жылдың басынан бастап сатылатын пәтерлерге қосымша құн салығы (ҚҚС) енгізіледі. Бұл бағаның кем дегенде 16 пайызға өсуіне себеп болады", — дейді ол.
Сонымен қатар Айбар Олжай биыл инфляция деңгейі шамамен 11 пайыз екенін атап өтті.
"Егер осы инфляцияны және қосымша құн салығын қоссақ, келесі жылы, нақтырақ айтқанда 2026 жылдың бірінші және екінші тоқсанында баспана бағасы айтарлықтай қымбаттайды", — дейді ол.
Маманның болжамынша, заңнамалық өзгерістер күшіне енбей тұрған уақытта тұрғын үй нарығында алып-сату мәмілелері көбеюі мүмкін. Себебі азаматтар ескі талаптармен келісімшарт жасап үлгеруге тырысады.
“Осы жылдың соңғы тоқсанында нарықта белсенділіктің артуы ықтимал. Жалпы, 2025 жылдың соңында нарықта белсенділіктің артқаны байқалса, 2026 жылдың басында тұрғын үй қымбаттауы мүмкін”, деп түйіндейді өз сөзін сарапшы.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❗️Салық төлегісі келмей, шекара асқан кәсіпорын директоры БАӘ-ден экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен салық төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.
"2018-2020 жылдар аралығында ол коммерциялық кәсіпорын директоры бола тұра, корпоративтік табыс және қосылған құн салығын төлеуден жалтарып, мемлекетке 293 млн теңгеден аса залал келтірген. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті жасырынып, бір жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде болды. Биыл қыркүйекте ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша құқық қорғау органдарына берілді", делінген ресми хабарламада.
Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
👍1
❗️Ресейден контрабандалық жолмен ағылған бидай қазақ диқаншыларын шырылдатып жіберді
Ресейдің арзан астығы Қазақстанға қайта лап қойды. Бұл жайт мұндағы бағаны төменге қарай "сүйреуде". Қазақстан астық одағының мәліметінше, соңғы кездері елімізге, атап айтқанда, ШҚО, СҚО және Қостанай облыстарына Сібірден контрабандалық жолмен астық жаппай тасымалданып жатыр. Осыған байланысты одақ ресейлік астықты елімізге автомобильмен әкелуге тыйым салу қажеттігін сұрайды.
Сібірдегі бидайдың бағасының қымбаттауына келетін болсақ, оның бірнеше себептері бар: сұраныс жоқ, элеваторлар толып кеткен, тасымал субсидияланбайды.
Ресейлік астықтың Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдау тамыз айында басталып, қазір қарқын алып тұр, оны тоқтату да мүмкін болмауда.
Ал KazGrain Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы импортқа тыйым салу мәселені шешпейді деп санайды. Оның пікірінше, алдымен шекарада тәртіпті қалпына келтіру керек.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
Ресейдің арзан астығы Қазақстанға қайта лап қойды. Бұл жайт мұндағы бағаны төменге қарай "сүйреуде". Қазақстан астық одағының мәліметінше, соңғы кездері елімізге, атап айтқанда, ШҚО, СҚО және Қостанай облыстарына Сібірден контрабандалық жолмен астық жаппай тасымалданып жатыр. Осыған байланысты одақ ресейлік астықты елімізге автомобильмен әкелуге тыйым салу қажеттігін сұрайды.
"Құжаттарда 18 тонна деп көрсетілгенімен, іс жүзінде 40 тонна тасымалданған. Оның ақысы, негізінен қолма-қол ақшамен төленеді. Сібірде баға арзандап кеткен, сондықтан элеваторлар астыққа толып, тауар кім көрінгеннің қолына арзанға кетіп жатыр. Олардағы элеватор мәселесі біздікінен де өткір. Маусым айының басында-ақ олардың қамбасының тең жартысы толып, мәселе өзектілік танытқан", - дейді Астық одағының өкілі Евгений Карабанов.
Сібірдегі бидайдың бағасының қымбаттауына келетін болсақ, оның бірнеше себептері бар: сұраныс жоқ, элеваторлар толып кеткен, тасымал субсидияланбайды.
"Диқандарға бидайды Сібірден елдің басқа қиырына жеткізу қымбатқа түседі. Оның үстіне орталықта жақсы өнім жиналады, ал төртінші сортты бидайдың оларға қажеті жоқ. Баға содан төмендеп жатыр. Сондықтан оны Қазақстанға әкеліп жатыр", - дейді сарапшы.
Ресейлік астықтың Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдау тамыз айында басталып, қазір қарқын алып тұр, оны тоқтату да мүмкін болмауда.
"Шекара өткелдері салмақ өлшеу жүйесімен жабдықталғанша жүк көліктері тасымалына тыйым салу керек. Барлық шекара өткелдерін бұл құрылғымен жабдықтаудың қажеті жоқ, әр облыста екі-үшеуін орнатуға болады және міндетті түрде астық тасымалы тек сол бекеттер арқылы жүзеге асырылса. Әйтпесе,контрабанда ішкі бағаға ауыр "соққы" болып тиюде", - дейді Карабанов.
Ал KazGrain Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы импортқа тыйым салу мәселені шешпейді деп санайды. Оның пікірінше, алдымен шекарада тәртіпті қалпына келтіру керек.
"Егер мәселе кәсіби түрде шешілмесе, біз мәңгілік осы тыйыммен өмір сүре береміз. Тыйым салу - бұл шешім емес. Олар бүгін тоқтайды, содан кейін ертең қайтадан жанданады", - деген ол контрабандамен қатаң бақылау, есепке алуды цифрландыру және сауданың ашықтығы секілді жүйелі әрі кешенді шаралар арқылы күресу керектігін қадап айтады.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance
❤2😡1
🚦 Qarzhy Saqshysy: қаржылай қауіпсіздікке арналған ұлттық цифрлық бастама
Қазақстанда қаржылық сауат пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған ауқымды республикалық компьютерлік ойын — Qarzhy Saqshysy өтті.
Жоба 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық қағидаты аясында ұйымдастырылды.
Игі бастама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігі мен AML Academy бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Негізгі мақсат - жасөспірімдер мен жастардың қаржылық тәуекелдерге қарсы иммунитетін қалыптастыру, цифрлық ортадағы қауіптерді дер кезінде тануға үйрету. Интерактивті ойын форматында қатысушылар виртуалды қаржыны басқару арқылы нақты өмірде жиі кездесетін қауіп-қатерлермен бетпе-бет келді. Олар дропперлік схемалардың белгілерін ажыратуды, қаржылық пирамидаларды тануды, фишингтік сайттарды шынайы сервистерден айыруды тәжірибе жүзінде меңгерді.
Жобаға еліміздің барлық өңірінен 800 мыңнан астам 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері қатысып, бұл бастаманың ауқымы мен өзектілігін айқын көрсетті. Қорытынды кезеңде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар құнды сыйлықтармен марапатталады.
Qarzhy Saqshysy - қаржылық сауатты, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыру жолындағы жүйелі қадам. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасын тауып, қаржылай қауіпсіздік мәдениетін нығайтатын тұрақты ұлттық дәстүрге айналмақ.

👍2