#Twitter құлдырауынан тағы бір жаңалық, компанияның қоластындағы #Fabric компаниясын #Google сатып алды. Fabric мобильді бағдарламалаушыларға құрал-жабдық жасаумен айналысады. Жасаған нәрселерінің ішінде #Crashlytics, #Answers, #Digits, #FastLane секілді құралдарды атап өтуге болады. Қазіргі кезде Fabric 2.5 миллион құрылғы мен 580 мың бағдарламалаушыға қызмет көрсетуде. Fabric компаниясы үшін шын мәнінде ештеңе өзгермейді. Google компанияны дәл қазіргі бағытта дамытуға ықпалды екенін атап өтті.
Бұған дейін Twitter Vine видесервисін жауып, 9% қызметкерлерін қысқартқан болатын. Компания барынша шығындарды азайтуға тырысуда.
https://techcrunch.com/2017/01/18/google-twitter-fabric/
Бұған дейін Twitter Vine видесервисін жауып, 9% қызметкерлерін қысқартқан болатын. Компания барынша шығындарды азайтуға тырысуда.
https://techcrunch.com/2017/01/18/google-twitter-fabric/
TechCrunch
Google acquires Fabric developer platform and team from Twitter
Google is taking over Twitter’s mobile app developer platform Fabric, as well as its Crashlytics crash reporting system, Answers mobile app analytics, Digits SMS login system and FastLane development automation system. Twitter launched Fabric as a modular…
#Google қауіпсіздік ақауын тапқандар үшін берілетін сыйақыны 50%-ға көтерді ал #Microsoft болса сыйақысын екі еселеді. Яғни, егер енді Microsoft өнімдерінен ақау тапсаңыз $15,000 орнына $30,000, ал Google өнімдерінен тапсаңыз $20,000 орнына $31,337 сыйақы аласыз.
Қауіпсіздік ақаулары үшін сыйақы төлеу соңғы жылдары ірі компанияларда өте кеңінен қолданылуда. Сәйкесінше мұндай науқандарға қатысатын хакерлер мен ізенімпаздардың саны да жылдан жылға артып келеді. Бірақ, әрине, кез-келген ақауға берілетін баға жоғарыдағыдай емес, әр ақау категорияға жатқызылып, қауіптілік деңгейіне қарай сыйақы беріледі.
https://goo.gl/9iwOrC

#Google эксперимент ретінде пайдаланушының салған суретін жақсартатын, жасанды интелект алгоритмдері негізінде жұмыс жасайтын графикалық редакторды іске қосты. #AutoDraw пайдаланушының қандай сурет салғанын тауып, басқа өзінің жетік суретін ұсынады.
Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.
https://www.autodraw.com/
Сервис AI Experiments жобасы аясында жасалған. Бұл жобаны 2016 жылдың күзінде Google бастаған болатын.
https://www.autodraw.com/
Pockemon Go ойыны кімнің есінде? Ұшуы тез болған ойынның ұмытылуы да тез болды. Бірақ толықтырылған виртуалды шындық бағытын бір толқытып тастады.
#Google толықтырылған виртуалды шындық жобаларын жазуды оңайлататын ARCore SDK-сын таныстырды. Платформа қазір превью режимінде, оған қарамай қазірден бағдарламалар жазып бастауға болады.
#ARCore Tango платформасы негізінде жасалған, бірақ кез-келген мобильді құрылғыларда жұмыс жасай алады. Бастапқы кезде олар Pixel және Samsung S8, ал кейін уақыт өте келе құрылғылар саны 100 млнға дейін көбейеді.
Жаңа SDK Java/OpenGL, Unity және Unreal технологияларымен жұмыс жасай алады. Келесі функционалдарды береді:
- қимылды бақылау
- қоршаған ортаны түсіну
- виртуалды объектілерге түсетін жарықты есептеу
Мысал ретінде Google Blocks және Tilt Brush бағдарламаларын жазды. Бағдарламалар кодтарын Github сайтынан таба аласыздар.
https://www.youtube.com/watch?v=ttdPqly4OF8

Android Developers Blog
ARCore: Augmented reality at Android scale
The latest Android and Google Play news and tips for app and game developers.