Dala Finance
497 subscribers
91 photos
882 links
🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром

💻 IT, финансы, финтех

Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар

@dalareklanabot
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАДБ басшысымен кездесіп, халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарын талқылады.

2024 жылдың қорытындылары:

✔️ банк Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар қаржы салды;
✔️ инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60%-ға жетті.

Инвестиция:

✔️ банк елімізге 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында 3,8 млрд доллар инвестиция құю жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

2025 жылға жоспар:

✔️ жалпы сомасы 4,5 млрд доллардан асатын жобалар ұсынылды;
✔️ мына салаларға 1 млрд доллардан астам инвестиция салу көзделген:
- энергетикалық нысандарды жаңғырту;
- жаңартылатын энергия көздері;
- көлік және логистика салаларын дамыту;
- республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу;
- инфрақұрылым нысандарының құрылысы;
- өнеркәсіп және цифрлық технологиялар.

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Айта кетсек, Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. 2025 жылғы жағдай бойынша, ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 млрд долларды құрайтын 305 жоба енген; негізгі бағыттары: көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏗 "Наурыз-2025" ипотекалық бағдарламасы бойынша алғашқы заем берілді

Бүгінгі таңда Отбасы банк "Наурыз" бағдарламасы бойынша барлығы 1 047 кредиттік өтінімді мақұлдады. Алғашқы заем кісі қолына тиіп те үлгерді.

Биылғы жылғы "Наурыз" бағдарламасы бойынша алғашқы қолжетімді несиені Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны Бексұлтан Қазиуллин ресімдеді. Ол жедел медициналық жәрдем станциясында 🧑‍🔬фельдшер болып жұмыс істейді. Облыс тұрғыны Оралда бастапқы нарықтан онлайн-ипотека арқылы пәтер сатып алды.

Банк сайтындағы мәліметке сүйенсек,"Наурыз" бағдарламасына қатысушылар тізіміне 12 000 қазақстандық ілінген, оның 4 577-сі немесе 38,1% тұрғын үйге кезекте тұр. Олардың жартысына жуығы (16,8%) халықтың әлеуметтік осал санатына жатады.

Бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі республикалық маңызы бар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрады. Бұл - 7 880 адам. Облыстық маңызы бар қалалардан бағдарламаға 3 506 адам кірді, тағы 560 банк клиенті аудандарда және 54 салымшы моноқалаларда тұрады. Қатысушылардың басым бөлігі немесе 7 112 адам - 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас қазақстандықтар. Олар, әдетте үйленген және балалары бар болып келеді. "Наурыз 2025" бағдарламасына қатысушылар пулында 25% - тұрғын үй төлемдерін алушылар, яғни әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
🤛 Жыл басынан бері 12 мыңнан астам банктік шотты арнайы прокурорлар бұғаттады

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, 2,1 млрд теңгеден астам есірткіден түскен кірістерді қамтитын бұл шоттар үшінші бір тұлғаларға (дропперлерге) рәсімделген.

Олардың 5 млрд теңгеден астам соманы құрайтын мүлкі, 6 млн доллар болатын криптовалютасы бұғатталды.
Биылғы жылдың үш айында аталған алаяқтық түрінің үлесі 3,9%-ға төмендеді. Жалпы шығын 41,4 млрд теңгені құрайды, бұл - өткен жылғы нәтижелерден екі есе аз көлем. 11,7 млрд теңге өтелді. Асылов өтемақы бойынша жұмысты күшейтуді уәде етті.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️ Астанада астыртын жұмыс істеп келген майнинг ферма табылды

Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жұмыс істеп келген заңсыз майнинг ферма табылды. Қаланың бір ауданы айына тұтынатын электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Қаржылық мониторинг агентттігінің мәліметінше, заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер 143 млн теңгеден асады.

Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.

Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу түрінде жаза тағайындады.

Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік (Toyota Camry, Nissan Juke) және майнинг жабдықтары тәркіленді.

Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Ескерте кетсек, заңсыз майнинг ферма жұмыс істейтін өңірлердегі елдімекендерде жарықтың жөн-жосықсыз сөну құбылысы тән.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈 "Қызып кету". Елімізде алғаш рет банктер капиталының жеткіліктілігіне буферлер қолданылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ) нәтижелері бойынша алғаш рет банктер капиталының жеткіліктілігіне буферлерді қолданды.

Стресс-тестілеу қорытындысы бойынша есептелетін буферді енгізу негізгі жаңашылдықтың бірі болды. Оның мөлшері тәуекел деңгейіне қарай сараланған активтер мен шартты міндеттемелер сомасының 0%-нан 3%-на дейінгі аралықты қамтиды. Бұл шешім банктердің ықтимал экономикалық күйзелістерге орнықтылығын арттыруға және бүкіл сектордың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған.

Қадағалап стесс-тестілеу 2024 нәтижелері бойынша агенттік әрбір банкке стресс-тестілеу қорытындылары мен капиталға қатысты буфер мөлшері туралы ақпаратты қамтитын ұсынымдары бар хат жіберді.

Айта кетсек, агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, ол бірнеше негізгі рәсімнен тұрады: SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) кешенді бағалауы, активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеу (ҚСТ).

Бұған дейін несие нарығының "қызып" кетуіне байланысты Ұлттық Банк капиталдың секторлық контрциклді буферін енгізу туралы шешім қабылдағанын жазғанбыз. Бұл шара халықты кредиттеуге қатысты енгізіледі және халықты кредиттеу сегментінде тәуекел өлшенген активтердің 2%-ы мөлшерінде белгіленеді.

Бұл ретте, екінші деңгейлі банктер аталған талапты 2026 жылғы 1 сәуірден бастап орындай бастайды. Осылайша, банктерге капиталды жинақтау және жаңа секторлық ККБ талаптарын орындау үшін 12 айлық өтпелі кезең беріледі. Бұл талап банктер үшін қолданыстағы жеткіліктілік нормативіне қосымша ретінде енгізіледі.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
⚡️Қазбек Құсайынов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) ұйымдық құрылымының өзгеруіне, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС құзыреттер орталығы қызметінің кеңеюіне байланысты кейбір блоктардың функциялары қайта қаралды. Атап айтқанда, корпоративтік дамуға жауапты блок күшейтілді, ал газ жобаларын басқару бағыты мұнай және газ өндіру блогына қайта берілді.

Ұлттық компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазбек Қайнарбекұлы Құсайынов ҚМГ-ның стратегиялық және корпоративтік дамуына, тұрақты даму мен ESG, жобаларды басқару тиімділігін арттыруға, сондай-ақ декарбонизация және экология мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Құсайынов еңбек жолын 2000 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ-да әкімшілік департаментінің маманы болып бастады. Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ активтерді басқару департаментінің бас маманы, "ҚазТрансГаз" АҚ-да басшылық қызметтерді атқарды. "M&SE" ЖШС бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың тамыз айынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі — тәуелсіз директоры болды.

Қазбек Құсайынов компаниядан өз еркімен кеткен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешевтің орнына келді.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance
🤛 Павлодарда шетелдік компаниялардың ірі қаржылық бұзушылығы анықталды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүргізу барысында шетелдік компаниялардың Павлодар кәсіпорындары алдындағы 1 млн 665 мың АҚШ долларынан астам сомаға орындалмаған міндеттемелерінің фактілерін анықтады.

"Павлодарда ауылшаруашылығы өнімдерін (астық, картоп, күнбағыс тұқымдары және т.б.) сыртқа экспорттаған бірқатар кәсіпорындар одан түскен ұлттық және (немесе) шетел валютасындағы түсімдерді банктік шоттарға салмаған. Резидент "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндетті", делінген департамент хабарламасында.

Павлодар қалалық және облыстық соттарының қаулыларымен резидент-кәсіпорындар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 215 млн теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Соттардың қаулылары заңды күшіне енді.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance