Codeo
220 subscribers
70 photos
5 videos
1 file
171 links
IT әлемінен қазақ тілінде жаңалықтар, кеңестер, технологиялар туралы қызықты мәліметтер жазылатын канал.

Чат: @codeo_chat (it жаңалықтармен бөлісуге және пікіралмасуға арналған)
Download Telegram
#Google қауіпсіздік ақауын тапқандар үшін берілетін сыйақыны 50%-ға көтерді ал #Microsoft болса сыйақысын екі еселеді. Яғни, егер енді Microsoft өнімдерінен ақау тапсаңыз $15,000 орнына $30,000, ал Google өнімдерінен тапсаңыз $20,000 орнына $31,337 сыйақы аласыз.

Қауіпсіздік ақаулары үшін сыйақы төлеу соңғы жылдары ірі компанияларда өте кеңінен қолданылуда. Сәйкесінше мұндай науқандарға қатысатын хакерлер мен ізенімпаздардың саны да жылдан жылға артып келеді. Бірақ, әрине, кез-келген ақауға берілетін баға жоғарыдағыдай емес, әр ақау категорияға жатқызылып, қауіптілік деңгейіне қарай сыйақы беріледі.

https://goo.gl/9iwOrC
#Microsoft #CodePlex open-source бағдарламалар репозиторийын өшіретінін жариялады. Барлық пайдаланушыларға #GitHub-қа өту ұсынылып жатыр.

2006 жылы іске қосылған бұл сайт, open-source әлеміндегі жаңа қадам болатын. Өйткені, ол жерде кез-келген бағдарламашы жобасының репозиториін ашып, басқалармен бөлісе алатын еді. Бірақ, Microsoft айтуы бойынша жоба ақырындап ақырына жақындап келеді. Соңғы 30 күн ішінде 350 жобаға ғана коммит жасалған. Қазіргі кезде, GitHub open-source жобалар үшін де факто орынға айналып, осы бағыттағы ең басты ойыншы екенін де дәлелдеді.

GitHub немесе басқа жерге ауысу үшін пайдаланушыларға толығымен жағдай жасалған. Уақыт та жеткілікті, сайт осы 15 желтоқсан күні өшіріледі.

https://goo.gl/8UKVRz
#Microsoft 11 сәуірден бастап #Vista жүйесін қолдауды тоқтатты. Пайдаланушылар жүйені пайдалана беруіне болады, бірақ олар Microsoft-тан жаңартулар ала алмайды. Яғни, бұл жүйеде жаңадан түзетулер мен қауіпсіздік жаңартулары болмайды.

Windows Vista 2007 жылдың қаңтар айында жарық көрді. Жүйе жасалып жатқан кезде Longhorn деген атпен беглілі болған. ZDNet баспасының нұсқасы бойынша Vista ең кем тараған жүйелердің бірі.

https://png.cmtt.space/paper-media/7a/ce/26/671a512a53b25f.jpg