AUEZOV UNIVERSITY
Photo
«АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЗАҢГЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚПЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Конституциялық соты судьясы, ҚР Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында заңгерлік қауымдастықпен көшпелі кездесуі өтті.
Ресми басқосуға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Конституциялық соты судьясы, ҚР Бас прокуратура және БАҚ өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Жиынды оқу ордамыздың Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Заки жүргізіп отырды. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров, ҚР Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев, ҚР Конституциялық Соты Аппаратының өтініштерді бастапқы қарау және қабылдау бөлімі меңгерушісі Салтанат Нұрымбетова, Бас Прокурордың аға көмекшісі Ерік Асанов, Шымкент қаласы заң кеңесшілері палатасы төрағасының орынбасары Бауыржан Маханов сынды заң өкілдері арнайы баяндама жасап, Конститутциямыздың негізгі қағидалары мен құндылықтары туралы пікірлерімен бөлісті.
ҚР Конституциялық Сотының судьясы Еркін Оңғарбаев Конституциялық Соттың қызметі және оның ұлттық заңнаманы жетілдірудегі рөлі туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, судья өз сөзінде азаматтардан он жарым мыңнан астам өтініш келіп түскенін һәм конституциялық бақылау органының мандатына қатысты өтініштердің басым көпшілігі қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, жер, салық және әлеуметтік заңнаманың нормаларына қатысты екенін атап өтті.
Судьяның айтуынша, Конституциялық Сот өз қызметіне кіріскеннен бері 400-ге жуық қаулы қабылдағанын, олардың ішінде 72 қорытынды шешім заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын тексеру нәтижелері бойынша қабылданғанын айтты.
Сонымен қатар көшпелі кездесуде баяндама жасаған Дархан Жұмақанұлы универсиетіміздегі заң ғылымдарының елеулі жетістіктерін атап өтіп, алдағы мақсаттарымен бөлісті. Оған қоса Ата заңның қоғамдағы орны мен құқықтық сана қалыптастырудағы рөліне тоқталды.
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті - жоғары білікті кадрларды даярлауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын, елдің инновациялық - индустриялық және әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми қамтамасыз ететін, ғылымның, білім мен инновациялардың тығыз интеграциясы негізінде жоғары білікті кадрларды даярлау іске асырылатын қазіргі заманғы ғылыми-білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған, оңтүстік өңірдің ғылыми-білім беру, зияткерлік және мәдени орталығы болып табылатын елдің ірі көпсалалы жоғары оқу орыны ретінде қалыптасты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы — бұл тек өткенге көз жүгірту ғана емес, келешекке нақты жоспар құрып, заң үстемдігі мен әділеттілікті одан әрі нығайтуға ұмтылатын сәт. Осы мерейтой аясында университетіміз де жаңа ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың әлеуетін дамытуға белсенді түрде ат салысайық. Ата Заңымыз берік, тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын, - деп атап өтті университет басшысы өз сөзінде.
Кездесуде университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар Ата заңның құқықтық нормалары мен өзге де мәселелер төңірегінде спикерлерге сауалдарын жолдап, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.
Ата заңымыздың айбыны асқақ, тұғыры биік болсын!

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ МЕН «ЛЕЙТЕНАНТ» ӘСКЕРИ АТАҒЫН БЕРУ РӘСІМІ
Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 шілдедегі №176-ОҚ бұйрығы негізінде, әскери кафедрада запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық курсын аяқтаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің 176 түлегіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргені туралы дипломмен бірге алғашқы «лейтенант» әскери атағын салтанатты түрде табыстауға арналған рәсім өткізілді.
Іс-шарада университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев, қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, әскери кафедра бастығы, полковник Жақып Кенжебаев түлектерге сәттілік тілеп, құттықтау тілектерін білдірді. Түлектерге дипломдары мен алғашқы «лейтенант» әскери атағының погонын табыстады.

ЦЕРЕМОНИЯ ВРУЧЕНИЯ ДИПЛОМОВ И ВОИНСКОГО ЗВАНИЯ «ЛЕЙТЕНАНТ» ВЫПУСКНИКАМ АУЭЗОВ УНИВЕРСИТЕТА
Сегодня, на основании приказа министра обороны Республики Казахстан №176-ОҚ от 9 июля 2025 года, состоялось торжественное вручение первого воинского звания «лейтенант» 176 выпускникам Южно-Казахстанского исследовательского университета имени М. Ауэзова, завершившим полный курс военной подготовки по программе офицеров запаса на военной кафедре с дипломом об окончании организации высшего и послевузовского образования.
На мероприятии проректор университета по академическим вопросам Ернар Имангалиев, проректор по связям с общественностью и культуре Садыбек Бейсенбаев, проректор по социальной и воспитательной работе Гани Бесбаев, начальник военной кафедры полковник Жақып Кенжебаев пожелали выпускникам успехов и поздравили их с выпуском. Выпускникам вручили дипломы и погоны первого в их жизни воинского звания "лейтенант".

❤1