AUEZOV UNIVERSITY
708 subscribers
15.4K photos
863 videos
3 files
710 links
Download Telegram
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
АБАЙДЫҢ ЖАҢА НҰСҚАДАҒЫ БАСЫЛЫМЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Сүйінші, қазақ елі! Әуезов университеті «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығында хакім Абайдың 180 жылдығына орай «АБАЙ. МҮРСЕЙІТ ҚОЛЖАЗБАЛАРЫНА СҮЙЕНІП ЖАСАЛҒАН ТРАНСКРИПЦИЯ» атты су жаңа кітап жарыққа шықты. Абай туралы іргелі туынды еліміздің ең беделді баспаларының бірінен 2000 данамен жарық көрді.

Кітап авторлары: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Қалшабек және PhD докторант Әзімхан Исабек.

Еңбектің қалың оқырманға жетуіне себепші болып, демеушілік еткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров.

Еңбекте Абайдың бүкіл мұрасын көшірген Мүрсейіт Бікіұлы қолжазбалары текстологиялық-терминологиялық тұрғыда салыстырылған. Сонымен қатар кітапта Абайдың Халиоллаға жазған хатының түпнұсқасы, транскрипциясы берілген. Транскрипция барысында Абай шығармаларын көшірген Мүрсейіт Бікіұлы, Рахым Жандыбаев, Оразке Уақбайұлының қолжазбалары салыстыра пайдаланылды. Тағы бір құнды дүние, Абайдың 1910 жылғы қолжазба факсимилесінің толық нұсқасы жарық көріп отыр.

(Жаңа туындыға Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Мекемтас Мырзахметұлы пікірін жазып, ақ батасын берген болатын.)

Бұл кітап ұзақ жылдар бойғы еңбектің жемісі. Абай мұрасын осындай мәтінде жарыққа шығару ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің арманы болған. Айта кету керек, жаңа туынды хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналады.

Іргелі еңбек 712 беттен тұрады.
2
AUEZOV UNIVERSITY
Video
📣 Жастар тәжірибеден өтіп, дамып жатыр!

Қазақстан Республикасы Үкіметіне жастарға қолдау көрсетіп, еңбекке баулу бағытындағы маңызды бағдарламаларды жүзеге асырып жатқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

🔹 «Жастар практикасы»
🔹 «Менің жазғы каникулым»

осы бағдарламалар аясында мектеп бітірушілер, колледж және университет студенттері түрлі бөлімдерде жұмыс істеп, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтап келеді. Бос уақыттарында кітапханада білімдерін толықтырып, өзін-өзі дамытуға мән беріп жүр.

📌 М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті әрдайым жұмыс беруші ретінде мұндай әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысып, жастардың тәжірибе алуына жағдай жасап келеді.

💬 Шакрат Балайым, ЖТ-23-9к2 тобының студенті:
«Бізге осындай мүмкіндік беріп, еңбек етуге, тәжірибе жинауға жол ашқаны үшін Үкіметке алғыс айтамыз. Өз мамандығымызды терең түсінуге, еңбекке деген жауапкершілікті сезінуге үлкен әсер берді. Бұл біз үшін – болашаққа сенімді қадам!»

🤝 Еліміздің болашағы – білімді де белсенді жастардың қолында. Осындай мүмкіндік үшін мемлекетімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
3
Forwarded from Sayasat Nurbek
ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2025 жылғы 13 шілде мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды
egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынылады.
 
ҰБТ шекті баллдары
Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті баллдар белгіленген:
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;
ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;
басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.
Естеріңізге сала кетсек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.
Ауылдық жерлерден шыққан және әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерді қолдау мақсатында қабылдау науқаны аясында арнайы шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, гранттар конкурсына қатысу барысында мемлекет бекіткен квоталар бар.

Айта кетейік, 2025 жылы «Цифрлық университет» қағидатын жүзеге асыру жалғасуда: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

——-

НАЧАЛСЯ ПРИЕМ ЗАЯВЛЕНИЙ ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ ГРАНТОВ

С 13 июля по 20 июля 2025 года осуществляется прием заявлений от абитуриентов для участия в конкурсе грантов. Подать документы можно как онлайн через портал
egov.kz, так и через центры приема при университетах (в любом вузе по месту нахождения).

Для участия в конкурсе грантов абитуриентам необходимо предоставить удостоверение личности, сертификат ЕНТ, фото размером 3×4 и аттестат о среднем образовании (диплом для выпускников организаций ТиПО). Также другие подтверждающие документы для участие в конкурсе грантов по льготным категориям.
 
Пороговые требования ЕНТ
Для участия в конкурсе грантов и зачисление на платное обучение установлены следующие пороговые баллы по результатам ЕНТ:
для направлений «Право» и «Педагогические науки» необходимо набрать не менее 75 баллов,
для «Здравоохранения и социального обеспечения (медицина)» – не менее 70 баллов;
для поступления в национальные вузы – не менее 65 баллов, в другие вузы – не менее 50 баллов;
для Казахского национального университета водного хозяйства и ирригации – не менее 50 баллов.
Напомним, что вузы имеют право самостоятельно устанавливать свои пороговые баллы для участия в конкурсе по присуждению образовательных грантов и обучения на платной основе.

Для абитуриентов из сельской местности и социально уязвимых слоев населения предусмотрены специальные меры поддержки в рамках приемной кампании. В частности, при участии в конкурсе грантов действуют установленные государством квоты.

Отметим, что в 2025 году продолжается реализация принципа «Цифрового университета»: большинство процессов автоматизированы, что повышает прозрачность конкурсного отбора.

Список имен обладателей образовательного гранта будут опубликованы до 10 августа.
2
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс саяси және құқық университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.
 «Ұлы Жібек жолының тарихы мен мәдениеті» тақырыбында баяндама жасаған М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Заң факультетінің магистранты А.Б. Макулбек Қазақстанның еуразиялық мәдени кеңістікті дамытуға қосқан үлесіне назар аударды.
Конференция өзара құрмет пен ашық диалог рухында өтіп, Қазақстан-Қытай академиялық әріптестігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
____

Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова укрепляет международное сотрудничество

Представители Южно-Казахстанского университета имени М. Ауэзова приняли участие в международной конференции, прошедшей в Северо-Западном университете политических наук и права (г. Сиань, КНР). 
С докладом на тему «История и культура Великого Шёлкового пути» выступил магистрант факультета юриспруденции ЮКУ имени М. Ауэзова А.Б. Макулбек, акцентировав внимание на вкладе Казахстана в развитие евразийского культурного пространства. 
Конференция прошла в атмосфере взаимного уважения и конструктивного диалога, став важным шагом к укреплению казахстанско-китайского академического партнёрства. 
__

M. Auezov South Kazakhstan University Strengthens International Cooperation

Representatives of M. Auezov South Kazakhstan University took part in an international conference held at the Northwest University of Political Science and Law in Xi’an, People’s Republic of China.
A presentation on the topic “History and Culture of the Great Silk Road” was delivered by a master's student of the Faculty of Law at M. Auezov SKU, A.B. Makulbek, who emphasized Kazakhstan’s contribution to the development of the Eurasian cultural space.
The conference took place in an atmosphere of mutual respect and constructive dialogue, marking an important step toward strengthening Kazakh-Chinese academic partnership.
3
AUEZOV UNIVERSITY
Photo
⚜️Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды

16–27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғайды. Бұған қосымша ұлттық құраманың сапында 18 жаттықтырушы мен 6 ресми өкіл бар.

Жазғы Универсиада Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалалары мен Германия астанасы Берлинде өтеді. Бұл – Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) бастамасымен ұйымдастырылатын ірі халықаралық жарыс.

🔗 Толығырақ: gov.kz

⚜️На летних Универсиадах в Германии честь страны представят 76 спортсменов

С 16 по 27 июля в регионе Рейн-Рур в Германии пройдет XXXII Всемирная летняя Универсиада, на которой честь страны будут защищать 76 спортсменов в 12 видах спорта. Кроме того, в состав национальной сборной входят 18 тренеров и 6 официальных представителей.

Летняя Универсиада пройдет в городах Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм, а также в столице Германии – Берлине. Это крупное международное соревнование организовано по инициативе Международной федерации студенческого спорта (FISU).

🔗 Подробнее: gov.kz
1
Жазғы Универсиадаға Әуезов унмверситетінің екі жас спортшысы қатысады

16–27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада ел намысын 12 спорт түрінен 76 спортшы қорғайды.
Жазғы Универсиада Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм қалалары мен Германия астанасы Берлинде өтеді. Бұл – Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) бастамасымен ұйымдастырылатын ірі халықаралық жарыс.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен қатысатын студенттеріміз:

☑️«Спорт және туризм» факультетінің СТ-22-3р тобының студенті Таджибуллаев Махсут (бадминтон).

☑️ "Спорт және туризм" факультетінің СТ-23-3р1 тобының студенті Ахмедова Нодира (таеквондо). Спортшыларымыз ҚР құрама командасы артынан жарысқа түседі.

Жас спортшыларымызға жарыс жолында сәттілік тілейміз!
🔥3